Болашақ ұрпақтың келешегі үшін білім беру саласында екі елдің бірігуі: қазақстан және мажарстан (венгрия)

Мені бала кезімнен бастап «біз қайдан келдік, неліктен және неге біздің айналамызда көптеген қызықты оқиғалар болып жатыр?», деген сұрақтар көп мазалайтын. Менің кішкентай бөлмемде қабырғада әдемі кілем ілулі тұрды, мен оның өрнектеріне жиі қарап, оның әшекейлі оюларының әр миллиметріне таңғалып қызығатынмын. Сондықтан мен сурет салуға деген құштарлықты дамыта бастадым. Сондай-ақ өмірім музыкасыз өтпеді. Төр бөлмеден теледидарда балериналардың қатысуымен опера қойылып, оркестр музыкасы ойнады. Өнерге деген құлшынысым одан әрі арта түсті. Әртүрлі той....

Ғылыми жобалар
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Қармақ салған жігіт

Бір жігіт бұрынғы заманда суға қармақ салып жүрді. Қармақ салып жүргенде күнінде бір балықтан артық түспейді. Бір күні қармағын салды, екі балық түсті. «Е, Құдай-ай!»,—деді. Күнінде біреуден артық түсуші емес еді, маған бүгін екі балық түсті, мұны берген Құдай маған бірдеме берер»,—деді. Қармағын күнде салып жүрді. Күнінде екі балықтан түсіп жүрді. Бір күнде жігіт жатқан жерінен түрегеліп, беті-қолын жуып тұрса, қармағын салайын дегенде бір сары ит жүгіріп жігітке келді. Жігіт айтты: «Е, Құдай-ай! Қанша жылдан бері мен қармақ салып, бір балықтан алып жеп жатушы едім, енді маған, екі балық түсіп тұрғаны, біреуі иттің несібесі екен»,—деді. Бір балықты итке берді, бір балықты өзі жеді, итті жолдас қылды, екеуі жолдас болып жүрді. Екеуіне екі балықтан Құдай қанағат беріп жүрді. Сөйтіп, жүргенде екі балықтан түседі, бірін ит жейді, бірін өзі жейді.

Бір күні үш балық түсті қармағына. «Е, Құдай-ай!»,—деді. Бізге Құдай тағы бір серікті берер». Күнінде үш балықтан түсті. Бірін ит жеді, бірін өзі жеді, бірін алып қояды. Ертеңіне екеуі түрегеліп, беті-қолын жуып тұрады. Бір ала мысық жүгіріп келді. «Е, Құдай-ай!»,—деді. Ит пен жігіт айтты: «Бір тәуір мысық екен»,—деді—мұны берген Құдай тағы бірдеңе берер», – деді. Түнде үшеуі жатты, ертеңіне тұрды, қармағын салды, үш балық түсті, үшеуі үш балықты жеді.....
Ертегілер
Толық

Жүйкеңіз жұқармасын десеңіз

Жүйке жүйесінің шаршауы бүкіл ағзаға зиянын тигізеді. Осының салдарынан болатын күйзеліс, невроз сындылар адамды жазылмайтын ауруға шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан да дер кезінде шара қолдануымыз қажет. Ол үшін жүйкені тыныштандыратын төменде көрсетілген тағамдарды көбірек пайдаланғанымыз абзал
Құрамында В1 дәрумені бар азық-түліктер: қарақұмық немесе сұлы ботқасы, қара нан
Шамадан тыс көп кітап оқығанда миымыз шаршайтындықтан В2 дәрумені қажет: сарыөрік, жұмыртқа, сыра ашытқысы, саумалдық.......
Кеңестер
Толық

Кеден ісі | Кеден басқармасының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алмай тұрып, мемлекеттің алдында қазіргі уақыттағыдай проблемалар мен перспективалар анағұрлым маңызды болмаған. Себебі барлық мәселелер орталықты шешімін табатын болған. Ал еліміз өз алдына егемендік алған соң оның негізгі мүддесі болып, мемелекеттің жан-жақты дамуы табылды. 1990 жылдардың басында және орта шенінде ел халқының әлеуметтік хал-ахуалы, экономикалық дамуының тенденциясының төмендеуі, яғни экономикалық дағдарыс ерекше байқалды. Осы дағдарыстан шығу үшін, елдегі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, мемлекет әрі қарай даму үшін белгілі стратегиялық маңызды шаралар жасау керек болды. Осындай кедендік саясаттың бір тармағы - халықаралық кедендік ұйымдармен, жекелеген елдермен мемлекеттің кедендік байланысты орнатуы. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Статистика | Атырау облысының статистика басқармасы

Статистика жеке ғылым ретінде 19 ғасырда пайда болған. Статистика- бұл жан-жақты күрделі қоғамдық ғылым. Оның өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді.
 Статистиканың жалпы теориясы – ол статистиканың жалпы принцперімен әдістерін қарастырады.
 Әлеуметтік статистика- мұнда халық шаруашылығы көрсеткіштерінің жүйесін, оның құрлымымен прапорциясын, қоғамдық ұдайы өндіріс салаларымен элементтердің өзара байлнысын зерттейді.
 Салалық статистика- өнеркәсіп ауыл шаруашылық құрлыс, көлік байланыс, сауда, қаржы, еңбек, демография және т.б. болып бөлінеді. Соңғы кезде өмір салтын сипаттайтын әлеуметтік статистика қалыптасты.
1941 жылдың Наурыз айында Гурев облыстық статистика басқармасы құрылды. Бұнда әлеуметтік эканомикалық, демографиялық статистика, ауыл шаруашылық және көптеген бөлімдер қызмет етті. Тәуелсіздігімізді алғанан кейін 1991 жылы қазан айында Атырау облыстық статистика басқармасы болып құрылды. Қазірдің өзінде мекемеде 15 бөлімше 140 жоғары сапалы мамандар қызмет етуде. Атап айтсақ:
 Әлеуметтік эканомикалық статистика- бұнда халық шаруашылық көрсеткіштерін сонымен қатар өндіріс салалары мен оның арасындағы байланысты зерттейді.
 Ауыл шаруашылық статистика бөлімі- бұнда ауыл шаруашылық халқының жағдайын өндірістің дамуын қадағалайды
 Сауда қызмет көрсету статистика бөлімі- бұнда жеке және заңды тұлғалардың өнімінің сандық және сапалық тауарлары есепке алуда.
 Баға статистика бөлімі- бұнда қаладағы сауда орталықтарының бағасын бақылап әркезде тексеріп тізімін алып отырады.
 Әлеуметтік және демографиялық статистика –бұл қала және қалаға жақын орналасқан тұрғының тұрғылықты жеріне байланысты санақ алу. Бұл санақтар төрт ай сайын қайталанып және бір жыл сайын алынады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

"Самұрық-Қазына" қоры Қытайдан 3 млрд доллар қарыз алмақшы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қытайдан 3 млрд доллар қарыз алуға бекініп отыр. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ, Астана арнасына сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық

Головкиннің Астанадағы жекпе-жегінің уақыты ресми түрде белгілі болды

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) өзінің келесі кездесуін 17 шілде күні елордамыз Астана қаласында өткізеді. Бұл туралы Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықбаев айтты деп жазады Vesti.kz.
Жаңалықтар
Толық