Мұхтар Шаханов шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтықтан шығаруды ұсынды

Танымал қазақ ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздарды азаматтықтан шығарып тастауды ұсынды. Оның айтуынша, жат елдің азаматының етегінен ұстап кеткен мұндай азаматшалар мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Жаңалықтар
Толық

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік ел тілегі, қазақ елінің тәуелсіздігіне 28 жыл)

Осыдан 28 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңес одағының шырмауында болды. Жер бетінде елдің бостандығын, халқының тәуелсіздігін ойламайтын жұрт жоқ болар.
Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Яғни егеменді, дербес.......
Шығармалар
Толық

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздікке 28 жыл)

Қай мемлекет болмасын өз жерін кез-келген қол сұғушылықтан қорғауға қабілетті болғанда ғана тәуелсіз бола алады. Сол себепті Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап мемлекет шешкен аса маңызды міндеттердің ішінде ұлттық қауіпсіздік, қазіргі заманғы арнайы жасақталған және ұрысқа қабілетті армия құру проблемалары – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының кезек күттірмейтін ісі болды. Елбасының тікелей басшылығымен сол кезде.......
Шығармалар
Толық

Информатика | Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Cабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi
жайлы түсінік беріп өту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,тәрбиелікке,тиянақтылыққа,жауапкершілікке баулу,тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттар
Толық

Құл-Мұхаммед: Қазақ тіліне қауіп төніп тұр деуге негіз жоқ

Бүгінде қазақ тіліне қауіп төніп тұр деп айтуға болмайды. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай айтты.

Фото: altaynews.kz
Фото: altaynews.kz

Министр атап көрсеткендей, бүгінде тіл мәселесі зиялы қауым арасында жиі қозғалатын тақырып болып саналады.

"Мен де қазақ тілінің жанашырымын. Негізі, қазіргі кезде республика бойынша қазақ тілді және аралас мектептерде мемлекеттік тілде білім алатын оқушылардың саны барлық балалардың 71 пайызын құрап отыр. Бұл мәліметті Статистика агенттігі де растап отыр. Жақында агенттік Қазақстан халқының 17 млн. 100 мыңнан асқандығын хабарлады. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облысы сияқты қазақтар көптеп шоғырланған аймақтарда халықтың өсімі жоғары болып тұр. Ал елімізде мектеп оқушыларының 71 пайызы мемлекеттік тілде оқитын болса, қазақ тіліне қауіп төніп тұр деп айтуға ешбір негіз жоқ", - деп атап көрсетті М.Құл-Мұхаммед.

Жаңалықтар
Толық