Қазақша Қанатты (нақыл) сөз: Музыка, ән » ZHARAR © 2016 | музыка туралы қанатты сөздер, ән музыка туралы қанатты сөздер, ән музыка туралы нақыл сөздер, цитаты на казахском о музыке, музыка туралы канатты создер, музыка туралы канатты сөздер, музыка, ән




  • »

Қазақша Қанатты (нақыл) сөз: Музыка, ән

Қазақша Қанатты (нақыл) сөз: Музыка, ән казакша Қазақша Қанатты (нақыл) сөз: Музыка, ән на казахском языке

...қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі шекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш шекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс — тарих үшін елеулі бұйым
Мұхтар Әуезов

Қазақтың ән әуездерінің тамаша бір қасиеті — оның шын жүректен шыққан эмоциялық сезімталдығы мен сезгіштігі
Борис Владимирович Асафьев

… біздің қазақ әнқұмар халық… Біреу қолына домбыра ұстап ән сала бастаса, ойдағы-қырдағысы жиналып, сегіздегі бала, сексендегі шалына дейін қалмай қамалап, айтшы-айтшылап жанын жағасына келтіреді. Бара-бара не болса да сол әндегі рух сүйегіне сіңеді, құлағында қалады.
Сұлтанмахмұт Торайғыров

Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді
Григорий Николаевич Потанин

Әннің қазақ өмірінде алатын зор маңызды басқа халықтан кездестіру екі талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға ән көмегімен оқытады
Э. Вульфсон

Қолдан істелген екі ішекті домбырадан мұндай нәзік, мұндай әсем дыбыстар шығады дегенге мен еш уақытта сенбеген болар едім! Егер де мына қарапайым жаныңа тиетін әнді өз құлағыммен естімеген болсам, мен оның ызыңдаған жаратылыс үнімен ұласатын күшіне де сенбес едім!
Александр Ефимович Алекторов

Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.
Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте-бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады
Дмитрий Дмитриевич Шостакович

Құр айқай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған,
Кісіге сән бе екен?
Абай Құнанбаев

Адамның тіршілігі үшін тамақ қандай қажет болса, музыка ән-күйдің де сондай физиологиялық қажеттігі бар
Сұлтанбек Қожахметов

Ән — халық үні, оныі шындығы, оның ойы мен сезімі
Жамбыл Жабаев


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Қанатты (нақыл) сөздер, афоризмдер жинағы | | 1 184
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .