Абай - дана, Абай - дара қазақта! Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру. 2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту. 3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу. 4. Дамытпалы поэзия сабағы.
«Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі – бейбітшілікті, екіншісі – руханиятты, үшіншісі – табиғатты қорғау hәм сақтап қалу. Бұлардың қай – қайсы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы әлемдегі кез-келген алыпты алып қарасақ та ең алдымен тәлім-тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім-тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген аталы сөз бар. Осыдан – ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлыақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Мұның барлығы адамзатты адамгершілікке жетелеу мақсатында еді. Енді ақынның бірнеше қара сөздеріне көңіл аударып көрелік. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім – білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адамға қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтау қажет. .....
«Абайдың қара сөздері» – абайдың прозалық шығармасы. барлығы 45 сөз және «бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаладан тұрады.
Абай музыка саласында да мол мұра қалдырып, қазақтың музыкалық өнерін дамытты. Қазіргі уақытта ақынның жиырма жеті әнінің отыз алты нұсқасы нотаға түсірілген. Абай қазақтың ән-күй өнерін ерекше бағалаған. Бірақ ән атаулының бәрін қабылдамай, оның да «естісі мен есері барын» айтып, «Құлақтан кіріп бойды.....
Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өз ғұмырын тек өлең жазуға, орыс және басқа да тілдерден аудармалар жасауға арнамаған. Сонымен қатар публицистикалық шығармаларын яғни "қара сөздерін" жазып қалдырғаны белгілі. Ал енді қара сөздерінің біршамасы не жайлы жазылғандығын және өзім нендей нәрсені түйгенімді жазайын!
Ең алғашқы қара сөзінде алдағы өмірінде нені кәсіп қылып, қайтіп өткізетіні жайлы талқылап, жазған. Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, софылық қылып дін бағу, балаларды бағу....
Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі-қара сөздері. Абайдың қара сөздері-ұлы ақын сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның 6-7 үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық санына ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлері мен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918ж Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, франсуз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Барлығы 45 сөз және бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылды. «Абайды қара сөздерінің» соңғы нұсқасы Мүрсейіттің 1905, 1907 және 1910 жылдардағы қолжазбалары бойынша жаряланып келеді. Қара сөздер Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында бұрын кеткен текстегі кемшіліктері түзетіліп, түпнұсқамен дәлдігі мүмкіндігінше қалпына келтірілген. «Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді. Өлең өнерін қазақ қара сөз демейді.Қара сөз проза деген мағынада айтылған. Әдетте, адам ауызекі тілде өлеңді емес қара сөзді қолданады. Абай бұл жөнінде: «Қазаққа қара сөзге дес бермедім » - деп қара сөзді шешендік өнер мәнінде айтқан. Шаршы топқа шығып сөз айту әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Абай осындай ниетпен айтқан сөздерін қағазға жазып қалдырған. Оны өзі бірінші сөзінде былай деп түйіндеген: «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық-әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: Қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екен білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзін де қайранмын... ...Ақыры ойладым..осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, ия оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Қара сөз еркін ой білдіру формасы. Сірә, Абай өзінің ақындығының сол заман болсын, кейінгі заман оқырмандары болсын түсінуге қиындығын сезсе керек.....
Осы зерттеу жоба Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі адамгершілік пен ар – ұят мәселесін қазіргі жас ұрпақ бойында қалай қалыптасқанын, оны қалай түсінетіндіктерін, қандай жерлерде қолдану керек екендігін табуға байланысты. Мақсаты: Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар – ұят мәселесін іздеу. Міндеттері: 1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау. 2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі ар – ұят, адамгершілік туралы мәселені ашып көрсету. 3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау. Гипотеза: Егер аға буын және отбасы жас буынның тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса, қазіргі жастардың адамгершілік рухы жоғары болады. Зерттеу әдістері: сауалнама жүргізу, жағдаяттарды шешу және қорытынды шығару, ар – ұятты суреттеу, ұят туралы ұрпақтар сабақтастығы. Объектісі: Абайдың отыз алтыншы қара сөзі Зертеу пәні: Адамгершілік пен ар – ұят.....
Зерттеудің өзектілігі: Абай - өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман айшылықтарын шегінуте де оң бағыт берген биік тұлға. Ақынның гуманистік идеясы тек өледдерінде ғана емес, қарасөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан. Абай қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған ақын шығармашылығындағы айтпақ ой, терең филососриялық мұғалім өзі зерттеп, түсінгенде ғана осы бағытта баламен жүргізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ. Курстық жұмыстың мақсаты: Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәнін қазақтың мақалдарын сынай отыра Абай дүниеқоңыздық, ұятсыздық сияқты адамды аздыра-тын қылықтардан жиренуді мақсат етеді. Жақсы, жаманның арасын айырып, ақиқатын айтады немесе "7-ші", "31-ші" сөзінде Абай оқу, өнер-білім мәселесі төңірегінде келелі ой қозғауы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады....
Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары - «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма. Оның алты-жеті үлгісі қысқа келеді. Бұл қатарға қосылатындар Он алтыншы, Он сегізінші, Он тоғызыншы, Жиырмасыншы, Жиырма төртінші, Отыз бірінші, Қырық бесінші сөздері. Жалпы қарасөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын- Қырық алтыншы сөз. Ол тарихтық мақала - очерк тәрізді. Қазақ халқының қайдан шыққандығына арналған дәлелді, деректі қысқазерттеу сияқты. Өзге қырық бес сөздің ішінде.....
Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуір ісін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік. Сол екі мінез жоқ болған соң, әлгі үйренген....