Мемлекеттік білім беру тапсырысының 2017-2018 жылдарға арналған тізімі шықты. Қазақстандық талапкерлер мен студенттер өз мамандықтары бойынша бөлінген грант тізімімен таныса алады.
Құжат жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен сырттай, жеделдетілген оқу формасына қатысты. Министрліктің бұйрығына қосымша, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жоғары......
Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз: – Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: – Ендеше қатығыңды төгем! – дейді. Мақта қыз: – Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қызмысықтың.....
Фонетика Фонетика – тіл туралы ғылымның бір саласы. Онда дыбыстар, екпін және буын, үндестік заңы қарастырылады. Қазақ тілінде 42 әріп және 37 дыбыс бар. Екі белгі бар: ъ - айыру белгісі, ь - жіңішкелік белгісі. Қазақ тілінде тән әріптер 10: ә, і, ң, ғ.....
Е-е-ей! Жайлауында жүрген жігіт бағып қой, Дос келді деп, жасап жатыр анық той. Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны, Нағыз қазақ осы, міне, танып қой. Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған, Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар. Қазақ осы күй шығарып, ән салып, Көкпар тартып, қыз қууға жаралған. Қазақ осы....
Болашақта Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында адамзат тарихындағы ең алпауыт империялардың бірі – Кеңестік социалистік республикалар одағының күйреуі нәтижесінде әлем картасында бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандыңы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мың жылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихтың басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады. Қазақстан секілді жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, дәлірек айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді болса да қызықтырары даусыз. Ең алдымен ол ұлт тағдыры шешуші роль атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешек ұрпағы үшін қымбат. Уақыт өткен сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылыұтарға толы күрделі де, маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. Сондықтан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихының терең зерттеліп, шынайы түрде объективті жазылу ісіне дайындық осы бастап жүйелі де ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Бұл біз секілді болашақ тарихшылардың үлесіне тиетін міндет.....
1.Мінез туралы жалпы түсінік. Грек тілінен аударғанда «мінез»- «із қалдыру» деген түсінік береді.Шынымен де мінез- адамның қоғамдық ортада жүріп қалыптасатын «белгісі». Демек, «мінез- бір-бірімен белгілі байланысы бар адамның қасиеттерінің ерекшелігі». Аристотель мінез жөнінде төмендегідей сөздер айтқан «Мінез дегеніміз қыр-сырын көре жүріп, кісінің қадір-қасиетін анықтайтын нәрсе» (Ақиқат журналы. 4.2004. 95-бет).Адам тұлғасы істі істеумен емес сол істі қалай істеумен белгіленеді. Қоғамдағы адамдардың өмір сүруі мен өмірге деген көзқарастарында қарама-қайшылықтар байқалады. Қоғамдағы барлық адамдармен бірге қиыншылықтар көруге болады,бірақ ол қиыншылықтарды әр кім әр түрлі қабылдайды. Бірі бұл жағдайға төзімділік танытса, бірі мүлдем шыдамсыздық танытады. Мінез тудыратын өзіндік қасиет, бірінші кезекте оның рухына, сезіміне, белгілі мөлшерде ақыл-ойына байланысты болады. ....
Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды . 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады . Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп , жетілдірді , соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды . « Еңлік – Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған . Ол – ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп , жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық – жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап , арманда кеткендіктері туралы аңыз еді ....