Отандық әншілердің қалай байып жатқаны белгілі болды » ZHARAR © 2016 | туралы, министрлігі, Әділет, құқық, авторлық, заңмен, еңбегі, олардың, қорғалған, авторларға, арнасы, кодексте, Авторлық, құқығын, заңға, Табыстарының, хабарлайды, артқаны, жылына, еселеп




  • »

Отандық әншілердің қалай байып жатқаны белгілі болды

Отандық әншілердің қалай байып жатқаны белгілі болды казакша Отандық әншілердің қалай байып жатқаны белгілі болды на казахском языке

Табыстарының еселеп артқаны соншалық, танымал әнші, ақын, сазгерлер авторлық құқық үшін жылына 800 миллион теңге сыйақы алады екен. Жұлдыздардың кірісін есептеген Әділет министрлігі олардың еңбегі заңмен қорғалған деп отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

"Автордың құқығын бұзу бұрын Әкімшілік кодексте болған. Қазір Қылмыстық кодексте. Авторларға төлемақысы көбейді. Статистика мәліметтеріне қарасақ, авторлық қоғамдар төлемнің 60 пайыздайын осы қазақстандық авторларға төлеп отыр. Ал, 40 пайыз шетелдің азаматтары мен шетелдік авторларға жіберіліп отыр", - дейді Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Абзал Естаев.

Яғни, қазір әншілер нәпақасын тек тойдан таппайды. Олардың кафе, мейрамханалар мен ірі мерекелік шараларда орындалған әр әні үшін ақша төленеді. Ал, Авторлық құқық туралы заңға бағынбаған жеті сайт уақытша жабылыпты. Жазаланғандардың саны бұдан да көп болар еді. Алайда, отандық әртістер құқықтарының сақталуына көбіне мән бермейді екен.

Бүгін Әділет министрлігі Астанаға Дүниежүзілік зияткерлік ұйымының, Авторлар мен композиторлар халықаралық қоғамының және АҚШ, Италия, Ресей, Әзірбайжан сынды бірнеше мемлекеттің өкілдерін жинап, интернетте жарияланған шығарма авторларының құқығын қорғаудың жаңа әдістерін үйретті. Жиынның қорытындысы бойынша Авторлық құқық туралы заңға өзгеріс енгізіп, күзде депутаттарға таныстырмақ.

ФОТО: JULDIZDAR.KZ, дереккөз


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 2 166
Жаңалық айдары: Мәдениет және шоу бизнес
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

. .