Психология | Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту ерекшеліктері

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда «тұлғаға бағытталған» білімнің құнды негізі ретінде бала орын алады және де өзекті мақсат ретінде еркін, рухани, шығармашыл, адамгершіл тұлғаны - яғни мәдениет адамын қарастырады. Тұлғаның бойындағы басты мәселе - болашаққа ұмтылыс, өз мүмкіндіктерін еркін жетілдіре білу, өз-өзіне сенімділігін арттыру және идеалды «Мен құрамына қол жеткізу мүмкіндіктері».
Жаңа әлеуметтік мәдени ортада гуманистік парадигма психологиялық-педагогикалық ойлаудың басты идеясы болып табылады. Ол үшін тұлға бұл адамға ғана тән өзін-өзі өзектендіре білу мүмкіндігін болжайтын бірден-бір құнды жүйе. Адамның шығармашылық бостандығын мойындау қоғамның басты байлығы. Ал тұлға болса табылады да, өзінің ерік күші, қиялы, шығармашылығы мен бірбеткейлігінің арқасында өзін-өзі ұйымдастырудың әлсіз механизмдерін қолдап отырады [1].
А.Е.Леоньтев ойлауды зерттеуде фундаментальды мәселелерді жалпы психология іс-әрекет теориясымен байланыстырды. С.Л. Рубинштейн еңбектерінде ойлау процесін зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның заңдарын бөліп, ойлау операцияларының негізін көрсетті.
П.Я. Гальперин ойлау даму кезеңдері мен түрлерін қарастырды. Сонымен қатар қазіргі психологиядағы ой сапасы мен түрлерін кең көлемде зерттей отырып психологиялық термин ерекшеліктерін ұсынғандар: А.Р.Лурия, Е. Блейлер, Г. Майер, Б.М. Теплов тб.
Б.М.Теплов ойлаудың интеллектуалдық ерекшеліктерін практикалық міндеттерді шешуде іс-әрекеттерде көрінетініне тоқталды. Л.С.Выготский «Ойлау мен сөйлеу» атты еңбегінде онтонегездегі сөз бен ойға қатысты сын ерекшелігін айтты.
Жалпы ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. Адам кез-келген мәселені алға қойып, шешу үшін тәжірибеде ашылған заң ереже ұғымдарды пайдаланып отырады.
Ойлаудың ерекшеліктеріне: оның сөзге деген қатысы, ойлаудың мәселелігі, ойдың жалпыламалығы мен жанамалылығы. Ойлаудың сөзге деген қатысын түрліше психологиялық мектептер мен ағымдардың өкілдері түрліше қарастырып келді және әлі де солай қарастыруда. Өткен дәуірде идеалистік ойлау сөйлеуг етәуелсіз, ол сөз ойлауға бағыншсыз деп есептеді .Бұл тұжырымды олар былай дәлелдеді: адам іштей ойлана отырып, біреумен сөйлесе және дәл сол сәтте басқа бір нәрселер ойлай береді. Ой алуан түрде айтылады, демек ойлау мен сөйлеу бір-біріне тәуелсіз бола беретін тәрізді.
Психологияның мінез-құлықтық ағымының өкілдері керісінше ойлау мен сөйлеуді ұқсас құбылыс деп есептеді, бихевиористер былай деді: біз іштей отырғанның өзінде сөйлеу аппаратының жасырын жұмыстары жүріп жатады. Ойлау дегеніміз дыбыссыз сөйлеу, ал сөйлеу дыбыстап ойлау.
Ал қазіргі кезде ойлау мен сөйлеу біірлікте деген қағида қуатталады; яғни олар бір-біріне ұқсас та емес, бөлек те емес [2].
Екінші жүйе сигналдарының ерекшеліктерін зерттей отырып (И.П.Павлов) зерттеушілер сөзбен тітіркендіргенде байланыстың 1–ші сигналдық байланыстарға қарағанда тезірек жасалатынын және әлдеқайда берік болатынын ашып көрсетті.
Ойлаудың мәселелігі- ойлау әрқашан бір мәселені шешуге бағытталады. Мәселені шеше отырып бір нәрсені білгісі, сырын ашып түсінгісі келеді. Бір жасар баланың өзі жаңа әдеттегіден тыс затқа кезіксе таңданады. Бұл И. П. Павловтың айтуы бойынша “Бұл не?” рефлексіне негізделеді. Ойлаудың мәселе шешуге бағытталуы, оған мәселелік, ізденгіштік сипат береді. Бұл ойлау процесінің ең елеулі белгісі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері

Кіріспе
Әдебиеттің зерттеу нысаны адам яғни адамтану екенін ескерсек, әрбір адам өзінше бір дүние, ашылмаған зерттелмеген қазына емес пе? Барлық нәрсенің өлшемі болып табылатын - Адам болмысының табиғи, биологиялық, физикалық , психологиялық ерекшеліктерін әр ғылым саласы өз тұрғысынан зерттеп зерделейді.
«Адам психикасы оның құпиясы мол табиғаты, есті және ессіздік т.б. секілді психологиялық үдерістер философия, психология және әдебиеттану ғылымдарына жан талдау тәсілін тудырып, адам
мәселесін терендей зерттеуге зейін қоя бастады» (1,3) деген пікірге ден қойсақ, көркем әдебиеттің ерекшелігінің өзі сонда, ол адам жанының құпия қалтарыстарын, күйініш – сүйініштерін бір сөзбен айтқанда, адамды психологиялық барша болмысымен толық ашып беретіндігімен тікелей байланысты.
Көркем шығарма табиғатын психологиялық тұрғыдан талдау ,
жалпы прозадағы психологизм, лиризм, сондай – ақ көркемдік тәсілдің түрлері ретінде «ішкі – монолог» «ой ағыны» т.б. мәселелер де көптеп сөз болып жүр. Психологиялық талдау дәстүрі кімнен басталып қазақ әдебиетіне қайдан келді. Алғашқы үлгілері қай жазушылардың творчествасында көрініс берді.
Психологиялық талдау дәст үрлі әлем әдебиетіндегі жаңалық
ретінде негізінен XIX ғасырдың екінші жартысында ғана
дүниеге келгені мәлім. Алғаш рет австралиялық дәрігер - психолог З. Фрейд(1856 – 1939) ашқан психологиялық талдау тәсілі бастапқыда жүйкесі сырқат жандарды емдейтін медициналық термин болып қалыптасқанымен бертін келе адам психикасын зерттеу аумағы кеңейіп, өзге де өнер салаларында, соның ішінде әдебиетте көркемдік тәсіл ретінде қолданыла бастайды.
Ал, орыс әдебиетінің сынында «психологиялық талдау» деген терминді алғаш Н. Г. Чернышевский, Л.Н. Толстой шығармаларын талдау барысында қолданған екен. Бұл термин басқа да әдебиетші, сыншылар тарапынан қызу қолдау тауып реалистік әдебиеттегі көркемдік әдістің басты элементі ретінде қолданылады.
Психологиялық талдаудың алғашқы үлгісі Л. Н. Толстой туындыларында көрініс берсе, Ф. Достаевский творчествосында ол шын мәніндегі дәстүрге айналып одан кейін А. П. Чехов,
И.А. Бунин, М. Горкий, А. И. Куприн шығармаларында тамырын
тереңге жайды. Орыс әдебиетінде Л. Толстой мен Ф. Достаевский
Қазан төңкерісінен кейін Кеңес әдебиетінде М. Шолохов,
Л.Леонов, К. Федин, А. Толстой, А. Фадеев, Л.Собольев сияқты белгілі жазушылардың шығармаларында жемісті жалғасын тапты.
Біріншіден, қазіргі қазақ әдебиетінің қай жанырына көз салмайық, оның профессионалдық деңгейінің өскендігіне, өмірлік шындықты өнерлік мұрат деңгейіне көтеруге де жазушыларымыздың ізденіс үстінде екеніне көз жеткіземіз. Мәселен, ХХ ғасырдың басында дүниеге келген бір ғана роман жанрының өзі бүгінде қандай биік деңгейге, кемелдікке жетті.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН САБАҚ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-техникалық жаңалықтарға еркін аяқ басқан егеменді еліміз ХХІ ғасыр табалдырығын аттай отырып, білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру мәселесін, демократия мен ұлттық руханиятты, мәдениет пен тілді түлетуге, ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға баса көңіл бөліп, білім беру мекемелері өздерінің алдына басты міндет етіп қойып отыр. Осымен байланысты жаңарған қоғамның жастарын ұлттық-патриоттық рухта тәрбиелеуге арналған оқу-тәрбие жүйесінің жаңа кешенін жасау қажеттілігі туындауда.
Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамасында «мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғастығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүдесі мен бірлігінің тоғысуына негіздеулі керек. Мәдени-этникалық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс», деп өте орынды айтылған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Асқар Тоқмағамбетов шығармаларының ерекшелігі

Асқардың жырлаған тақырыбы, жанрлық ерекшеліктері, көркемдік стилі жағынан әр алуан. Оның бер жағында Асқар творчествосы, оның өзіндік ерекшеліктері, көркемдігі мен идеясы жайлы жазылған зерттеу сын мақалалары аз емес. Ақын туралы сын мақалаларға көз жіберер болсақ, оның әр кезде жазған жеке-жеке шығармаларындағы сәтті, сәтсіз жайлар кезінде көрсетілді, жазылды. С.Мұқановтың, Ә.Тәжібаевтың әдебиеттің дамуына байланысты Асқар творчествосы жөнінде айтқан пікірлері мен сындарынан басқа, оның поэзиясына айрықша тоқталып, талдау жасап, түйінді пікірлер айтқан талантты жазушы С.Ерубаев болды. Ақын шығармалары туралы І.Жансүгіров, Қ.Бекқожин, Т.Нұртазин, Е.Исмайылов, С.Төлешев, Ә.Тәжібаев, Т.Әлімқұлов, С.Қирабаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Р.Бердібаев және М.Бәйділдаев тағы басқа да ақын-жазушылар ақын Асқар творчествосына пікір айтудан шет қалған жоқ.
Асқар творчествосы туралы ең алғаш жазылған сындардың ішіндегі көлемді де мазмұндысы С.Ерубаевтың сыны болғандықтан, соның төңірегінде сөз қозғасақ, С.Ерубаев ақын поэзиясының күделікті өмір тынысымен тығыз байланысып жататынын жоғары бағалады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Абай шығармаларындағы адамгершілік мәселесі

Бүгінгі қоғам талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен жариялықтар білім беру саясатына жаңа көзқарас қалыптастыруды қажет етеді. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында «білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру мен дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалу қажет» деп көрсетілген. Жеке адамды дамытудың басты бағыты – жаңа адамгершілік құндылықтарды орнықтыру екендігі белгілі. Мұндай ауқымы кең міндетті шешуде көркем шығармалардың алтын орны ерекше. Көркем туынды да халықтың тарихи жүріп өткен жолдары, өмір белестері, елдік – ерлік дәстүрлері, тұрмыс – салты, психологиясы жинақталған, табиғаты кескінделген, адамгершілік ұғым түсінігі көрініс табады. Осындай талғамы биік оқушы жүрегіне жол табатын шығармалар қатарына Абай туындылары жатады. Әлемдік деңгейдегі ақындардың бірі, мәдениет, пәлсапа, музыка, ой дүниесінің алыбы, ағартушы-демократ, шешен, аудармашы, тәрбиеші-ұстаз Абай тек бір ұлттың көлемінде ғана емес, оның асыл мұрасын оқытудың өзекті мәселелері ұстаздар қауымының алдына қазіргі кезеңдердегідей ерекше жауапты, аса қиын да күрделі сұрақтарды қоймас еді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Абай шығармашылығының зерттелуі

Абай тілін зерттеу- бүгінде қазақ филология ғылымының ауқымды саласы болып қалыптасып отырған абайтанудың өз алдына маңызды, зор тармағы.Абай тілін танып-таныту саласы өзінің зерттеу нысаналары мен әдістерін, сондай- ақ жеке және жалпы мәселелерін біршама анықтап, бір алуан еңбектер ұсынғанымен, арнайы жүргізілетін зерттеулердің қажеттігі даусыз. Абай тілі- кең, ауқымды тіл. Оның көркемдік тұрғысы, тілдік- стильдік арнасы да сан салалы. Бұл жұмысымызда Абай шығармашылығының лексикалық қабатын қамтуды басты нысан етіп отырмыз. Ақын поэзиясында, прозасында лексикалық қабаттардың әрқалай, әртұрғыда қолданғанын зерттеушілердің
жұмыстары дәлелдеп отыр .Мемлекеттік ұлттық әдеби жазба тілдің негізін салушы Абай тәрізді қаламгердің тілін бірнеше аспектіден қарастырғанымыз жөн . Абай лексикасын генетикалық тұрғыдан талдағанда негізінен үш қабаттан тұрады деп қарастырамыз. Абай тілінде кездесетін араб-парсы қабытының үлкен тобы –тек ақын шығармашылығында кездесетін, бірақ қазіргі қазақ тіліне енбеген сөздер. Абай шығармашылығы арқылы қазақ әдебиетінің тарихына еніп, лексикалық тұрғыдан зерттелініп те жатқан араб- парсы сөздерінің де маңыздылығын атап өткен жөн.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ақтамберді жыраудың шығармалары

Қазақ поэзиясының, қазақ жазба әдебиетінің түп тамыры қадым замандарға барып тіреледі. Дәуіріне сай дамыған мәдениеті, төл жазуы болған бабаларымыз ілкі орта ғасырлардың өзінде (V-VII ғас) мәңгі өлмес мұралар жатады. Ғылымда «Орхон-Енисей жазулары» аталатын , түрік тайпаларының байырғы қоныс-мекендерінде көне түрік жазуымен тасқа қашалып қалдырылғанбұл тамаша ескерткіштер қазіргі адамзат мәдениетінің даму тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі болып саналады.
Түрік қағанаттары құлағаннан (XVIII ғас.) соңғы жерде түрік әлеміндегі әдеби өмір орталығы тікелей қазіргі Қазақстан жеріне-Жетісу мен Сыр бойына ауысады.
Өзіндік сыпатқа ие дала мәдениетімен қоса қала мәдениетіде өркендиді.Осы кезеңде бірталай түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауына байланысты,бұған дейін кеңінен қолданылып келген руна жазуын және ғылымда шартты түрде ұйғыр жазуы деп аталатын екінші бір көне түрік жазуын араб жазуы алмастыра бастайды.
Өлкенің әкімшілік,эканомикалық және мәдени орталықтарына айналған ірі қалаларда маңына оқымыстылар,діндар ғұламамалар топтасқан үлкен мешітте салынады,мектептер,медреселер ашылады.Дәл осы кезде қәзіргі қазақ жерінен мұсылман әлемінде «мұғалім әс-сани»-мәшһүр Аристотельден соңғы екінші ұстаз атанған Әбунасыр әл-Фарабидің өсіп шығуы кездейсоқ еместі.Және Отрардан қанаттанған ұлы ғалым жапнда өнген жалғыз бәйтерек болып қалған жоқ.Сол көне күндерде жасаған,шығыста кеңінен танылған астроном әрі математик Аббас Жауһари,филолог Ысқақ әл-Фараби, географ Жанақ әл-Қимақи сияқтыоқымыстылар отандық білім мен мәдениеттің биік өресін танытады.
: Бұл дәуірде жасалған әдеби мұралардың дені өлкеде ешқашан толастамаған қырғын соғыстар кезінде жойылады,енді біразы уақыт шаңы астында із-түзсізжоғалады.Ал біздің заманымызға жеткен үлгілердің ішіндегі ең көнесі,әрі көлемдісі-1069 жылы жазылған ат ақты дидактикалық шығарма- «Құтадғу білік»-.Поэма авторы Юосуф Хас ХадживШу алқабындағы Баласағұн қаласының тұрғыны еді.Екінші бір елеулі ескерткіш-Түркістан қаласынан шыққан софы ақын Хожа Ахмет Яссауидің «Диуан хикмат» атты өлеңдер жинағы .Қыпшақ диалектісінде жазылған Яссауи өлеңдері өз кезінде сақарадағы көшпенділер арасына кеңінен тарады.
Бұдан соңғы ғасырларда жасаған,қазақ әдебиеті тарихына белгілі мөлшерде қатысы бар ақын-жазушылардың ішінен Хакім-Ата, Дүрбек пен Сейф Қашғари жазған түркі тілдерінің сөздігі «Диуани лұғатта-түрік» және қыпшақ тілінің сөздігі «Кодекс куманикус»сияқты ескерткіштер де көне дәуірдегі қазақ поэзиясы, қазақ фольклоры туралы мол мағлұмат ,құнды деректер береді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша айналымындағы ақшаның ролі және оларды шығару

Ақшаларды ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмiр сүрiп келедi десе де болады. Ғасырлар бойы ақша өзгерiп отырған және бүгiнде олардың жағдайы аяқталған соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесiнде жалпыға бiрдей балама формасында әр алуан тауарлар болған: мал терi, қабыршақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделген ақша қажеттiгiнiң себептерiн түсiндiредi.
Экономикалық категория ретiнде ақшалар өндiрiс және бөлу процесiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейдi. Бұл жерде ақша бес түрлi қызмет атқарады: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзiлiк ақшалар.
Ақшаның өзiнде, сондай-ақ олардың қызметтерiнде жылдар бойы өзгерiстер болды. Егер де бұрындары сатып алу- сату процесi жалпыға бiрдей балама – алтынмен жүргiзiлсе, бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.
Ақша айналысының объективтi негiзi – тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табқылады. Ен формасының өзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.
Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сату-сатып алумен шектелмейдi.
Курстық жұмыстың тақырыбы маңызды мәселенiң бiрi ақшалар айналымындағы ақшаның ролін ашып көрсетуге бағытталып алынды. Күнi бүгiнде айналымдағы ақшаның ролi жоғары.
Курстық жұмысым екi бөлiмдi қарастыра отырып жазылды. Бiрiншi бөлiмде қоғамдық қатынастарды таратушы ретiндегi ақшаның маңыздылығын оның шығу тегiнен бастап, тарихи даму кезеңдерiне, қасиеттерi мен мән-маңызына тоқталып, атқаратын бес түрлi қызметiн ашып жаздым.
Жұмыстың екiншi бөлiмiнде ақша айналымындағы ақшаның алатын орны мен айналысқа ақшаларды шығаруды басты мәселе етiп ала отырып, ақша айналысы және ақша айналымы ұғымдарының мәнiн, айналысқа ақшаларды шығару процесiн сипаттап жазуға ұмтылдым.
Курстық жұмысты жазу кезiнде ақшалар туралы көптеген оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, яғни экономикалық әдебиеттердi пайдаландым. Мысалы, бiрнеше авторлар бiрiгiп жазған және аударған, жалпы редакциясын басқарған ғалым-экономист Сейтқасымов С. “Ақша, несие, банктер” оқулығы, сондай-ақ мерзiмді баспасөз материалдарын, әсiресе “Қаржы-қаражат” журналы жұмысты жазуыма кө.......
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қ. Ергөбек Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеуші

КІРІСПЕ
Қандай халық болмасын өзінің азаматтық тарихына енжар қарай алмаса керек. Әдебиет тарихы – халықтың азаматтық тарихымен сабақтас құбылыс. Адамның тынымсыз еңбегімен, зерек ақыл, ыстық жүректің жылуымен бірлікте ғана жасауы мүмкін таланттың қыр-сырына арнайы үңілу бұл жұмыстың мақсаты емес. Алайда шығармашылық және зерттеушілік болмысын талант пен еңбектің бірлігінен тыс түсіндіруге болмайтын, табиғатында талантты, ғұмырында еңбекқор, қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі белді өкілі, көрнекті сыншы, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің терең еңбек жолы, терең шығармашылық келбеті, терең ғылыми ізденістері туралы сөз бола қалған жағдайда алдымен талантты өз ғұмырында шығармашылықтың қиындығы мен қызығына бірдей жұмсап үлгерген Құлбек Ергөбек қазақ әдебиеттану ғылымының қыр сырына қанық бұл жолға таланты мен күш қайратын бірдей жаныған ғалым.
Әлеуметтік, танымдық-мазмұндық тұрғыдан алғанда да, эстетикалық, әдеби-көркемдік тұрғыдан алғанда да аса маңызды зерттеу еңбектерінің атына заты сай болуын қамтамасыз ететін принциптері. Мұның өзі зерттеушіге зор жауапкершілік нардың жүгін арқалатқан міндеттер. Іс жүзінде зерттей білу де – талант. Теңіздің түбінен інжу теріп алғандай көп оқып, ізденудің кірпияз талғампаздық жемісі. Сәбит Мұқанов жайлы көптеген сыни мақалалар, зерттеу еңбектері шын мәнінде де көп еңбек етіп, талғампаздық пен мұқияттылық танытқан. Құлбек Ергөбек әдеби-ғылыми мәселелерді мөлдіретіп жазған, Тіл оралымы бай, сөз саптасы шешен. Алайда ол татусыз тамсану, дәмсіз су сорудың жетегіне ешқашан ерген емес. Не айтса да деректермен, нақтылы пайымдаулармен, ұстамды ой-пікірлермен көрінді. Құлбек зерттеулерінде сарыла ізденген нәр бар, еленіп екшеленген ой бар.
Осыдан болар Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «... Сіздің ұлттық әдебиеттануыңыз бен әдебиет тарихының заманға лайық жаңа методологиясын жасақтау академиялық орнықтылығы мен кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы тыңғылықты ізденістеріңізгн сүйсінемін», - деп пікір білдіруі кездейсоқ емес.
Иә, академиялық орнықтылық ... Бұл қасиет қателеспесем Құлбекке кезінде біреу де болса бірегей болған Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетінің ұстаздарынан дарыған деп ой түюге болады. Алайда сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбек шығармаларының кейінгі толқынға, артынан ерген ізбасарларына беймәлім қырлары бары анық.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті:
Қазақ әдебиетінің жарқын бейнелерінің бірі Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеп, бүтін бір шеберханаға айналдырған сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбектің еңбегін тану арқылы оны қазақ әдебиетінің құнды беттеріне айналдыру. Жазылған шығарманы оқу бар да, оны кәсіби тұрғыдан тану бар. Осы ретте Құлбек Ергөбектің Сәбит Мұқанов туралы зерттеу еңбектерінің кейінгі әдебиеттанушылар үшін танымдық маңызы зор. Осы тақырыпты зерттеудегі біздіңі мақсатымыз да осы арнаға саяды.
Сондықтан Диплом жұмысымызды Қ.Ергөбек шығармашылығына, оның ішінде заманының заңғар жазушысы, әдебиетіміздің марқасқасы С.Мұқанов шығармашылығын зерттеген еңбектеріне арнағанды жөн көрдік. Әрине, бүкіл әдебиеттің жаңа бағытына айналған зерттеулердің бір Диплом жұмысының ауқымына сыйғызу мүмкін емес. Дегенмен сыншы, зерттеуші Қ.Ергөбек зеттеулерін ғылыми түрде қарастырып, талдап таразылаудың уақыты жеткен сияқты. Әрине біздікі тек тың соқпаққа сүре салу ғана. Қалай болғанда да, диплом жұмысымызға арқау болып отырған ауқымды еңбектер әдеби ортада өз бағасын алғанымен, ғылыми түрде сараланбағаны ақиқат. Осыны негізге ала отырып Диплом жұмысының мақсатын айқындап, саралай зерттеуді міндетімізге алдық.
Диплом жұмысының өзектілігі:
Бізде сыншылар аз емес. Бірақ соның ішінде әдебиетке белсене араласатыны некен саяқ. Солардың бірі – сөз жоқ Құлбек Ергөбек. «Сыншы атану, сыншы міндетін сезіну - өз буыныңның жетістігін өзіңдікі санау, кемшілігін өз кемшілігің санау, сөйтіп жетістік – кемшілікті өз мойныңа көтеріп алудан басталған» дейді Құлбек Ергөбек. Б Майлин, Ж.Аймауытов, Б.Кенжебаев, Б.Соқпақбаев, Д.Исабеков, А.Сейдімбек, Ө.Нұрғалиев, Б.Қанатбаев, Қ.Түменбаев сияқты сыншыларымыздың пікірі, ой-толғамдары таразылауы қандай мәдениетті, қандай өтімді, тұщымды. Жазушыны жер бауырлататын сын бар, жазушыны көтермелейтін сын бар. Мұның екеуі де еренсіздің ісі. Сынның төресі – жазушыға көмектесетін сын. Әдебиетті көтеретін де осы сын. Құлбек Ергөбектің сыны да дәл осындай жазушыға көмектесетін әдеби сынның беделін өсіретін өміршең сын. Ұлы ақын А.С.Пушкин «Сын тарихы – ел тарихы» екенін айтқан. Демек, шығармашылығынғылыми зерттеумен байланыстырған біздің кейіпкеріміздің сыншылық көзқарасы бір әңгіме тарауы. Әрине, шығармада жәй оқырман байқай бермес бұрылыс-қалтарыстарды әдебиетші көзімен зерттегенде сынның қатар жүретіні заңды құбылыс. Сондықтан, бүгінгі әңгімеміздің өзектілігі деп Құлбек Ергөбектің сыншылық қырын алуымыз жайдан жай емес.
Диплом жұмысының құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш тараудан, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Алғашқы тарауды Құлбек Ергөбек қазақ әдебиетіндегі сыншы, зерттеуші деп алып, онда Қ.Ергөбектің сыншылық жолға келуі, жалпы әдебиетке бет бұруына ықпал еткен алдынғы буын ағаларының, ұстаздарының атап айтқанда Б.Кенжебаев пен Т.Кәкішевтердің берген бағыт-бағдары негізге алынады. Сонымен қатар, құлбек Ергөбектің шығармашылығының шыңына айналған Сәбит Мұқанов тақырыбына келу жолдары сараланады. Екінші тарауда Құлбек Ергөбек «Адасқандар» романын – романнан повестке деп атап, бұл тарауда сыншының Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романын негізге ала отырып, түпнұсқадан алыс кетпей, нақтылықты ұстандық. Айтулы шығарманың астарына иерең үңілуге тырыстық. Соңғы тарау, бүкіл бір дәуірдің бет-бейнесін ашатын Сәбит Мұқанов шығармашылығын тағы бір қырына арналады. Оның халық ауыз әдебиетін зерттеудегі еңбектері сыншы Құлбек Ергөбектің назарынан тыс қалмаған. Сәбит Мұқановты жаңа заманның жазушысы деп тану арқылы жеке зерттеу жұмыстары сараланады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Олжас Сүлейменовтың шығармалары қоғамдық-саяси қызметі

КІРІСПЕ
Қазақ халқы ұлы уақыт бедерінде талай танымал тұлғаларды тудырған. Солардың бірі - Олжас Омарұлы Сүлейменов. Ол - бүкіл әлем таныған арқалы ақын, өз ұлтының шынайы патриоты, қоғам қайраткері. Сондықтан да ол туралы жылы лебіз білдіру - әркімнің азаматтық парызы.
Ол - ақын, түрік-славян тілдерін, мәдениеті мен тарихын зерттеуші-жазушы, ойшыл, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының негізін салып, Семей, Невада, Жаңа жер, Моруроа аймағында мораторий жариялауға қол жеткізген батыл адам. Олжас Сүлейменов саясаттың адамы, ол «Қазақстанның халық конгресі» партиясын құрды.
Шетелдік әріптестерінің Олжас Сүлейменовты «ойлау қабілеті мен игі істері жөнінде XX ғасырдың аяғындағы «пайғамбар» деуінде ұлкен мән бар. О.Сүлейменов шығармашылығының қырлары жоғары оқу орындарында оқытылуда, бұл жөнінде кандидаттық, докторлық диссертациялар жазылып жатыр.
КСРО кезінде 70-ші жылдары шыққан «Аз и Я» кітабы түрік және славян халықтарының тарихын, тілі мен мәдениетін терең зерттеген ғылыми еңбектің жарқын ұлгісі болды. Ежелгі орыс ескерткіші - «Игорь полкы туралы сөзге» жан-жақты объективті талдау жасалды. Кезінде тарих пен филологияға қосылған қомақты еңбекті әділ бағалап, авторына ғылыми атақ беру керек еді. Бұл кітаптың авторы қазақ патриотизмінің туын көтерді, славян халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі түріктердің көрнекті ролін көрсетті.
Өкінішке орай, КОКП идеологиясындағы «сусловтық» кезең, ұлыдержавалық көңіл-күй Олжас Сүлейменовтың аяғынан шалып, «Қазақ ұлтшылы» деген жаман атты жапсырып жіберді. Әлемдік өркениетке ұмтылған ақын бұған мойымады, әділ көзқарасынан, адал жолынан таймады. Азамат-ақын, патриот қазақ халқының мұң-мүддесін көздеп, жан айқайына құлақ түріп отырды. Түрік мәдениеті мен тілінің жанашыры болды. Бұдан 25-30 жыл бұрын қазақ мектептері жаппай жабыла бастағанда Олжас Сүлейменов бұған қарсы көтерілді. Ол саясатта екіжүзділікке салынбайтын ер азамат.
Қазіргі уақытта еліміздің ақиық ақыны - Олжас Сүлейменов 70 жаста. Қашан да ақын тағдыры тауқыметке толы. Оның үстіне «мың өліп, мың тірілген» қасиетті халқының шерлі мүддесін арқалаған Олжастай - ойшыл ұлдардың өмір жүгі жеңіл болып көрген емес. Мыңмен жалғыз алысқан Абай «Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей. Мен келмеске кетермін түк өндірмей» деп қоршаған ортасынан түңілген екен. «Заманына қарай адамы» дегендей, жүзден жүйрік шығып, жерінің мұңын айтып, халқының сөзін сөйлейтін әр кезеңнің өз дүлділі бар. Елі мен жері үшін, кешегісі мен бүгінгісі үшін басын бәйгеге тігіп, небір сын сағатта, көзсіз ерлік, ұлағатты азаматтық танытқан бүгінгі заманның бір қазағы Олжас.
Олжас Сүлейменовтың шығармалары - тарихи дерек көзі болып табылады. Жазушының тарихи және әдеби зертеу еңбектері: «Жетісудың көне жазбалары. (Алтын киімді адамның қабірінен табылған күміс ожаудың түбіндегі жазу туралы)»; «Мың бір сөз. (Әдебиет тарихы және лингвистика туралы)»; «Таңбалар тарихынан. (Әртүрлі мағыналы сөздерді таңбалармен белгілеу жайында)»; «Тюркологияның кейбір мәселелері немесе қате қағидалар»; «Жазу тілі» және т.б. бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық