Қазақ әдебиеті | Иген Хасенұлы

Хасенұлы Иген (1942 ж.т.) – баспагер, жазушы, аудармашы, қазақ энциклопедиясының іргетасын қалаушылардың бірі. [1].
1965 ж. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1965—70 жж. Республика халық шығармашылығы үйінде драматургия бөлімінің редакторы, 1971-97 жж. Қазақ энциклопедиясы бас редакциясында ағағылыми редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың 1-орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақ энциклопедиясының қазақ тілінде жатық сөйлеуіне, ғылыми терминдердің қалыптасуына мол қызмет жасады. Балаларга арналған "Ол кім? Бұл не?", "Негеш", "Алматы", " .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Орысбай Әбділдаұлы

Орысбай Әбділдаұлы (11.3. 1939 жылы туылған, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы) — жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты.[1] 1962 ж. Ж.Жабаев атындағы № 23 ауыл шаруашылығы механикаландыру училищесін, 1968 ж. ҚазМУ-ді бітірді. "Балдырған" журналында, "Лениншіл жас" газетінде[2], 1980-94 ж. "Жалын" баспасында, 1994-97 ж. "Жеті жарғы" баспасында жұмыс істеді. 1997 жылдан "Жетісу" газетінің бөлім меңтерушісі. "Сымбат" (1969), .....
Рефераттар
Толық

Төреғали Төреәлінің анасы "тентек" ұлының даулы оқиғалары туралы айтты

Күні кеше Алматыда отандық әнші Төреғалидің "Ұлы дала комедиясы" атты фильмінің тұсаукесері өтті. «Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысады» демекші, тұңғыш ұлының тырнақалды туындысын көруге келген әртістің анасы қатты қобалжып, қорыққанын жасырмады. Ол өзінің "ерке әрі тентек" ұлының қылықтары мен даулы оқиғалары туралы NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.
Жаңалықтар
Толық

Қазақ әдебиеті | Несіп Жүнісбайұлы

Несіп Жүнісбайұлы, спорт журналисі, жазушы, Қазақстан Республикасының Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы һәм Жоғары ұлттық дәрежедегі төрешісі, спорт .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Жақсылық Сәмитұлы

Жақсылық Сәмитұлы (8.5.1940 жылы туылған, Қытай, Алтай аймағы, Жеменей ауданы Жәке ласты) — жазушы. Шыңжаң унверситетін бітірген (1959), Қытайда жүргізілген мәдени төңкеріс жылдары "ұлтшыл” атанып, 1959 — 79 жылдары Үрімжі, Тарым және басқа да жаза лагерьлерінде болған. 1979 жылы ақталған. 1980 — 89 жылдары "Алтай аясы” журналының .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы(audio (?·тыңдау)) (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.[1]
Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ақыт Қажы Үлімжіұлы

Ақыт Қажы Үлімжіұлы (А. Алтайский) (1866(7), ҚХР, Шыңжан өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы — 1940, Үрімші) - атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында кедей отбасында дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып араб, парсы тілдер, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1908 жылы Алтай, Қобда аймақтары қажылар тобының аудармашы ретінде Меккеге қажыға сапар шегіп барады. 1910 ж. елге қайтып келген соң, Сарытоғай ауылында мешіт салдырып, медресе ашып мұғалім болады. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін тұтқынға алынып, мешіті .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ақтан Бабиұлы

Моңғолиядағы жазба әдебиеттің негізін салушы – Ақтан Бабиұлы (1897-1973). Ол МХР мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, ақын әрі драматург, сонымен бірге ауыз әдебиетінің белді өкілі. Жас кезінде айтыскер ақын ретінде елге танылған ол 1919 жылдан бастап "Кедей күні”, "Сары Мешелге”, "Қарау байға”, "Жөргем салға”, "Халел мен Мәлік молдаға” секілді өлеңдерімен сол кездегі мешеулікті сын тезіне салып, тілі уытты сыншыл да шыншыл ақын ретінде халыққа танылады. Оның Ұмсындық, Ғазиза, Ақбалалар мен айтысы сол кездегі қазақ өмірінің айнасы деуге болады.
А.Бабиұлы 1940 жылдан бастап "Өркендеу” газетіне өршіл .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Асқар Татанайұлы

Асқар татанайұлы (1906, Шыңжаң өлк., Алтай айм., Бітеуірге а.—1996, Алтай қ.), ақын, ҚХР-дың халық жазушысы (1988). Өлеңді 30 ж. жаза бастайды. "Малбикенің өмірі”, "Ғылымсыз—ғұмыр тұл” дастан-толғауларымен шыңжаң-қазақ әдебиетіне жаңаша леп әкелді. "Талап”, "Қалың мал”, "Құлдықтан құтылғандар” пьесаларын жазып, өлкеде қазақ драматургиясының негізін қалады. Шығармаларының негізгі арқауы—халықты ояту, әлеум. әділетсіздікке қарсы күреске жұмылдыру. Қытайдағы "Мәдениет төңкерісінің” тауқыметін 20 жыл бойы Тарымда (жазалау аймағы) тартқан ақын түрмеде де қаламнан қол үзбей, "Тарихи дерек, келелі кеңес” трилогиясын, "Бір ғасыр” өлең-романын, хикаят түрінде "Қара сеңгір оқиғасын”жазады. "Керейдің билік заңын” әңгімелейді. "Арқалық батыр” қиссасын қайта жазып шығады.
Өзінің саналы ғұмырын қазақ жазба әдебиетінің дамуына арнаған Асқар Татанайұлы, Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. Оннан астам дастан, жиырмаға жуық пьеса, мыңнан астам өлең, көптеген тарихи әңгімелер жазған қаламгер солақай саясаттың салдарынан он сегіз .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Арғынбай Жұмажанұлы

Арғынбай Жұмажанұлы - Монғолияның Баян-Өлгей аймағында Тұлба көлінің жағасында туған. Қазақ орта мектебін, 1954 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Монғолия қазақ баспасында корректор, орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің бастығы, «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы, ғылыми қызметкер сияқты жұмыстар атқарған.
Шығармашылығы

«Тақпақтар», «Ертіс шындығы», «Өлеңдер мен әңгімелер», «Біздің өлкеде», «Меңдікөл», «Өмір сызған өрнектер» кітаптары қазақ тілінде, «Меңдісүлу», «Адам туралы аңыз» кітаптары моңғол тілінде жарық көріп, бірқатар шығармалары орыс, украин, болгар, тува, алтай тілдеріне аударылған. « Талаптылар », « Ертіс жырлары », « Бірлестікшілер », .....
Рефераттар
Толық