Саясаттану | Көшпелі қазақ өркениетіндегі отбасылық қатынастарды реттеу және әйел құқығының мәртебесі

Көшпелі қазақ қоғамындағы әдет – ғұрып дәстүрін арнайы бақылап, оны жүйелі түрде зерттеп – зерделеудің ұзаққа созылған тарихы бар. Оның бастауы көшпелілер тарихының ежелгі дәуіріне барып тіреледі. Сол кезден бастап сахара жұртының әдет заңдары хатқа түсіріліп, оларды іздеп, жинау, жарияланған – зерттеу ісі бірте – бірте жолға қойылды. Дегенмен, қолда бар деректер көшпелі қазақ әдет – ғұрып заңдарының зерттелу барысын Ресейдің қол астына ену кезеңінен бастауға ғана мүмкіндік береді.
Сахара жұртының әдет құқығын зерттеуді осы уақыттан бастап алғанда шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Олар Ресей өкіметі кезеңінде әдет заңдарын жинап, жариялау, Кеңес дәуірінде оларды зерттеп – зерделеу қазіргі таңда ғылыми сарапқа алу.
Ресей империясы тұсында әдет – ғұрып дәстүрін зерттеудің өз ерекшеліктері болды. Бұл уақытта әдет заңдары көшпелі қазақ қоғамындағы басты құқықтық жүйе болғандықтан ол жайлы деректер жинап, жүйелеу және сарапқа салу патша органдарының ресми қызметі болды. Сондықтан бұл кезеңде әдет құқығы нормаларын іздестіріп, жинауға, оларды дұрыс ұғынып, түсінуге көп мән берілді. Екінші жағынан, ол нормаларды патшалы Ресей заңдарымен салыстыра қарап зерттеуге, өкімет саясатына және жарлықтарына қарсы келмейтіндерін қолдап, пайдалануға, ал қарсы келетіндеріне шектеу, тосқауылдар қойып, не оларды өмірден аластату шараларын іске асыруға көңіл бөлінді. Демек, жергілікті халықтың құқықтық нормаларын жинақтап зерттеу, көп жағдайда ресми органдардың тапсырмасымен, бақылауымен және солар тарапынан іске асты. Әрине бұл жайт осы уақыттағы қазақ әдет – ғұрып құқығының жариялану және зерттеліну барысына әрі деңгейіне әсер етпей қалған жоқ. Тіпті, жеке – дара зерттеушілердің өздерінің еңбектері де әдет заңдары жайлы ресми органдардың бағыт – бағдарын, сарынын және бағасын ескеріп отыруға мәжбүр болды.
Халқымыздың құқықтық болмысы 19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап жан – жақты зерттеле бастады. Зерттеу еңбектерінің ең алғашқыларының бірі- А. Левшиннің 1832 жылы жарық көрген атақты монографиясы. Оның еңбегі сол ғасырдың басындағы қазақ өмірінің шынайы шындығын жан – жақты сипаттаудың ең жақсы үлгісі болды. Оның ішіндегі аса құндылары әйел құқына байланысты: құдалық, қалың мал, үйлену әдет – ғұрыптары, өлікті жерлеу, ас беру салттары мен Тәуке ханның әйгілі “ Жеті Жарғысы ” жайындағы сипаттамалары болып есептеледі.
19 ғасырдың 60-70 жылдарында жазылған Ф. Лазаревский, Ы.Алтынсарин, В. плотниковтың, И. Ибрагимовтың еңбектерінде де әйел құқықтары жөнінде көптеген қызықты деректер келтірілген. Торғай облысының әскери губернаторы генерал – лейтенант Л. баллюзек жариялаған еңбектегі қыруар деректерді губернатордың тапсыруымен қазақ әкімдері мен билері, қазақтың оқыған ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Қазақ әдет ғұрып құқығының қайнар көздерi

Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, ұлы ұлағат пен адамгершiлiк иманға және тек өзiне ғана тән ерекшелiктерге толы ұлттық құқықтық мәдениетi бар. Бұл мәдениеттiң бастаулары пәк те мөлдiр, иiрiмi – терең де тұңғиық, түла бойы тұнған дүниетанулық ой-әуенге толы өнеге мен өсиет. Сондықтан осынау бiр “өтпелi кезең” атты бимәлiм өлiара дәуiрде тұрған бүгiнгi ұрпақтың басты мiндетi – елеусiз қалған осы асыл қазынасына көңiл аударып, оны өгейсiтпей бауыр тарту, сөйтiп заман көшiнен жұққан шаң-тозаңнан арылтып, оны өзiнiң бүгiнгi өмiрiнiң айнымас тiректерiнiң бiрiне айналдыру. Әрине, бұл оңай шаруа емес, дегенмен оның мемлекеттiк және құқықтық өмiрiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағының қажеттiлiктерiнiң бiрi екендiгiн мойындағанымыз абзал. Халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетiн толық игермей, оны өзiмiздiң төл мемлекетiмiз бен құқықтық жүйемiздiң алтын арқауы етпей Республикамызда құқылық мемлекет құрамыз деудiң өзi – “көзжұмбайлыққа” салыну, тарих тағлымына немқұрайлықпен қарау, қазiр жүргiзiлiп және болашақта көзделiп отырған реформаларға пәрмендiлiк пен қуат берер асыл арналарды тануда кешiрiлмес селқостық таныту.
Ұлттық құқықтық мәдениетiмiздiң ғылыми түр-тұлғасын сомдап, шынайы табиғатын ашу әлi де болса келешектiң iсi. Бұған дейiн бiз бұл мәселеге тек танымдық қана мәнi бар деген көзқарас төңiрегiнен қарадық, сөйтiп оның тарихи контексiне ден қойдық. Құқықтық мәдениетiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағы туралы сұрақты анық та ашық қоя алмадық. Ал, қазiр жағдай түбегейлi өзгердi. Республикамыз Егемендiк алып, мемлекеттiк тәуелсiздiгiмiз өмiр ақиқатына айнала бастасымен ұлтымыздың құқықтық мәдениетiн танып бiлу және игеру, шамамыз келгенше оны жаңғырту және пайдалану күн тәртiбiне қойылып отыр. Өзiне ғана тән құқықтық сезiмi, құқықтық ұғымы және танымы халқымыздың жадында. Ендi өзiнiң осы бiр ерекшелiгiн – ұлттық құқықтық мәдениетiн – ескерудi және соған назар аударуды талап етуде.....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Ақша және бағалы қағаздар азаматтық құқығының объектілері ретінде

Егемен Қазақстанның қоғамы мен мемлекетінің нарықтық экономиканың негізгі принциптеріне сәйкес дамуының екінші онжылдығы жалғасып келуде. Осы мерзімнің ішінде экономикалық және қоғамдық қатынастардың жүйесінде түбегейлі түрдегі өзгерістер орын алуда.
Жаңа Конституция мен оның негізінде қабылданған заңдарымыз мұндай өзгерістердің құқықтық негізі болып табылады. Экономикалық қатынастарды реттеу саласында шешуші рольге біздің “экономикалық конституция” жаңа Азаматтық кодексіміз ие.
Дегенімен де экономикалық қатынастардың дамуы азаматтық заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттілігіне алып келіп отыр. Кодекстегі бағалы қағаздарға қатысты нормалар кеңес дәуірінің азаматтық заңнамасымен салыстырғанда прогрессивті сипатқа ие.
Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Журналистер құқығының қорғалуындағы шетелдік тәжірибе


Журналист мамандығы дүние жүзіндегі ең қауіпті мамандықтың бірі ретінде белгілі. Қоғамның жоғын жоқтайтын, түсін түстейтін, қоғамдық пікір қалыптастыратын журналистер. Елге араша түсіп, халықтың жан ашыры болатын да журналистер. Бірақ күнделікті осы жан ашырлардың құқықтары белден басылып, өмірлері мен шығармашылықтарына түрлі қауіп-қатер төніп тұрады. Осыған орай «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қордың жұмысын қарай келе, Қазақстандағы рөлі мен қызметіне тоқталып өттім. «Әділ сөздің» негізгі мақсаты мен міндеті қандай, журналистердің құқығын қалай қорғайды, сондай-ақ, өзге елдердегі баспасөз өкілдерінің құқығы қалай қорғалатыны сияқты тақырыптарды көтердім.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры өз жұмысын 1999 жылдың 12 сәуір күні бастады. Аталған қордың басты мақсаты – елімізде еркін, объективті, прогрессивті журналистиканы қалыптастыру. Ал жұмысының негізгі бағыты – заңымызды одан әрі жетілдіріп, БАҚ және журналистердің құқығын қорғау мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін заң жағынан сауаттандыру. Өйткені мемлекеттік пен жекеменшік баспасөз журналистерінің заң саласынан сауаты жеткіліксіз болғандықтан, олар сан алуан қиыншылықтар мен өмірдегі түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Аталған қордың негізгі артықшылығы – бұқаралық ақпарат құралдарының мүддесін қорғап, журналистерге заң тұрғысынан кеңес беру, ал керек кезде сот ісіне араласып, БАҚ мүддесін қорғау болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Отандық әншілердің қалай байып жатқаны белгілі болды

Табыстарының еселеп артқаны соншалық, танымал әнші, ақын, сазгерлер авторлық құқық үшін жылына 800 миллион теңге сыйақы алады екен. Жұлдыздардың кірісін есептеген Әділет министрлігі олардың еңбегі заңмен қорғалған деп отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық