Әлеуметтану | Әлеуметтанудағы әлеуметтік жұмыскерді зерттеу

Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін, өзіндік экономикалық бет-бағдар жасады. Сонымен бірге біздің тек қана экономикалық формациямыз өзгеріп қана қойған жоқ, әрі қоғамымыз бүтіндей өзгерді. Жаңа ғасырға аяқ басқан жас мемлекетіміз құрылымында, жас қоғамдық құбылыстар мен жаңа мамандықтар қалыптаса бастады. Соның бірі – Әлеуметтік жұмыс мамандығы. Әлеуметтік жұмыстың пайда болуы қоғамдық қажеттілік болса, және оның мамандық ретінде қалыптасуының бірнеше себептері бар. Соларға өз бетімше қысқаша тоқталып өтсем:
Біріншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясында, әсіресе, 1995-жылғы 30-тамызда қабылданған '',...Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады…1 '' – деп, әлеуметтік саясат жүргізе бастауы, жаңа пәннің қалыптасуына әсер етті.
Екіншіден, Кеңестік жүйеде өмір сүрген мемлекетіміз Егемендік алғаннан кейін, әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік проблемаларға кездесе берді. Соның бірі түсініктірек болуы үшін “кедейлік” ұғымын алсақ. КСРО-кезеңінде бұл терминмен тікелей ұшыраспағанбыз, өйткені Кеңес елдерінде сол ұғымды ресми мойындаған емес, ал шын мәнінде бұл өзекті мәселе қоғамымызда белең алып бара жатқан соң оны ресми мойындап, нақты зерттеулер, онымен күресу жолдары қарастырылуы өте қажет болды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | Қарт адамдардың әлеуметтік психологиялық сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпанда халыққа жолдаған жолдауындағы 3.6 бөлімінде былай деп айтқан болатын: «Биылғы жылдан бастап біз әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптасырудағы бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру ақыр аяғында бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады».
Қарттарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жеке ел болып, төл шаңырағының астына көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, өркениетті даму жолына түскеніне де он бес жылдай уақыт болды. Әрине, қазіргі жағдайына ғасырлап жеткен өзге өркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт. Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларда жеткен жетістіктері аз емес.
Дегенмен, ел дамуы тек оның экономикалық жетістіктерімен айқындалады десек қателесеміз. Өйткені, ұлт пен ұлыстың, жалпы біртұтас елдің табиғи дамуының бірден-бір көзі – рух екендігін адамзат әлдеқашан мойындаған. Әрине, Қазақстан халқы өткен күнде де, бүгін де рухани байлықтан кенде қалған емес, керісінше рухы мен ізгілік сезімдері басқадан артық болмаса, кем емес екендігі бәрімізге мәлім. Алайда, дәл қазіргі әлемдегі саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдай біздің елімізден буырқанған өркениеттер тоғысында беймәлім күй кешпей, дүниедегі өз орнын тезірек айқындауды талап етеді. Шын мәнінде, әлемдік жаһандану процесінің үдей түсуі қазақ үшін зұлматқа айналып, төл мәдениетіміз бен рухани болмысымызды тығырыққа тіремейтініне кім кепіл?!....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Балық шаруашылығы | Іле Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы

Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың шаруашылықтық іс әрекетінің және қоғамның қарқынды даму барысында көптеген су жануарларының, соның ішінде балықтар түрлерінің тіршілік ету жағдайының өзгеруі көбею экологиясы мен кейбір балық түрлерінің дамуының өзгерісіне әкелді.
Балық қорын рациональды пайдаланудың ғылыми негізін дамыту және балық өсіру шаруашылығының даму қарқындылығы балықтар жайлы білімдерді және олардың әртүрлі қоршаған орта факторларының әсеріне реакциясы туралы мәліметтерді білуді қажет етеді.
Балықтардың алуан түрлілігін қорғай және сақтай отырып рациональды пайдалану балық шаруашылықтарының негізгі мақсаттарының бірі болып саналады. Бұндай мәселелерді шешу бүкіл онтогенез кезеңін қамтитын балықтар физиологиясы, морфологиясы, экологиясы сияқты нақты білімсіз болуы мүмкін емес.
Соның ішінде балықтарының сазан, көксерке, тыран, жайын биологиялық ерекшеліктері зерттелмеген.
Дипломдық жұмысымның мақсаты Балхаш көліндегі кәсіптік маңызы бар балықтарының биологиялық жағдайын зерттеу. Жұмысымның мақсатына байланысты келесі міндеттер қойылды:
- Іле-Балхаш бассейіне физикалық-географиялық сипаттама беру;
- Сазан, көксерке, тыран, жайын кәсіптік маңызы бар балықтар түрлеріне биологиялық талдау жүргізу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дінтану | Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің әлеуметтік портреті

ХІХ – шы ғасырдың ортасынан бастап батыс ықпалымен мұсылман мемлекеттерірің әлеуметтік және экономикалық өмірінде, рухани танымдарында болып жатырған өзгерістер күшейе түсті. Біртіндеп әлемде ғылыми техникалық революциямен басталған жаһандану процессі мұсылман елдеріне де жетті.
Ислам дінінің Еуропаға таралуымен мұсылман әлемінің батыспен бара – бара тығыз қатынаста бола бастауы, батысқа жұмысшы күшінің, ал шығысқа инвестицияның ағылуы, туризмның дамуы, екі әлемде өзара сыртқы миграцияның күшеюі, т.т. процесстер – батысты шығысқа, ал шығысты батысқа жеделдете аша бастады. Азия мен Африкада көп колонияларынан айрылса да батыс елдері осы жерлерде өз тілімен мәдени құндылықтарын тастап кетті.
Бірақ қазіргі шығыстың толығымен батыстық стандартқа өтпеуінің және жаһандану процесінің бұл аймақта өте баяу жүруінің бірден – бір себебі – Ислам діні мен құндылықтары болып отыр. Әйтседе футурологтардың айтуынша болашақтағы батыс пен шығыстың интеграциясымен шығыстың секуляризациясы қайтарылымсыз процесс. Модернизация процессінің идеологтарының айтуы бойынша мұсылман әлемі батыс өркениетінің эволюциясын қайталауы тиіс, яғни лаицизм (зайырлы мемлекет) жолына түсіп, елдің барлық институттары толық секуляризация поцессіне ұшырауы тиіс. Өйткені қазірдің өзінде – ақ шығыстағы Ислам мемлекеттерінде батыс әсерімен жаңа ұрпақ тәрбиеленуде, ал ұрпақ келбеті – болашақтың келбеті екенін ұмытпауымыз керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Кәсіби оқыту | Ауыл шаруашылық машиналары пәнінен Егістікті қатар аралық өңдеуге арналған машиналар тақырыбына әдістеме жасау

.Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Оның өркендеу деңгейі қазақстандықтардың қоғамды-саяси және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып саналған және санала бермек.
Н.Назарбаев: ... Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту. «Қазақстан халқына 2008 жылдың 6 ақпанындағы Жолдауынан»
Ендігі міндет - әр азамат, әр ұжым, осы Жолдаудан туындайтын өзінің жауапкершілігін сезіне білуінде. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ұжымы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы үшін заман талабына сай білікті мамандар даярлай отырып, агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізуді, оларды өндірісте кеңінен пайдалануға жәрдем беруді өзінің басты мақсаты деп санайды.
Президенттің Жолдауында көрсетілгендей, еліміздің ауыл шаруашылығында азық-түлік өнімінің жылдық өсу деңгейі жоғары қарқынмен өсті. 2002-2007 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 557 млрд. теңгеден 1050 млрд. теңгеге дейін өсті...
Дипломдық жұмыстар
Толық

Кәсіби оқыту | Кәсіптік лицей жағдайында Ауылшаруашылық машиналар пәніне молотилка тақырыбын оқытуда интерактивті технологияны қолдану

Кәсіптік-техникалық білім берудің тиімділігі жоғарғы ұлттық жүйесін қалыптастыру – ел экономикасының қарқынды дамуының маңызды факторы. Бұл – жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау арқылы Қазақстан қоғамының әлеуметтік тұрақтылығын сақтау деген сөз.
«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы» бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады деп жоспарланған. 2008-2010 жылдарды қамтитын алғашқы кезеңде кәсіптік һәм техникалық білім беруді сатылы дамыту мен білім беру бағдарламалары жаңартылады. Оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 58 178,9 миллион теңге, оның ішінде 2008 жылы – 5707,8 миллион теңге, 2009 жылы – 23 486,7 миллион теңге, 2010 жылы 28 984,4 миллион теңге бөлу қарастырылып отыр. Ал екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) білім берудің осы саласын неғұрлы орнықты қызметпен қамтамасыз ету және реформаны дамыту көзделген.
Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Оның өркендеу деңгейі қазақстандықтардың қоғамды-саяси және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып саналған және санала бермек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Кәсіби оқыту | Кәсіптік білім беру және сәнді көйлектің технологиялық өңдеу

Қазақстан жолының жаңа кезеңі- экономиканы нығайтудың, халықтың әл- ауқатын арттырудың жаңа міндеттері.
Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу- өмірлік маңызды нәрсе.
Менің тапсырмам бойынша Үкімет қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды қамтамасыз етудің бағдарламасын бекітті. Онда үш маңызды міндет қойылған. Біріншіден, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау. Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу. Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру. 2011 жылы бұл Бағдарлама қанатқақты режімде 60 мыңға жуық адамның қатысуымен сынақтан өтті.
Біздің маңызды міндетіміз- басқарушылардың білікті саяси табын дайындау. Үкіметке, Президент Әкімшілігіне 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңына дейін Президенттік кадр жасағына кандидатуралар жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырамын. Арнаулы комиссия кандидатураларды білімі мен кәсібилігі, жоғары моральдық сипаты, бастамашылдығы мен тапсырылған учаскедегі жұмысының табыстылығы өлшемдері бойынша іріктеледі. [1] ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Оңтүстік Қазақстан облысындағы жастар саясатының дамыту

Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуынын жаңа арқаға түсуі, яғни еліміздің егемендік алуы - тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Алдыңғы толқын - ағалардың кейінгі толқын – інілерге, яғни ересек, егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзқарасы калай? ''Қорқамын кейінгі жас балалардан" деген Абай атамыз сияқты олар да күдікпен үрке қарап жүрген жоқ па? Бүгінде шау тартқан сол "ересектеріміздің" өзі күні кеше кандай еді? Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткіл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі - бүгінгі ұрпақ қайда бармақ?....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда қазақ, орыс тілдері барлық жағдайда бір – біріне әсер еткендіктен, әрқашан зерттеушілердің назарында. Орыс тілі белгілі кезеңдерде тіршілік әрекетіміздің барлық жағында басыңқы тіл болып, мемлекеттік тіл дәрежесі, ұлтаралық қатынас тілі ретінде, білім алу саласында қызмет атқарды. Қазақстандағы тілдік саясаттағы өзгерістер, әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар қазақ тілінің дамуына жағдай жасады. Қазақ тілі тұрмыстық тіл деңгейінен шығып, саясатта, мәдениетте, әлеуметтік өмірде жоғары қызмет атқара бастады.
Жаңа кезеңде тілдік саясат келесі факторлармен сипатталады:
1. Тілдік саясаттың өзгеруі. Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру, оның дамуына жақсы ықпал етті. Бірақ орыс тілі ресми тіл ретінде тең дәрежеде тұрады. Бұл қостілділікті заңды бекіту болып табылады. Ғалымдардың қостілділікке байланысты пікірлері әртүрлі болып келеді. Біріншіден, қостілділік тілдердің дамуының негізі ретінде; екіншіден, қостілділік Қазақстанның қазіргі кезеңдегі тілдік жағдайына өте қажет.
2. Демографиялық фактор негізгі факторлардың бірі болып табылады. Қазақ ұлты 70 жылда алғаш рет республика құрды. Осы факт қазақ тілі ролінің артуына үлкен әсер етті.
3. Қазақ ұлттық сананың өсуі. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы осы фактордың көрсеткіші бола алады. Тәуелсіздікті алумен бірге өткен өмір, тарихқа, тілге деген қызығушылық оянды.
Микроәлеуметтік жастар қауымдастығы Қазақстан қауымдастығының бір бөлігі ретінде тілдік жағдайдың өзгеруіне әсер ететін белгілі бір заңдарға бағынады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық