№7 сабақ Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады Мысалы Қожа Ахмет кесенесі) (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: №7 сабақ.Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады. Мысалы, Қожа Ахмет кесенесі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы:
• аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіреді
• сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
• қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
• сұхбаттасын тыңдап, оның айтқанын түсінеді
• көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды біледі
Оқушылардың көпшілігі:
• бейнематериал бойынша мәтін мазмұнын болжайды, мазмұндама жаза алады
• қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
• диалогке белсенді қатысады;
• көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды анықтайды
Оқушылардың кейбірі:
• бейнематериал бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды, ой қорытындысын жасайды
• диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады
• көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды ұсынады....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қожа қандай бала? (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі
Сабақтың тақырыбы:Қожа қандай бала?
Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты:Интербелсенді тәсілдер арқылы оқушының дұрыс сөйлеуін дағдыландыру
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары ТБ2. Сөйлем
Сабақтың мақсаттары:Барлық оқушылар орындай алады:
Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын біледі, қолдана алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің ауызша жұмыстарда қолдана алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын біледі, жазба, ауызша жұмыстарда қолдана алады....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» повесі (пысықтау сабағы) (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмір
Сабақтың тақырыбы:Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» повесі (пысықтау сабағы)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:О1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау
Сабақтың мақсаттары:Барлық оқушылар орындай алады:
Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтай алады
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығарма бойынша түсінгендіктерін білдіре алады
Кейбір оқушылар орындай алады:
Кейіпкерге (адамға) әсер ететін факторларды анықтай алады...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ертегілер әлемінде Қожанасырдың тойға баруы (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы:Ертегілер әлемінде. Қожанасырдың тойға баруы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну
1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
1.2.4.1 фото/сурет/ қуыршақтарды қолданып шағын мәтінді мазмұндау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім туралы екенін түсінеді, кейіпкерлерді суреттер арқылы танып, сипаттайды.
Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім туралы екенін түсінеді, суреттер арқылы кейіпкерлердің әрекетін сипаттайды.
Кейбір оқушылар: мұғалімнің көмегінсіз тыңдаған материалдың кім туралы екенін түсінеді, суреттер арқылы мәтінді мазмұндайды.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ілияс Жансүгіров (Қонақтар мен қожайын)

БІРІНШІ ҚОНАҚ- ҚҰДАЙЫ ҚОНАҚ
Қожайын:
− Алыңыз қонақ, алыңыз,
Сойғанымыз қартаңдау.
Қонақ:
− Бәсе, мом - мом...
Солай ғой,
Тарамыстау, қатаңдау...
Қожайын:
− Құданың жері қуаң боп,
Оңалмапты жануар.
Қылыш сырты қазысы,
Солқылдақтау жалы бар......
Өлеңдер
Толық

Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қожа Хафиз сөзінен)

Көрiнiске шоқынған,
Сопы бiздi не бiлсiн.
Не десе де сыртымнан,
Ренжiмеймiн, неғылсын.
Ақ көңiлдiң кезiне,
Не келсе де - жақсылық.
Тура жолдың тезiне,
Түскен көрмес тапшылық.
Бiр жаяуды жүремiн,
Ойын болар порым жоқ. ....
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Кенжеқожа мен Кенен айтысы)

К е н ж е қ о ж а:
Арғы атам Мәделі мен Майлы қожа,
Ғылым мен өнерге асқан сайлы қожа.
Қазыны, қарта менен сары қымызды,
Қонаққа соятұғын тайды қожа.
Сүйеніп құс жастыққа, мамық төсек,
Ішпейтін қаймақ қатпай шайды қожа.
Патша менен бай-манап заманында,
Санаған жұлдыздама айды қожа.
Дін ислам күшті болып тұрған шақта,
Халыққа әділ болған жайлы қожа.
Сен болсаң кедейлерді жиып алып,
Бермедің бай, болысқа ешбір маза.
Бай-манапқа тілектес қожалар деп......
Өлеңдер
Толық