Қанат Ислам

Қанат Ислам ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиясына қарасты Қаба ауданында дүние келген. Әкесі – Ислам, анасы – Зихат. Қанат – үйдің кенжесі.
Ол 2009 жылы Үрімші қаласындағы педагогикалық университетті спортты басқару және зерттеу мамандығы бойынша бітірген.
Қанат боксқа қалай келді?
Қанат Исламның айтуынша, Қытайда бокс 1986 жылдан бастап дами бастаған.
"Алтайдың Хаба ауданында алғаш рет Мұрат Бошайұлы деген ағамыз бокс өнерін үйренді. Туған ағам Ерлан сол бапкерден тәлім алды. Мен де Мұрат Бошайұлының шәкірті болдым. Ұстазым ағамды ауылда дайындады. Ол бокстан облыстық жарыстарға қатысып жүрді. 6-7 жастан бастап сол кісілердің қалай жаттыққанын көріп өстім. Маған оның да әсері болу керек. Спорттағы өмірім осылай басталды", - дейді ол "Батырдың көз жасы" деректі фильмінде.
Қанат әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы ұлттық құрама командасының сапында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, бокстан Чикагода өткен әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері, Қытайдың 10 дүркін чемпионы атанды....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер

Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері (1998 ж.). Домбырамен ең алғаш болып қазақ әндерін дуэтпен орындаған кәсіби әншілер.
Құдайбергеновтердің отбасылық ансамблінің құрылу тарихы
Құдайбергеновтер жанұялық ансамблінің құрылу тарихы Қанат пенен Айткүлдің тұзының жарасып, шаңырақ көтеруінен басталды. Екеуі Алматыдағы "Қазақконцерт" бірлестігі жанындағы жастар эстрада-цирк студиясын (қазіргі Ж.Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері колледжі) бірге оқыды (1975-1977 ж.ж.). Қанат профессор, күйші Құбыш Мұхитовтың класынан дәріс алған. Айткүл Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің класынан халық әндерін, жырларын орындаушы әншілікті меңгерді.
1977 жылы Мәдениет Министрлігінің жолдамасымен, қос әнші өнер жолын Қарағанды облыстық филармониясының жанынан құрылған "Гәкку" ансамблінде бастады. 1983 жылы Республикамыздың мемлекеттік "Гүлдер" ансамбліне шақырылып әнші, күйші ретінде өздерін кәсіби тұрғыда жоғары дәрежеде көрсете білді. Бірнеше республикалық және халықаралық фестивалдардың жүлдегері болды. Бүкілодақтық жастар творчествосы конкурсының лауреаты атағын алды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұрқанат Жақыпбай (1947 жылы 24 маусым)

Нұрқанат Жақыпбай (1947 жылы 24 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданында туған) — режиссер, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1995). Парасат, Достық ордендерінің иегері. Астана жастар театрының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері (2007 жылдан).
Нұрқанат Жақыпбай 1947 жылы 24 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келген.
1970 жылы Қазақ ұлттық консерваториясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік консерваториясы)бітірген.
1983 жылы Т.Жүргенов атыныдағы Қазақ ұлттық өнер аадемиясының "режиссура" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы
1969 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына актерлік құрамына алынады.
1995 жылдан осы театрдың бас режиссері қызыметін атқарды.
1984 жылдан Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстаздық қызыметін бастады.
1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының президенттік шыршасының бас режиссері.
2007 жылдан Астана қаласы әкімдігінің шақыртуымен Астана жастар театрын ашып әрі көрке....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Музыка, ән

...қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі шекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш шекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс — тарих үшін елеулі бұйым
Мұхтар Әуезов

Қазақтың ән әуездерінің тамаша бір қасиеті — оның шын жүректен шыққан эмоциялық сезімталдығы мен сезгіштігі
Борис Владимирович Асафьев
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

Жұмағазиев Ертай Жиенбайұлы (1966)

Жұмағазиев Ертай Жиенбайұлы 1966 жылы 17 сәуірде Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген.

Қызылорда Қорқыт ата атындағы педагогикалық институтының (1987-1992) тарих факультетін үздік дипломға, Қ.А.Яссауи атындағы мемлекеттік қазақ-түрік университетінің (1993-1998) заң факультетін....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Иса Байзақов (Қосқанат)

Бұлтпенен араласып аспанға ұшып,
Ерлерім сайрандаңдар еңбек құшып,
Тілдескен аспанымен еңбекшілер,
Білімнің ұлы теңіз сырын....
Өлеңдер
Толық