Экономика | БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ҚҰҚЫҒЫ

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, 2-шілде 2003 жылғы «құнды қағаздар нарығы туралы» Қ.Р заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.
Қазақстанда Азаматтық құқықтағы бағалы қағаздарды толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың салымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты тұрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр. ....
Рефераттар
Толық

Сыртқа ілсең жарнама, ана тілін қорлама!

Бүгінде қала көшелеріндегі қате жарнамалардан көз сүрінеді. Мағынасыз аудармалар, әріптік қателер мен оңды-солды қойылған тыныс белгілері. Тіл мамандары көрнекі ақпараттардың сауатсыздығын айтып, дабыл қаққанымен, жарнамадағы қателер азаяр емес.
Алматы қаласының тұрғыны ретінде ономастика туралы заңның талаптарына сай келмейтін, орфографиялық қателіктер жіберген түрлі жарнама билбордтарын күніне бірнешеуін көремін. Басым көпшілігінде жарнаманың қазақ тіліндегі нұсқасында қателіктер жиі кетіп жатады. Ономастика бойынша жаңа заңға жүгінсек, жарнамадағы....
kz
Толық

Тарих | Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс

Дүниежүзiн қайта бөлiске салу жолында “Үштiк одақ” (Австро-Венгрия, Германия, Италия) пен Англия, Франция, Ресей коалициясы арасындағы саяси-экономикалық қайшылықтардан түындаған соғыс. ХIХ ғасырдың аяғына таман бұл мемлекеттер арасында өз ықпал аймағын кеңейту үшiн бәсеке күшейе түстi. 1879 жылы Германия Австро-Венгриямен соғыс одағын жасасты, бұған 1882 жылы Италия қосылып, “Үштiк одақ” құрды. Алайда, 1914 жылдан бейтарап саясат ұстанған Италия кейiн өзiнiң бұрынғы одақтастарына қарсы соғысты. “Үштiк одаққа” Осман империясы мен Болгария қосылды. Оған қарсы 1907 жылы Англия, Франция және Ресейдiң соғыс коалициясы – Антанта құрылды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде Сербия, Бельгия, Жапония, Италия, Румыния, Португалия, АҚШ, Грекия, Қытай және Латын Америкасының бiрқатар елдерi Антанта елдерiмен одақтасты. Соғыстың басталуына 1914 жылдың 28 маусымында Сараевода Босния мен Герцеговинадағы австро-венгр әскерлерiнiң жаттығуларына келген австрия тағының мұрагерi эрцгерцог Франц-Фердинандтың өлтiрiлуi сылтау болды......
Рефераттар
Толық

Биологиядан жаңа формат бойынша тест тапсырмалары

1. Адам организміндегі ұлпалардың түрлерін ажырат:
А) эпителий, дәнекер, бұлшықет В) жүйкелік, бұлшықет, дәнекер С) эпителий, дәнекер, бұлшықет және жүйкелік. Д) түзуші, бөлуші, механикалық және жабын Е) дұрыс жуабы жоқ
2. жүрек еті, ол:
А) эпителий В) гистокард С) эндокард Д) эпикард Е) миокард.
3. жүйке жасушалары:
А) нейрондар мен нейроглиялар. В) аксондар С) дентриттер Д) глиялар Е) миокард
4. жүйке жасушасының қысқа өсіндісі:
А) денесі В) синапс С) нейрондар Д) аксондар....
kz
Толық

Информатика | Электрондық оқулық құру

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады. Яғни, ХХІ асыр бүкіл дүние жүзі ақпараттық қоғамға көшіріле басталды деуге болады. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика және басқару салалары арқылы ақпараттандыру белгісіне қол жеткізуге болатындығы.
Қазіргі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатыларын үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқулық студент үшін ақпарат көзі болып, сонымен қоса электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Ақпараттық көптеген мәселе, әсіресе оның ішінде ең негізгісі білім беру (оқыту) мәселесі болып табылады . Біздің негізге алған мәселеміз оқытуды автоматтандырумен байланысты. Демек білім беру мен пайдаланушы білімінің бақылау сұрағына қажетті нәтижелерді өңдеуі үшін қолданады. Білім беру компьютерлік техналогиямен жүзеге асыру ақпарат алушының сұранысын қанағаттандыра тын оқу құралының басылымымен қатар тұрады. Мұндағы негізгі таралымдар оқулық шығару, оқу процестерінің бірігуін қамтамасыз ету және жоғарғы сапалы, иннавациялық ғылыми зерттеулердің, яғни жаңа ақпараттық технологиялардың қолданылу мақсатында оқу процестеріне және сонымен қатар, әртүрлі «электрондық оқулықтардың» түбі бір дәл осылай аталатындығы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Химия | Экстрациялык фосфор кышкылын тазалау

Кіріспе
Қазақстан Республикасының барлық дерлік облыстарында бейорганикалық заттар өндіретін үлкенді – кішілі зауыттар жеткілікті. Олардың барлығы да қазіргі кезде қайта құрылып, нарық жағдайына бейімделіп жұмыс істей бастады.
Химия өнеркәсібі және оның өнімдері адам өмірінің күнделікті тіршілігінде, халық шаруашылығының көптеген салаларында қолданылуда. Олардың қатарына ауыл шаруашылығына қажетті минералды тыңайтқыштар жатады. Тыңайтқыштар өсімдіктермен жақсы сіңірілуі арқасында өсуіне және өнімнің артуын жақсартады.
Қазақстан Республикасының экономикасын, халықтың жағдайын жақсарту үшін өте тиімді, экологиялық таза жан-жақты зерттелген инновациялық жаңа технологияларды өнеркәсіпке енгізу қажет. Сондай-ақ минералды тыңайтқыштардың көптеген түрлерін шығару арқылы өнімділікті арттыруға болады. Ондай минералды тыңайтқыштарға суперфосфат, аммоний фосфаты, күрделі тыңайтқыштар, гумусты тыңайтқыштар, аммофос, диаммофос, нитрофос, нитроаммофоска т.б. жатады.
Тыңайтқыштардың құндылығы олардағы қоректік элементтердің суда ерігіштігімен, сіңірімділігінің массалық үлестерімен өлшенеді. Сіңірімділік тыңайтқыштардың құрамындағы қоректік элементтердің суда ерігіштігімен қатар, аммоний цитраты және екі пайыздық лимон қышқылы ерітінділерінде ерігіштіктерімен өлшенеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Химия | Экстракциялық фосфор қышқылы өндірісінің- қалдықтарын залалсыздандыратын жүйе құрастыру

Кіріспе
2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология Кодексі қабылдануға тиіс. Түтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттармен жасауға тиіспіз.
Қоршаған ортаны қорғау XXI ғасыр басында ең негізгі проблеммаға айналды. Қазіргі кездегі өндіріс орны өзінің түп негізінде адаммен табиғат технологиялық байланыс бар екендігін көрсетеді. Соңғы кезге дейін адам баласы табиғат ресурстарын (жер, су, ауа т.б) таусылмайтын, тегін деп түсініп келді. Осы дай көз-қарас салдарынан табиғат ресурстары азайып, қоршаған орта ластануда, табиғи экологиялық тепе-теңдік бүзылды. Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғауға іс-шаралар, әртүрлі табиғат қорғау заңдылықтары пайдаланып, гшешімдер қабылдануда. Қоршаған ортаға келтірілетін зиянды заттарды азайту және соңынан оны мүлдем тоқтату қазіргі жаңа технологиялар мен процестерді ойнап табушыларға біраз шектеулер қоюда. Мүндай шектеулерді өндіріс қойылатын талап деп көрсетуге болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚШАНЫҢ ҚҰН ФОРМАСЫ

Кіріспе
Ақшаның құн түрінің дамуы мынаны куәландыруды: ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол жалпылама эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді.
Әр түрлі құн теориясы бар. Олардың бірі — еңбекті теориясы, қоғамдық абстракты еңбекпен ұстау және тауар құны мөлшерін анықтайды, өндірістеріне жұмсалғанына.
Ақшаның бірінші қызметі—құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез келген тауардыңқұнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді. Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен айналысса, ал екіншілері – жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады. Мұндай айырбас алғашқыда кездейсоқ, бірегей сипатқа ие болды: (1 қойға = 1 қап астық) эквивалент. Ақша дегеніміз не? Мүмкін, ақша дегеніміз – адамзаттың ең үлкен ашқан жаңалағы екенін атап өткен жөн. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | ЭЕМ-нің құрамы

Аппараттық жабдықтар
Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та,олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:
1.Орталық процессор;
2.Енгізу құрылғысы;
3.Есте сақтау құрылғысы;
4.Шығару құрылғысы.
Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемалар жиынынан тұрады.
Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.
Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған.
Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.
Дербес ЭЕМ
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады.Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады.Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшалармен жалғастырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық