Халықаралық қатынастар | АҚШ тың Оңтүстік Шығыс Азиядағы саясаты

Тақырыптың өзектілігі ХХ ғасыр адамзат баласының тарихында маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы бір тарихи кезеңде дүниежүзілік соғыстар, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), НАТО, Варшава Шарты, АСЕАН және басқа да әр түрлі халықаралық ұйымдар, блоктар мен бірлестіктер құрылды. ХХ ғасырдың аяғы әлемдік деңгейдегі дамуда күрделі өзгерістермен сипатталады. Бұл кезеңде биполярлық жүйе өзгерді, «қырғи қабақ» соғыс аяқталды, екі Германия қосылды, КСРО күйреді, бұрынғы халықаралық қатынастар жүйесінде, геосаяси және геоэкономикалық бағыттарын айқындады.
Өркениеттік және техникалық дамудың ырық бермес иіріміне тартылған елдердің қатары молыққан үстіне молыға түсуде, жаһанданудың күпшегі өз айналымын күшейткен үстіне күшейтіп барады. Дамыған елдер өздерінің экономикалық және саяси ықпалын кеңейтіп, әлуетті өтім рыноктарының санын көбейтіп, ол игіліктерін тек қана сақтап қалуға емес, сонымен бірге өз азаматтарының әл-ауқатын одан әрі бөгетсіз көтере түсуге негізделген, жаһандану процестерінің барлық артықшылықтарын айқын да анық елестетіп отыр . Автордың пікірінше қандай мемлекеттің болмасын тұрақты дамуы үшін екі фактор маңызды рөл атқарады: біріншіден – мақсатқа бағытталған сыртқы саяси қызметі, екінші фактор - өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстың дамуы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Халықаралық қатынастар | АҚШ пен Жапонияның экономикасы және экономикалық ынтымақтастығы

Қазіргі кезде барлық мемелекеттер ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастарын айқындап, жүріп өткен жолын ой елегінен өткізуде. Барша әлем қоғамы ғылым мен техника, мәдениет пен өнер, сол сияқты көптеген өндіріс салаларында ұлы жетістіктерге қол жеткізуде. Сонымен бірге өркениетті елдер арасындағы халықаралық қарым-қатынастар да қарқынды түрде дамып жатыр. Америка мен Жапонияның арасындағы халықаралық қарым-қатынастар соның айғағы. Америка мен Жапонияның дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастары күннен-күнге нығая түсуде. Жапония Американың ең негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады.
Америка мен Жапония ынтымақтастығы - әрбір мемлекеттің ішкі және сыртқы дамуына жағдай жасайтын, басқа күштермен бірігіп әрекет етуінің, қарым-қатынастар жасауының негізгі принципі және екі жақты, көп жақты пайдалы ахуалды қалыптастырудың жолы болып табылады. Америка мен Жапонияның арасындағы ынтымақтастықтың бағыттары сан алуан. Шешуші ынтымақтастық бағыттар – экономикалық ынтымақтастық, сауда, мәдени-техникалық, технологиялық және ақпараттық ынтымақтастықтардың маңыздылығы арта түсуде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Халықаралық қатынастар | Жаңа әлемдік геосаясаттағы Иран факторы

Бітіру жұмысының өзектілігі. Қазіргі қалыптасып отырған халықаралық қатынастарда Иран Ислам Республикасының алатын орны ерекше. Иран өзінің тарихи дамуында бірнеше күрделі кезеңдерді бастан кешеді. Диплом жұмысының өзектілігі жаңа әлемдік тәртіппен және Иран Ислам Республикасының (ИИР) қалыптасқан жағдайдағы алатын орнымен ерекшеленеді.
Иран – Оңтүстік Батыс Азиядағы аса ірі елдердің бірі. Ауданы бойынша ( 1648 мың шаршы шақырым) онымен шекаралас Түркия (солт батыс ), Ауғаныстан мен Пәкістан (шығысында), Ирак (батысында) елдерінен анағұрлым басым болып келеді. Егер Иранды Еуропа елдерімен салыстырсақ, онда оның аумағы Англия, Швецария, Италия, Флоренция, Испания территорияларын бірге алғандағымен тең болады.Солтүстігінде Иранды Каспий теңізі жуып өтеді, ал оңтүтігінде Парсы және Оман шығанағы жатыр.Азияда бұл көрсеткіш Қытай және Индонезия аумағымен тең. Шекара ұзындығы ,шамамен, 80000 шаршы....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Халықаралық қатынастар | Еуропалық қауіпсіздік жүйесіндегі Германияның рөлі

Соңғы елу жыл шеңберiнде барлық дүниежүзiлiк қоғам Еуропада бiртұтас, жалпы экономикалық, саяси және әлеуметтiк кеңiстiк құруды мақсат ете отырып, өзiнiң ерiктi жаулап алу деңгейiмен Батыс Еуропаның тәуелсiз мемлекеттерiнiң бiрiгуiне куә болып отыр. Тарихтан көретiнiмiздей, түрлi мемлекеттердiң бiрлестiктерi, қауымдастықтары мен одақтары көп жағынан халықаралық экономикалық және саяси қатынастардың анықтаушы факторына айналды. Әсiресе, Еуропалық Одақ шеңберiндегi интеграция үрдiсi өзiне ерекше қызығушылық тудыруда. Оның көмегiмен батысеуропалық мемлекеттер өткен жүзжылдықтағы екi алапат соғыстың салдарларын жеңе отырып, тез қарқынмен өзгерiп отырған дүниеде өзiнiң мәнiн сақтап, халықаралық және мемлекетаралық қатынастарда жаңа жүйенiң қалыптасуына үлкен әсер ете алуда. Бұның жалғасы немесе салдары ретiнде зерттеушiлер Еуропалық Одақта болып жатқан интеграциялық үрдiстерге мiндеттi түрде тек аймақтық деңгейде баға берiп ғана қоймай, дүниежүзiнде болып жатқан жағдайлармен қоса, оған сабақтастыра ескерулерi қажет.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Халықаралық қатынастар | Ақпараттық технологиялар және әлемдік саясат

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заманғы ғаламдану үрдісінің елеулі ерекшеліктерінің бірі қоғам өмірінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану қарқынының өсуі болып отыр. Ғаламдық экономика мен саясаттың дамуында бүгінде көбінесе материалдық өндіріс емес, жаңа ақпараттық дәуірдің басталуы шешуші рөл атқарады. Компьютерлер мен бағдарламалық жабдықтау, коммуникация құралдары, ұялы байланыс, ғаламдық компьютерлік жүйе -Интернет және т.б. қолданумен байланысты жаңа технологияларды жаппай енгізу ХХғ. 80-90-шы жылдары басталды. Дәл осы уақытта әлемдік саясат пен экономика түбегейлі өзгерістерге ұшырайды, жаңа саяси әлемдік тәртіптің негізі қаланады және жаһанданудың жаңа кезеңі басталады .
Адамзат қоғамының өркендеуі үшін материалдық, энергетикалық, ақпараттық ресурстар мен құралдар қажет. Қазіргі кезең – ақпараттық ағынның бұрын соңды болмаған күшеюімен сипатталатын уақыт. Бұл экономикаға да, әлеуметтік салаға да қатысты. Соңғы онжылдықта көпшілік тіпті «индустриалды қоғамнан» «ақпараттық қоғамға» өту туралы айта бастады. Өндірістің әдістері, адамдардың көзқарасы, мемлекетаралық қатынастар ауысып жатыр. «Ақпарат», «ақпараттандыру», «ақпараттық технология», «ақпараттық төңкеріс» секілді ұғымдар жиі қолданылуда. Ақпараттық төңкерістің қазіргі заманғы халықаралық қатынастарға ықпалы жөніндегі мәселе теориялық та, практикалық тұрғыдан да маңызды бола түсті. Кеңінен қолданыла бастаған ақпараттық технологиялар миллиондаған адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін түбегейлі өзгертуде. Олар әлемдегі даму деңгейі әр түрлі елдердің ішкі саясатына ғана емес, осы елдердің өзара қарым-қатынасына, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық қозғалыстар мен қаржылық топтардың, қылмыскерлік ұйымдар мен жекелеген адамдардың әлемдік жүйедегі рөліне де елеулі өзгерістер алып келуде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тілін халықаралық тәсілдер бойынша тестілеу ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Тестілеу техникасы және тест мүмкіндіктері[center][/center]
Қандай тест тілдік білімді – тілді білуін бағалай алады немесе тілді үйренуге көмектесе алады?
Жақсы дайындалған тест тіл үйренушіге екі себеппен көмектесе алады:
1. Біріншіден, мұндай тест аудиторияда, тіпті көпшілік қауым үшін позитивтік қатынасқа әкеледі. Мотивациялық тұрғыда және оқыту нәтижесі үшін оқытушылар негізінен позитивтік ауан қалыптастыруға тырысады.
2. Екіншіден, тест тіл үйренуші үшін тілді жетілдіруге жетелейді, көмектеседі. Тіл үйренуші тест тапсыруға дайындалудың, оны тапсырудан кейінгі нәтижесін талқылаудың пайдасын көреді. Тест оқушының, тілдің қай жағына көңіл бөлу керектігіне көз жеткізеді.
Қысқаша айтқанда, дұрыс құрастырылған тест оқуға деген позитивтік қатынастың құрылуына көмектеседі және оқушы, студент немесе кез-келген тіл үйренуші үшін жетістік сезімін, оқытушы бағалауының да өзінің оқыған-тоқығанымен сәйкес келетінін аңғартатын сезім пайда болады. Жақсы тілдік тестілер, сондай-ақ студенттерге, оқушыларға олардан табандылықты талап ете отырып, тілді оқуға көмектеседі және тіл үйренушінің жақсартуға тиісті әлсіз жақтарын да көрсетіп береді.
Тест бағалаушыға қалай көмектеседі? Барлық оқытушылар өздерінің оқытуының нәтижесі үшін жауапты. Біздің тестілеріміз бізге төмендегідей маңызды сұрақтарға жауап беруге көмектеседі: «Менің оқытуым тиімді болды ма, болмады ма?» Басқаша айтсақ, біз тест көмегімен, өзіміздің тырысуымызбен тіл үйренушінің қатынасын бағалай аламыз. Тест нәтижесін есептеуді жүргізгенде біз: «менің сабақтарым тиісті деңгейде жүргізілді ме екен?», «Мен қалай оқытып жүрмін?», «Қандай пункттерді қайта қарау керек?», «Осы материалға менің көбірек, азырақ көңіл аударуым қажет пе?» деген сияқты сұрақтарды өзімізден сұрай аламыз. Оған қоса, тестер бізге болашақ тестерді жетілдіруге көмектеседі: «Тест нұсқаулары анық болды ма екен?», «Тест тапсырушы арнайы берілген уақытта тесті аяқтай ала ма екен?», «Тест мазмұны оны орындауға деген ниетін жоғалтып немесе көңіл толмаушылық туғызуы мүмкін бе екен?», «Тест тапсырушының алған тілдік білімін тест анықтай алды ма екен?» деген сияқты сұрақтар біздерді мазалауы тиіс.
Тест бағаланушыға да бағалаушыға да көмектеседі, яғни тестер жасалынған, жеткен прогресті растайды және болашақ жұмысымызды жақсы жақтарға бұруға бағыттайды.
Түйіндесек, жақсы тест аудиторияда мораль ауанын жақсартуға, сондай-ақ, оны қолдауға, сақтауға көмектеседі, оқытудың көмекші құралы да болып табылады.
Тілді тестілеу өнер тәрізді тарихи мәліметтер, көз жүгіртсек, бүгінгі күндердегі тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі көзқарасқа сай келетін коммуникативтік мақсаттарды білдіреді.
Өткен жылдар еншісіндегі әлемдік тәжірибедегі тестілеу, негізінен, интуитивті болды немесе субъективті сипатта болды десе болады және оқытушының жеке пікір-ойларына да байланысты болды. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады, тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетеді 1, 6 б..
Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз, бұл кезең тілдік тұлғаны емес, оны қолдана білуін бағалау маңыздылығымен ерекшеленеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

ІV Халықаралық РR Көктемгі мектебі өңірдегі медиасауаттылық жүйесін дамытуға арналды

Талдықорған қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы облысы Ішкі саясат басқармасы, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсатындағы коммуникация және медиа» атты ІV Халықаралық РR Көктемгі мектебі өткізілді.

Көктемгі мектеп қазақстандықтардың сандық жүйені қолданудағы сауаттылығын арттыруға және білім беру, медиа ақпараттық сауаттылық жүйесін дамытуға арналды.

Адамзаттың жаһандық дағдарыстан шығудың жолдарын іздестіруі заңды. Жалпы әлемдік қауымдастық мойындаған дағдарыстан шығудың негізгі жолы – тұрақты даму. Оның басты идеясы – ысырапқа жол бермеу, ресурстарды әділетті әрі тең бөлу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы үдерістердің барлығында маңызды рөл ойнайтын, дамудың негізгі факторы - ғылым және білім беру екендігі дау туғызбайды. Тұрақты даму тек экономикалық өсу, инновация және өнімділік қана емес, әлеуметтік даму мен тұрақтылықтың іргелі міндеттерін де қарастырады. Тұрақты дамудың 17 мақсаты бар. Соның 4-ші мақсаты – сапалы білімге қолжетімділік және өмір бойы оқуға (үздіксіз) мүмкіндік беру. Өңірлерде тұрақты инфрақұрылым қалыптастыру қажет. Сол себепті аймақтарда тұрақты даму мақсатындағы семинар-тренингтердің өткізілуі қажеттілік.

Тұрақты даму теория мен практиканы ұштастыруды, яғни дуалды оқытуды талап етеді. Университеттер енді тек оқу бағдарламаларымен ғана айналыспайды, қала, өңір, ел деңгейіндегі өзекті мәселелерді шешуге де белсене қатысады. Яғни, университеттердің қызметі өңірлердегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ұлттық және халықаралық бағдарламалармен тығыз байланысты болуы тиіс. Осы орайда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» Жаһандық хабына жетекшілік ету мерзімі 2020 жылға дейін ұзартылуы оқу орнына зор жауапкершіліктер жүктейді. Қазіргі таңда Қазақстанның 25 жоғары оқу орындары БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасына қосылған.

Көктемгі мектепте «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы Ғ. Әженова, белгілі PR маманы Қ. Домбай, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы қоғамдық қорының президенті Е. Кәпқызы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Б. Әшірбаев, Factcheck.kz редакторы Д. Смақов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешенінің директоры Д. Мұхамеджанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к. А. Рожков, «Medianet» Халықаралық журналистика Орталығы, Factcheck.kz сайтының журналисі Ж. Тлеухан шеберлік сыныптарын өткізді. Қазіргі таңдағы медиакеңістік пен РR нарығындағы өзекті мәселелер ортаға салынып, шешілу жолдары көрсетілді.

Көктемгі мектептегі алғашқы шеберлік сыныпты «Рухани жаңғыру және ұлттық журналистика» тақырыбымен Б. Әшірбаев жүргізді. Ол заманға сай жаңғырудағы отандық мәдениеттің алатын ерекше орнына тоқталып, Қазақстанның бірегей тарихи және мәдениеті бар ел ретіндегі әлемдік дидарын айқындау, ұлттық бренд қалыптастырудағы қажеттілікті және ұлттық журналистикаға жүктелетін міндеттерді, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы ұлттық журналистика көтеретін тақырыптарды сараптады.

Бедел – материалдық болмағанымен, жеке адам үшін де, бүтіндей ұжым үшін де аса маңызды актив. Қазіргі заманда беделді басқаруға болады. Бұл ұзақ мерзімді стратегия – бедел менеджменті деп аталады. Белгілі PR маманы Қ. Домбай абырой-бедел менеджменті тақырыбына тоқталып, компания беделін қалыптастырудың жолдарын баяндады. Компанияның нарықтағы дұрыс позициялануы, ақпараттық кеңістіктегі тиімді іс-әрекеті дәрістің негізгі өзегін құрады. PR саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар маманның: «Компанияның құнына беделі де кіреді. Беделді компанияның бағасы да жоғары. Олай болса, бедел қаржымен өлшенеді. Көп жағдайда компанияның беделін басшысы емес, қызметкері қалыптастырады», - деуі көңілге қонымды. Қ. Домбай шеберлік сыныбы тыңдаушылардың қызығушылығын туғызып, аудитория тарапынан қойылған сауалдар көп болды.

Д. Мұхамеджанов қазіргі таңдағы заманауи технологияларға тоқталып, мектеп қатысушыларын хабар жасаудың қыр-сырларына қанықтырды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ телерадиокешенінің мысалында студенттік телевидениенің ақпарат берудегі ерекшеліктерін сипаттады.

Factcheck.kz редакторы Д. Смақов пен осы сайттың журналисі Ж. Тлеухан жалған ақпаратты анықтау, тексеру, нақты дереккөздерін білу, фактілермен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетіп, ақпаратты тексерудің теориялық және практикалық әдістері туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Тыңдаушыларға: «Әрбір адамның шындыққа таласы бар. Сіздер ақпараттағы нақты фактілерге назар аударып, қаншалықты тексерілгенін, қандай дереккөздерге жүгінгендігін, ақпараттың әлеуметтік маңыздылығын анықтай білулеріңіз керек. Әрбір мақаланы тексеруден қорықпау керек. Айтылған пікірді ресми, ашық ресурстар арқылы тексеруге болады», - деген кеңестер айтты.

Көктемгі мектептің екінші күні мазмұнды дәрістермен жалғасты.

Ғ. Әженова медиамәтіндердегі қорлау мен жала жабуға тоқталып, бейнесюжеттерді мысалға келтіре отырып, тыңдаушыларға мол ақпарат берді.

Е. Кәпқызының жасырын камераны пайдалану туралы ұтымды кейстері аудиторияға өте қызықты болды. Ақпаратты дереккөзден, ашық ресурстардан алу әдістері, сенімділігіне көз жеткізу, ақпаратты заңсыз және алдау арқылы алмау, жасырын камераны пайдалануға мәжбүрлейтін жағдайлар, қоғам білуі тиіс ақпаратты тарату және ақпараттың қайнар көзін көрсету қажеттілігі, ақпараттың жеке адамдарға зиянын тигізбеу мәселелері жан-жақты талқыланды. Е. Кәпқызы өзінің шеберлік сыныбын: «Жасырын камераға бару үшін, ол ақпараттың қоғамға қаншалықты пайдалы екендігін екшеп алуымыз керек. Яғни, ақпарат алу біздің шындық принципімізбен сәйкесуі тиіс», - деген пікірмен аяқтады.

А. Рожков тыңдаушыларға жаңа медиаға арналған коммуникативтік форматтар туралы ақпарат берді. БАҚ-тың қоғамға ықпал ету әдістері, ақпаратты қабылдаудың жаңа формалары, сторителлинг, PR-дың дәстүрлі және инновациялық құралдары туралы шеберлік сыныбы да қызықтылығымен ерекшеленді.

Интерактивті форматта өткен Көктемгі мектеп қатысушыларға мол ақпараттар беруімен, практикалық тренингтер өткізуімен құнды болды.

Қоғамды ақпаратты ақ-қарасын айырып, дұрыс қабылдауға, сұрыптауға дағдыландыруды мақсат еткен Көктемгі мектеп соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ

филология ғылымдарының докторы

Назгүл Шыңғысова .....
Әңгімелер
Толық

Қазақстандықтардың 70 млрд зейнетақы жинағын шетелдік банк қайтармай қоюы мүмкін

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының топ-менеджерлері Әзірбайжан халықаралық банкіне қыруар қаржыны құйып тастады. Ал жақында аталмыш банк соттан өзін банкрот деп тануды өтінген. Енді қазақстандықтардың 70 млрд жинағы шетелден қайтпай қалуы мүмкін. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық