Деректер қорының негізгі түсінігі. (Информатика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпараттық жүйелер
Сабақтың тақырыбы: Деректер қорының негізгі түсінігі.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.1.1 “реляциялық деректер қоры” түсінігі
10.3.1.2 терминдердің анықтамалары: өріс, жолдар, индекс
10.3.1.3 деректер қорының бастапқы кілтін анықтау
10.3.2.1 деректер қорының өрістерінде орналасқан мәліметтерінің типтерін анықтау.
Сабақтың мақсаттары: - бастапқы кілт терминдерін түсіндіру
-деректер қорының өрістерін толтыру үшін қажетті типтерді қолдану....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

География | ҚР- ның Жер қорының жалпы сипаттамасы

ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕРҢОРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
Қазақстан Республикасының жер қоры 272,5 млн. га құрайды. ТМД елдерінің арасындаоның территориясы Ресей Федерациясынан кейін екінші, ал дүние жүзінде тоғызыншы орын алады.
Қазақстанның бүкіл жер қоры өте қуаң климатпен сипатталатын табиғи аймақтарда орналасқан. Жалпы түрде айтқанда, бүл ңауіпті егіншілік аймағы. Республиканың оңтүстік аймақтарында тек суармалы егіншілік қана мүмкін. Дала және құрғақ дала аймақтарында төлімі егіншілік дамығанымен, ол топыраңтағы ылғалды сақтап қалу маңсатымен күрделі шаралар кешенін талап етеді. Батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында орасан зор территорияны аридтік табиғи жайылымдар алып жатыр. Соңғылары көбінесе қой, жылқы және түйе шаруашылығын жүргізуге пайдаланылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ.
Қазіргі кезде Қазақстанда 20 млн. га жыртылған жер мен 35 млн. га жайылып эрозияға ұшыраған, немесе осы жағынан қауіпті.....
Курстық жұмыстар
Толық

Еңбек құқығы | Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару

Кіріспе
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар:
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Журналистика | «Әділ сөз» қорының қызметі мен қоғамда алатын орны

Кіріспе
Журналист мамандығы дүние жүзіндегі ең қауіпті мамандықтың бірі ретінде белгілі. Қоғамның жоғын жоқтайтын, түсін түстейтін, қоғамдық пікір қалыптастыратын журналистер. Елге араша түсіп, халықтың жан ашыры болатын да журналистер. Бірақ күнделікті осы жан ашырлардың құқықтары белден басылып, өмірлері мен шығармашылықтарына түрлі қауіп-қатер төніп тұрады. Осыған орай «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қордың жұмысын қарай келе, Қазақстандағы рөлі мен қызметіне тоқталып өттім. «Әділ сөздің» негізгі мақсаты мен міндеті қандай, журналистердің құқығын қалай қорғайды, сондай-ақ, өзге елдердегі баспасөз өкілдерінің құқығы қалай қорғалатыны сияқты тақырыптарды көтердім.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры өз жұмысын 1999 жылдың 12 сәуір күні бастады. Аталған қордың басты мақсаты – елімізде еркін, объективті, прогрессивті журналистиканы қалыптастыру. Ал жұмысының негізгі бағыты – заңымызды одан әрі жетілдіріп, БАҚ және журналистердің құқығын қорғау мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін заң жағынан сауаттандыру. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Инвестициялық пай қорының әлеуметтік-экономикалық негіздері

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Осы салыстырмалы азғантай уақыт ішінде ол эволюциялық дамудың барлық сатысынан өтті деуге болады, яғни алғашқы құрылудан тұрақтанып, дамуға дейін. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығы халықаралық тәжірибе есебінен де, ел экономикасының спецификалық ерекшелігі есебінен де модернизацияланып, даму үстінде.
Қор нарығының дамуының бір жаңашылығы, ол 2004 жылдың 7-шілдесінде республика парламенті қабылдаған «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы негізінде инвестициялық қорлардың құрылуы. Мұндай заң алғаш рет 1997 жылы қабылданған болатын. Бірақ ол заң ескіріп, қор нарығының даму тенденциясына сәйкес келмей қалды. Осы алғашқы заң негізінде тек бір инвестициялық қор құрылып, бір жарым жылдан кейін инвесторлардың қызығушылығын тарта алмай, жабылып қалған болатын. Оған бірнеше фактор әсер еткен. Заңның жаңа басылымы барлық кемшіліктерді ескере отырып, инвестициялаудың ұжымдық нысанын дамыту және қор нарығына ішкі инвесторларды тарту мақсатында қайта қарастырылған болатын.
Бүгінгі таңда кәсіби басқарушылары бар инвестициялық қорларды құру ішкі жинақ қаражаттарының жиі өсуі мен оларды экономиканың нақты секторына тиімді тарту қажеттілігі жағдайында аса маңызды болып отыр. Сонымен қатар, доллардың ұлттық валютаға қатысты бағамының бірде көтеріліп, бірде төмендеуі жағдайында, доллардың евроға қатысты бағамының тұрақсыздығы, банктегі салымдар бойынша проценттік ставкалардың төмендеуі жағдайында альтернативті қаржы құралы ретінде қор нарығында инвестициялық қорлардың пайда болуы өте уақтылы болды және ол бағалы қағаздар нарығының жалпы дамуын қосымша ынталандырушы фактор бола алады.
Инвестициялық қорлар туралы заң инвестициялық қорлардың 2 негізгі түрін бөліп көрсетеді: акционерлік және пайлық инвестициялық қорлар. Инвестициялық пай қорлары заңның жаңа басылымымен алғаш енгізіліп отыр. Яғни бұған дейін пай қорлары болған жоқ.
Инвестициялық пай қоры дегеніміз пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруында болатын ақша жиынтығы. Инвестициялық пай қорлары акционерлік инвестициялық қорларға қарағанда, өз бетінше активтер портфелін басқара алмайды. Инвестициялық пай қорларының ақшаларын инвестициялауды тек басқарушы компания жүзеге асыра алады және сол басқарушы компания инвестициялық пай қорын құруды немесе олардың қызметін тоқтатуды жүзеге асырады. Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды және оны өз кезегінде «мүліктік кешен» деп атауға да болады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптасу және жетілдіру

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Біздің алдымызда дағдарыс салдарын еңсеру және келесі экономикалық өсуге әзірлену жөнінде үлкен міндеттер тұр. Қазірдің өзінде біз қабылдағанның бәрі – бұл бүгінгі дағдарыс туындатқан ағымдағы проблемаларды шешу. Мен тоқтап қалмауды, одан әрі жүруді және дағдарыстан кейінгі елдің дамуын қамтамасыз ету үшін экономи¬каны одан әрі жаңғырту және жұмыспен қамту стратегиясын іске асырудың жаңа жоспарын жүзеге асыруды ұсынамын. Ең қиын жылдары біз салуды бастап, елдің жаңа байтағын – Астананы, біз осыны жүзеге асыра алатынымызға еш¬кім сенбеген кезде тұрғыздық. Біз осыны жасадық, мұны бүкіл әлем көріп отыр. Келіңіз¬дер, осы жақсы тәжірибені жалғас¬тыратын болайық. Иә, жаңа қаражат қажет. Осы мақсат¬та дәстүрлі түрде Ұлттық қорға есептеліп келген шикізаттық сектордың табыстарын 2009-2010 жылдары жаңа жоспарды жүзеге асыруға жұмсау дұрыс болады деп санаймын. Тұтастай алғанда бұл Ұлттық қордан бекітіліп қойылған трансферттерге қосымша шамамен 600 миллиард теңгені құрайды. Бұл – уақытша, бірақ та қажетті шара. Бұл ретте біз қазіргі сәтте бар елдің жалпы резервінің сол көлемін, яғни 47 миллиард американ долларын сақтаймыз. Бұл бізге осы дағдарыс жалғасқан жағдайда тұрақтылыққа деген сенімділік береді» деп айта кетті [1]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева ел алдына шықты (фото)

Биыл Алматыда орналасқан «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру орталығының ашылғанына 20 жыл толды. Табысты еңбек етіп келе жатқан білім беретін орданы мерейтоймен құттықтауға «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаева арнайы келді деп хабарлайды Алматы арнасы.
Жаңалықтар
Толық