Жол ережесін есте сақта

Сынып сағат тақырыбы: Жол ережесін есте сақта
Сынып сағат мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау.
Қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сынып сағат көрнекілігі: Үй макеті , бағдаршам....
Сынып сағаттар
Толық

9 мамыр - Жеңіс күні

Сабақтың тақырыбы: 9 - мамыр Жеңіс күні. 8.05.2019 ж

Сабақтың мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекіліктер; мультимедиялық аппарат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т.б.
Ашық сабақтар
Толық

Ертегіде қонақта

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Ертегіде қонақта»
Мақсаты: A)Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету. Ә)«Қ» дыбысы кездесетін тіл ұстарту жаттығуын меңгерту. Б)Ертегі мазмұны арқылы адалдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Сурет салу, Мүсіндеу
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, слайд арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап
Қолданылатын жаңа технологиялар: Теледидар-DVD-диск, ноутбук
Көрнекіліктер: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерінің маскалары, Орыс халық ертегілерінің суреттері.
Билингвальды компонент: Бауырсақ-колобок-baursak, әже-бабушка-grandmother, ата-дедушка-grandfather
Ашық сабақтар
Толық

1 желтоқсан - Президент күні (Тұғыры биік Елбасы)

Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты
Айын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
- Құрметті қонақтар, балалар, Сіздерді тұңғыш президент күнімен құттықтаймыз! Еліміз осылай жылдан - жылға көркейіп жайнап өсе берсін!
Елбасымыз аман болсын,
Еліміз тыныш болсын!
- Балалар республикамыздың рәміздеріне не жатады?
- Ту, Әнұран, Елтаңба.
- Олай болса балалар орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегімізге қойып, мемлекеттік әнұранымызды орындайық.
- Балалар, сендер өз туған жеріңді ауылдарыңды жақсы көресіңдер ме?
- Иә, өте жақсы көреміз.
- Отан туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік!

Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Бабаларым аңсаған тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

15 Қараша -Ұлттық валюта күні (Теңге – мемлекет келбеті)

Тақырыбы: Теңге – мемлекет келбеті

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменнен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне , отанына сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың көрекілігі: Алғашқы теңгелердің үлгілері, «Теңге – мемлекет келбеті», жаңа сөздер.
Сабақтың барысы: Қызығушылығын ояту.
Тәрбие сағаттар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Тәрбие сағаты

Студент мұғалімдік тәжірибеден өтуге келген сыныпта сыныпқа орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, өздері де мұғалімдік тәжірибеден өтіп жүрген екі студент қыз бар еді. Бұлардың үшеуіне де ортақ бір міндеттері осы сыныпқа ашық тәрбие сағатын өткізулері керек болатын. Қыздар бұл тұрғыда сыныптың дайындығын да өздері дайындаған еді, көрнекі құралдарды да әзірлеп шықты. Үшеуіне ортақ болып есептелетін болашақ өткізілгелі тұрған ашық тәрбие сағатының тақырыбы ана тақырыбында болатын.

Ашық тәрбие сағатын өткізу жөніндегі ой қозғалғаннан бастап-ақ, қаладағы осы бір мектепте мұғалімдік тәжірибеден өтіп жүрген барлық студенттерге қобалжу туғызған бір жағдай болды. Ол өздері өткізгелі тұрған ашық тәрбие сағаттарын көруге, бағалауға келетін педагог маман туралы әңгіме еді. Бұл маманды осы жерде жүрген студенттердің бірде-бірі танымайтын болып шықты. Өзі өзге ұлт өкілі екен, бірақ мәселе онда да емес еді. Педагог маман жайында айтылған сөзге қарағанда, бұл маманның болашақ мұғалім боламын деген жанға қоятын қатаң талабының үдесінен шыққанда барып қана жоғары бағадан үміттенуге болады, анығында маманның өзі де сауатты педагог деген сөздер еді. Көп ұзамай студенттерді абыржытып, осы ойды нақтылай түскен бір оқиға болды. Ол осында жүрген бір топ студенттің өткізген
ашық тәрбие сағатының "3"-ке бағаланып қалуы еді. Бұл өзге студенттерге де қатты әсер етті. Себебі осы мектепте мұғалімдік тәжірибеден өтіп жатқан студенттердің арасынан "5"-ке бірден-бір үміткер деп танылған осы студенттер еді. Олардың дайындығы мықты, сабақтары көрнекіліктің барлық түрімен де қамтылған болатын. Бірақ педагог маман сабақты қорытындылағанда "орташа" деп бағалапты. Осыны көрген студенттің жанындағы болашақ орыс тілі пәнінің мұғалималары "бізге "5"-тік қажет емес, тек "3" алып қалмасақ болды" деді. .....
Әңгімелер
Толық

Коронавирус деген не? (тәрбие сағат)

КОРОНАВИРУС НЕТКЕН ВИРУС?

ҒАЛЫМДАР ОҒАН КОРОНАВИРУС ДЕГЕН АНЫҚТАМА БЕРІП ОТЫР. БҰЛ – ЛАТЫННЫҢ (ТӘЖ) НЕМЕСЕ HALOS (ШЕҢБЕР) ДЕГЕН СӨЗДЕРДЕН ПАЙДА БОЛҒАН АТАУ. ӨЙТКЕНІ, КОРОНАВИРУС МИКРОСКОППЕН ҰАРАҒАНДА, ОСЫ ЕКЕУІНІҢ ҚОСЫНДЫСЫН ЕСКЕ ТҮСІРЕДІ. БҰЛ ВИРУСТАР ТОБЫНА АДАМҒА ЗИЯНЫН ТИГІЗЕТІН БІРНЕШЕ ТҮР КІРЕДІ. ОЛАРДЫҢ БІРІ ТҰМАУҒА ШАЛДЫҚТЫРСА, ӨЗГЕЛЕРІ ЖАРҚАНАТТАР МЕН ТҮЙЕЛЕРДЕН КЕЗДЕСІП, БҮГІНГІ ҒЫЛЫМДА SARS (АУЫР...

Презентациялар
Толық