Бойжеткенді кафеге шақырған жігіт тамақ ақысын төлемей қашып кетті

Қырғызстанда жігіт бойжеткенді кафеге тамақтануға шақырып, 10 мың сом (45 мың теңге) тамақ ақысын төлеместен қашып кеткен. Бұл туралы Бішкек ҚІІБ-ның баспасөз хатшысы хабарлады деп жазады Stan.kz.
Жаңалықтар
Толық

Қазақстан эпидемиологтары Қырғызстандағы оба індеті тараған аумақты залалсыздандыруға аттанбақ

Қазақстан эпидемиологтары Қырғызстандағы оба індеті тараған аумақты залалсыздандыруға аттанбақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ал Қырғызстанның Ыстық көл облысында оба жұқтырды деген күдікпен тағы үш адам ауруханаға жатқызылды. Оның бірі 21 жастағы Сары- Қамыш ауылының тұрғыны болса, қалған екеуі 12 және 2 жастағы сәби.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, үш тұрғыннан да аса қауіпті аурудың алғашқы белгілері анықталған.

Қауіпті індет шыққан өңірде тамыздың 30- на дейін карантин жарияланды.

Естеріңізге салайық, өткен жұмада Қырғызстанда "обаға" шалдыққан 15 жасар жасөспірім көз жұмды. Белгілі болғандай, ол суырдың етінен әзірленген кәуап жепті.

Жаңалықтар
Толық