Қазақ әдебиеті | Роза Мұқанованың шығармашылық лабораториясы

Кіріспе
Әдебиет және жазушы
Кез-келген адамзаттың өмірінде терең әрі көлемді орын алатын мәдениет — өнер мәдениеті. Фидияның мүсіні, Рафаэльдің суреті, Шекспирдің трагедиясы, Бетховеннің симфониясы, Пушкиннің лирикасы, Әуезовтің роман — эссесі, Қастеевтің суреті, Абайдың лирикасы ғасыр бойы өмір сүріп келеді әлі де сүрмек. Бұл әлемдік өнердің біртумалары адамзат мәдениетіне қаншама үлкен әсер еткенін өлшеу қиын.
Адамның игерген осындай көптеген өнерінің ішінде айрықша орын алатыны, ол — сөз өнері. Қазақтың академигі З. Қабдоловша айтсақ, “Әдебиет су да емес, от та емес. Әдебиет— өнер. Әдебиет— сөз өнері. Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі — көркем әдебиет.” /1.9./
Әдебиет — кез-келген өнер сияқты өзінің алдында шындықтың шығармашылық тұрғыда басқаша өзгеруі.. Шындығында болған нәрсе өз бетінше өнерді құра алмайды. Орыстың жазушысы М. Горький бұл тұрғыда “Ақиқат — ол әлі шындық емес, ол тек өнердің нағыз шындығын құрастырып, жапыстыратын шикізат қана. Тауықты қауырсынымен қуыруға болмайды. Бізде кездейсоқтық пен жеңіл-желпі мардымсызды араластырып шындықты таба алмайды. Ақиқаттың жеңіл-желпі мардымсыз қауырсынын жұлып, ақиқаттан мән-мағына жасап шығару керек.” /2.11/ Ал, Гончаровтың айтуынша “өнер шығармасындағы өмірден алынған оқиға ақиқаттың шындығын жоғалтып алады да, көркем шындық бола алмайды. Суреткер табиғат пен өмірден тікелей алып жазбайды, шындыққа ұқсас қылып жазады. Сол үшін көркем шығармашылықта “жалаңаш” шындықты таппай , соған ұқсастықты табуымыз жөн /2.11/ Әдеби шығарма — өмір шындығынан туады. Өмір шындығынан өнер туындысын, көркем әдебиет үлгісін жасау — инемен құдық қазғандай қиын, тіпті азапты еңбек./3.3/
Әдеби шығарма әдебиетпен келеді. Ал, “әдебиет —ықшамдалған әлем” (Салтыков-Шедрин), бұл әлемге бәрі сияды, өмірдегі құбылыс та, адам тағдыры да. Ал, әдеби шығарма — сол нұрлы дүниенің сырлы бөлігі.. Ол — өмірдің өзі секілді күрделі, бұралаңы көп, қия-қалтарысы мол шытырман шындық.. Әдебиет оқушыны аспандағы қиялмен өмір сүргізбей, тіршілікпен бетпе-бет келтіртіп, қоян-қолтық араластырып өмір сүруге үйретуші.
“Әдебиет — үлкен процесс. Жазушының өзі қоян-қолтық араласып, бетпе-бет келіп жүрген жайларын көркемдік қазынаға салып, нәр-сөлі, тұз-дәмі татып шыққан рухани азыққа айналдыру оңай шаруа емес. Сезіну, түйсіну, іздену, тер төгу , т.б. толып жатқан процесстің өзі де шынайы талант күшінсіз бейшара күйде қалары мәлім.”/4.89/
Қазақ әдебиеті.. “Осы сөзді ауызға алғанда ең алдымен көз алдымызға үркердей бөлек топ жұлдаздары елестейді. Алдында Абай, жанында Жамбыл бар, сахарадағы салқар көшбастаушылардай соңында ілескен сарабдал сарбаздары бар, киелі Әуезов елестейді.” /5.94./ Елес қана емес, нақтылы көрінісіне ішің жылыйды, көңіл түндігі желпілдеп, жүректі мақтаныш пен қуаныш сезімі керіп кетеді....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | С.Қирабаевтың шығармашылығы

Кіріспе
Сыншы жауапкершілігі хақында ой толғаған бір мақаласында Серік Қирабаевтың былай деп жазғаны бар:
«Қөркем әдебиет табиғатын таныр сезімталдық сыншы үшін жеткіліксіз. Оның үстіне, ол жазушы қаламынан туған образдарды өмір құбылыстарымен салыстыра алатын, көркемдік бейнелеудің сырларын түсінетін әдеби білімдар адам болуға тиіс. Сыншы жазушыдан сәл де болса ілгері отыруы қажет.) Өйткені сыншы, белгілі дәрежеде, қалың оқырманның эстетикалық үғымдарын қалыптастырушы, оның тәрбиешісі. Жазушыға ақыл-кеңес беріп, шығармалары жайлы пікір айтып отыратын қаламдас дос».
Әдемі айтылған сөз. Және бұл — сыншы ретінде ең алдымен өзіне қойған биік талабы.
Сыншы парызы тек сынау емес. Жазушының кітабын қолына алғанда, ол оны, бір нәр іздеп, игі үмітпен оқымағы анық. Шығармадан тек жақсыны дәметіп, алдымен шұғылаға көзі түспек. Шын өнерді көргенде жаны сүй-сініп қуанбақ. Кейде оның қолына нәрсіз кітап та түсіп қалар. Сонда да шығармадағы жарық көмескі тартып, алыстан өлеусірей жылтыраған шырақтай әзер-әзер көрініп тұрса да„ оның көзі әуелі сол сәулені байқамақ. Қалтыраған әлсіз шырақтан, кейін өрши жанып, жарығы молаятындай белгі көріне ме? Әлде бар куаты осы ғана ма? Сыншы абайлап қарамақ.
Абырой-атақ қамы үшін емес, алдымен туған әдебиет мүддесін ойлаған, көркемөнерге шын жаны ашыған сыншыға осы қасиеттер тән болмақ керек.
Қазіргі қазақ әдебиет сыны мен әдебиет зерттеу ғылымының көрнекті ірі өкілі Серік Қирабаевтың бүкіл жазған әдеби еңбектерінен біз осы талап үдесінде белсенді қызмет атқарып келе жатқан кең тынысты қаламгер тұлғасын көреміз.
Тақырыптың өзектілігі: Әр дәуір әдебиетте өз тынысын, өз суретін қалды-рады. Өз заманының шындығын шығармасына арқау ете алмаған қаламгер тарих үшін де татымды нәрсе жасай алмайды, өз замандастарына да қадірлі бола алмайды». Міне, сыншының өз өлшемі. Бұл жерде көркем шы-ғарманың қоғамдық мәні жоғары болуы айрықша айтылып отыр. Ол сапа| шығарманың шындыққа қатысынан танылмақ. Және одан жазушының өмір тану дәрежесі мен позициясы да көрінбек. Сыншы сондықтан да көркем шығармада шындықтың дұрыс бейнелеуі мәселесін әр-дайым партиялық принцип талабымен ұштастырады. Сонымен қатар, шығарманың қоғамдық маңызын оның көркемдік сапасының биік дәрежеде болуына нық байланыстырып айқындайды. Серіктің әдеби-сын еңбектерінде қаламгер табысына баға берілгенде, ұлттық әдебиетіміздің даму ерекшеліктері мен жетістіктері көрсетілгенде, әдеби өсудің айғағы боларлық туындының мазмүн тереңдігі мен көркемдік биіктігі тығыз бірлікте алынып сипатталады.
Серіктің сын-зерттеу еңбектерінің дені қазақ әдебиеті мәселелеріне арналған Сыншының бұл еңбектерінде ұлттық әдебиетіміздің іргетасы қаланған алғашқы жасаң дәуірінен бастап, бүгінгі биіктеп ескен шағына дейінгі өсу кезеңдерінің сан-сала жайына қатысты келелі пікір өрбиді. С.Қирабаевтың шығармашылығына жасалған алғашқы қадам болса да, соншама ауқымды тың мәселелерді көтеруі тақырыптың актуальдылығын тағы бір атап көрсеткендей.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Жыраулар шығармалары: Абылай және қазақ батырларының ерліктері

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Еліміз егемендік алып ұмыт болған дүниемізбен қайта табысып жатқан, шынайы тарихи беттер ашылып өткенді қайта саралауға зерттеуге мүмкіндік туып отыр.Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі-оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз,білім институттарының дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзін бұрынғы қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен салыстыруға болмайды»-дей келе, «тарихи білімнің мұндай жүйесі қатардағы көшпелілер үшін тарихи,мәдени оқиғалардың ағыны ретінде бала кезінен сана-сзіміне сіңіп отырған.Қазақ даласының дүйім жұртында кең құлашты тарихи сана болған,себебі, бұл даладағы әрбр жұмыр басты пенденің жады бала кезінен ауызша айтылатын қисапсыз мол дерекке әбден жаттығып,көз қанық болып өскен. Халық тарихын түсініп,білу әрбір адамның өз басындағы сезім-түйсікпен астасып отырған» /1/
Ресейдегі ХХ ғасырда пайда болған революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтың соның ішінде Қазақстанның да жағдайына әсерін тигізді.Кеңес өкметінің орнауымен қазақ елінде өткен тарихын ұмыту, жоғалту басталды. Тіршілікке жаңа ұрпақ жетіліп тарих пен тағдырдың таразысынан қайта өтіп жатқан қазіргідей кезеңде тарихы көп бұрмалаушылыққа ұшыраған ел тарихын қайта зерделеу өткенімізбен қайта табысу қазақ тарихының көмексі тұстарын қайта ашуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр.
Қазақ даласында XX ғ.дейін ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен үстем болып келгені баршаға аян.Сондықтан қазақ тарихына қатысты жазба деректерді ілуде біреу кездестірсек, ауыз әдебиетінің дерегіне жататын ақын-жыраулар шығармалары жетерлік. Өкінішке орай ауыз әдебиетінің деректерінің құнын жазба деректерден төмен санайтын тарихи қате ойдан әлі арыла алмай келеміз,сол себепті нақты тарихи шындықты баяндайтын көптеген ақындардың өлең-жырлары зерттелінбей жатыр.Ал ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдері ақындар халықпен бірге біте қайнасып жатқандықтан сол заманның ащы шындығын өлеңдеріне негіз етіп алады,яғни тарихи шындықты айтады.Ақын шығармаларынан белгілі бір халықтың рухани есею жолын, тағдыр таразыға түскен небір тарихи тайталастардың мәліметтерін табасыз.Ал әдебиетте бейнеленген бұл мәліметтер белгілі бір дәуірдің мән-мағынасын айқындайтын елеулі тарихи фактілер, шынайы өмір шындығы екендігі мәлім. /2/
Қазақ халқының тарихи жырларын жазып алып жариялау ол туралы азды-көпті ғылыми пікір айту өткен ғасырдың ІІ-жартысынан бері қарай көзге түсе бастағаны мәлім.Алайда бұл жанрға арналған байсалды еңбектер Советтік дәуірде, әсіресе Ұлы Отан соғысынан кейін пайда болды /3/.
XVІІІ ғ. қазақ халқының әлеуметтік саяси және философиялық ой жүйесіне ерекше бір шабыт беріп, қозғау салып, хандарымызға елін,жерін түгендетіп, батырларымызға қолына найза ұстатып жауға қоса, жырауларымыздың ойына түрткі салып,замана жайлы сол кездің көкей кесті мәселелерінің шешімін өз шығармашылықтарына арқау еткізген заман болды. Евразиялық кеңістіктегі Қазақ ордасының осы бір кезеңінің тарихи хал-ақуалын жазушы М.Мағауин былай деп сипаттайды: «Түркістан бастаған 25 қаладан айырылу Қазақ Ордасының қанатын қырқып,өрісін тарылтып қана қойған жоқ,оның алдағы замандардағы тіршілік кебін бір жақты мал шаруашлығымен ғана айналысатын көшпенді кепке түсірді. Түркістандағы Әзірет сұлтан дүрбесінен бастап, Сауран, Шымкент, Сайрам, Ташкент, Созақ және басқа қалалардағы мешіттер қоймасында сақталған бай кітапхана ондағы діни-фәлсафалық еңбектер,ескі тарихтар мен шежірелер біз бар деп білменген тағы қаншама мұра өртке кетті, талан-таражға түсті,жойылды.» /4/
Осындай алмағайып заманда қазақ халқының өмір сүруімен жойылып кетудің алдында тұрған неғайбіл шақтарында ұлттық жоғары рухы, көзсіз жанқиярлық ерлігі жайында қаншама аңыздар, өлең-жырлар, талғаулар өмірге келді. Ол туындылар сол кездегі өмір шындығы, жүректердің тебіренсі, халықтың арман тілегі. Біздің жадымызда екі ғасыр бөліп тұрса да, бабалар үні құлағымызда тұрғандай. Ақтабан шұбырынды жылдары қазақ елінің дербестіктен айырылып қалу қауіпі туған кезең еді. Өздеріне соншалық қымбат құндылықтардың күйрей бастауының нышандары айқын көріне бастаған кез. Сондықтан да осындай қауіпті ең алғашқы көрген, сезіне бастаған халықтың ең сезімтал ұлдары-жыраулар, билер, ақындар, осындай күйреудің үрейлі ұшқындарын өздерінің шығармаларында көрсетіп, халықты, билік басындағы хандарды бірлікке шақырды. Олардың негізгі үні- отаншылдық, ерлік, жерін, ата-мекен қорғау т.б. бір кездегі Түрік империясының дәуірлеген кезіндегі рухтың өрлігі бәсеңсіп, ұсақ мүдделердің , билікке таласудың, тайпалық, рулық, және т.б. пиғылдардың белең алғандығы қатаң сыналып, тұтас халықтың бірлігінің мүдделерін алға тарту басым.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | З.Шашкин мен Р. Сейсенбаевтың аудармашылық шығармашылығы

КІРІСПЕ
Көркем әдебиеттегі қостілділік, ең алдымен эстетикалық тәрбие беру мақсатымен танымдық жүйеде кең көлемде қызмет етеді.Бұл тікелей әдеби үрдіске қатысты болады. Көптеген белгілі ақын-жазушылар өз ана тілінде және қазақ тілдерінде жазады. Атап айтсақ, неміс Герольд Бельгер немісше және қазақша, Исмаил Саттаров пен Ш. Шабаевтар ұйғырша және қазақша жазған. Бұл ұлттардың жақындасуы мен тілдерінің табысуының басты желісі.Бір тілд жазатын жазушы мен екі тілде жазатын жазушылардың бір – бірінен айырамашылықтары айтарлықтай көп болады.
Қостілділікте ана тілінің толқымалы құбылмалы таралу әсері болады. Бір ғана тілде жазатын жазушылардың тіліндегі сөз саптау ерекшелігі қостілді жазатын жазушының тіліндегі сөйлеу мәнерінен өзгеше болады. Ал, екі тілде жазатын жазушы мен бір ғана тілде жазатын жазушының ауызша сөз сөйлеу үлгісінде артикуляциялық – интонациялық (сөз жасамдық және тыныс белгісін) ой кескіндемесінде өзгеріс алшақтық мол. Қос тілде жазатын жазушының сөз саптауындағы ерекшеліктер бір ғана тілде жазатын жазушыдан айрықша көзге түсіп тұрады. Екі тілде жазатын тұлғалардың бір тілден екінші тілге ауысып тұру механизмі ерекше қызығушылық туғызады. /19, 146/
Авторлық аударма – қостілде жазатын жазушының әдеби – көркем шығармашылығының ма арқылы бастаған, мұның өзі қос тілде жазатын жазушылардың қалыптасу жолдарын көрсетеді.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Тіл дамуындағы үрдістің барысында аударма қызметінің атқаратын ролі орасан зор. Аударма арқылы қалың жұрт ақыл – ой иелерінің асыл қазынасымен танысады. Өткеннен мұра болып қалған және қазіргі заманымыздың мәдениетін игеруге үлесін тигізеді.
Аударма әдебиетінің маңызы мұнымен бітпейді. Ол ана тіліміздің толық қалыптасуына, дамуына әсерін тигізеді. Аударма жалпы әдебиеттің бір бөлімі ретінде тәжірибеде, яғни іс - әрекетте көрсетіледі. Аударма арқылы орыс, қазақ және шетел әдеби шығармаларының байланысы бір – біріне әсер етуі, типологиясы мен поэтикасы, әдеби әдіс – амалдары, аударма кезіндегі шығарма тілінің өзгеруі, қайта жаңғыруы аударма шеберлерінің іс – тәжірибелері отандық және шетелдік аударма мектептерінің жетістіктерін қарастырады.
Аударма жұмысы – бүгінгі таңда мақсат – мүддесі, тіршілік әрекеті бір адамзат қоғамындағы аса маңызды шартты құбылыс.
Аударма – ұшан-теңіз өмір ағысының бүкіл үрдісін ұштастыруға себепші болып отырған елеулі күштердің бірі./1, 5/.
Аударма дегеніміз – бір тілде ауызша айтылған ой – пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға, екінші тілде яғни, оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу.Бір тілден екінші тілге аударылып жазылған немесе баспадан басылып шыққан барлық әдеби және жазба еңбекті аударма туынды деп атайды/2, 9/.
Адамзат тарихында әрбір ұлт, әрбір қоғам алмасу, ауысу, араласу нәтижесінде өмір ағымы алға жылжиды, өседі, өркендейді. Яғни, өзінде жоқты өзгеден алады, білмейтінін үйренеді, білгенін басқаға үйретеді. Осындай ауысудың тиянақты тірегі – аударма. А.Пушкин “аудармашылар - мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдап жеткізетін почта аттары” деген /2, 23/. Осыған орай, М.О.Әуезов аударма бір жағынан шеберліктің де мектебі. Аудару үстінде жазушы автордың шығармашылық сырына қанады.Оның көргенін көріп, білгенін біледі, сол арқылы өзінің ой - өрісін ұлғайтумен қатар, авторша машықтанып үйренеді. Бұл жағдай шын талант иесінің бойынан шығармашылық қайнардың жаңа көздерін ашуға себепші болады.
Аударма өнері - идеология майданындағы зор құралдардың бірі, соның ішінде елеулісі десек те қателеспес едік. Ендеше, М.Қаратаев ағамыз айтқандай, көркем аударма дегеніміз өзінше өнер, шығармашылық әдебиеттің құқықтағы түрі дейтін ұғымды іс жүзінде жеткізіп, бұл іспен суреткерлік қабілеті бар адам ғана айналысуы керек.
Аударма туынды – көркем әдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар екі ел сөз өнерінің рухани қазынасына айналады.
Аударма мәселелері соның ішінде көркем аударманың проблематикасы тамырын тереңге жайып жатыр. Ол бастауын Ежелгі Римнен алады. Сол дәуірде аударманың түпнұсқаға адалдығы туралы аса маңызды мәселе төңірегінде Цицерон аудару кезінде сөзді санамау керек, керісінше сөзді салмақтау керек деген /3,8/.
Ө.Күмісбаевтың пікірі бойынша – көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Аударма - әдебиеттің арналы, мол салаларының бірі. Аударманың сөз дамытудағы мәні де айрықша зор. Өйткені аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларын басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Негізінен аударма саласы мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі, үлкен дүниесі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Руxани жаңғыру бағдарламасы

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды: Бәсекелестік....
Шығармалар
Толық

Қазақстан ту еткен бейбітшілік пен келісім әлемді құтқарады

Бейбітшілік пен келісім – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандап келеді. Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» құрыпты. Қалған уақыттың бәрінде мемлекеттер «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал» деген қағидамен өмір сүрген көрінеді. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десек те, әлемнің түрлі...
Шығармалар
Толық

Менің ауылым

Менің ауылым – Ақтөбе. Мен өз ауылымды жақсы көре­мін. Себебі бұл – менің туған жерім. Әркімнің туған жері өзіне ыстық. Ауылым аудан орталы­ғынан 42 шақырым жерде орналасқан. Өзім осындағы №109 қазақ орта мектебінде білім алып жүрмін. Сондай-ақ, сабақтан тыс уақытта газет-журналдар оқы­ғанды ұнатамын. Әсіресе бала­ларға....
Шығармалар
Толық

Қоян

Жыл мезгілінің тамаша кезеңі қыс айы. Айнала кіршіксіз аппақ түске енген. Мүлгіген тыныштық . Ауыл үйлерінің мұржасынан түтін шығып , аспанға қарай тік көтеріліп жатыр.
Бұл бүгін күн аяз екенін білдіреді . Үйден қолына шанасын сүйретіп Рауан шықты. Жан-жағына көз тастап , өзімен бірге серік болып, ойнайтын бала бар ма? деген оймен. Рауан касына қора жақтан Ақтөс келіп,кұлағын қақшитып еркеле қарайды.
Шанасын сүйретіп Рауан ауыл шетіндегі тауға қарай......
Шығармалар
Толық

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды......
Шығармалар
Толық