Модификация — генотиптің өзгеруіне байланыссыз сыртқы орта жағдайларының әсерінен болған ағза фенотипіндегі белгілердін өзгеруі. Өзгергіштіктің бұл типі тұқым қуаламайды. Бұл өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы зор, себебі ағза өзгерген ортаға сай бейімделетіндігі баршамызға белгілі. Модификацияның «ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштік» деп аталатын категориясы болады. Н.И.Вавилов ұзаққа созылған модификацияның болу себептерін және оның типтерін зерттеуге көп көңіл бөлген. Ол ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштік біртіндеп мутациялық өзгергіштікке айналуы мүмкін деген қорытынды жасады. Н.И.Вавиловтың осы пікірі көптеген ғалымдардың әр түрлі объектілерге жасаған тәжірибелері арқылы дәлелденді. Мысалы, қарапайымдарды, бунақденелілерді, дрозофила шыбынын және жоғары сатылы өсімдіктерді қолайсыз температурада, улы заттар, жоғары қанықпалы иондармен, т.б. әсер етіп өсіргенде, ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштік алынған. ....
Салық дегеніміз - ежелден келе жатқан экономикалық ктегория. Қазіргі кезде көптеген әдебиеттерде салықты мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін құрайтын көзі ретінде қарастырады. АҚШ-ның алғашқы салық деклорациясының негізін қалаушысының бірі – Бэнжамин Франклин былай деген: «өмірде екі нәрседен құтыла алмайсың, біріншісі - өлім, екіншісі - салық». Сондықтан менің ойымша кез-келген мемлекеттің заңды және жеке тұлғалары сол елдің салық заңына сәйкес салықты төлеуге міндетті болып табылады. Жалпы салықтарды екі топқа бөліп қарастыруға болады: тікелей және жанама. Мен осы баяндамамда еліміздегі тікелей салықтың бір түрі ретіндегі – көлік құралдарына салынатын салық қарастырылады. Көлік құралдар салығы Қазақстан Республикасындағы салықтардың бірі болып саналады. Жеке және заңды тұлғалар меншігіндегі көлік құралдарына салық ұсталынады. Бүгінгі таңда, көлік салығы салық ретінде кең түрде қолданылып келеді. Ертеректе көлік салығы аттың күшімен есептелініп келді. Бұл есеп түрі мемлекетке тиімсіз болып келді, себебі көлік құралдар салығынан түскен салық соммалары аз ғана болды. Қазіргі кезде көлік салғын есептеуде бірнеше тәсілдер қолданылады. Жеңіл автокөліктерді двигатель көлеміне қарай есептейді. Сол кезде соңғы жетістіктегі және қуатты көліктердің салық соммасы жоғары болады. Жүк машиналары жүк көтергіштігіне қарай, жолаушы таситын орындық сандарына қарай көлік салығы есептелінеді.....
Қазіргі жағдайда туризмнің дамуы қарқын дамып келеді. Ол туристік қызмет көрсету нарығын қалыптастырып, туристік бизнесті жолға қойды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында туристік нарық мына бағыттарда бөлінеді: • келу туризмі – Қазақстанға келген шетелдіктерге қызмет көрсетуге бағытталған; • кету туризмі – Қазақстан Республикасы азаматтарының алыс-жақын шетелдерге сапарын ұйымдастыру; • шоп-туризмі – «желаяқтылармен» («челноктармен») қызмет ету; • ішкі туризм – ел ішіндегі туристермен жұмыс; • әлеуметтік – мемлекеттің әлеуметтік мұқтаждықтарына бөлінетін қаражатынан демеу көрсетілетін саяхат; • өздігінше (самодеятельный) – туристердің өз беттерінше ұйымдастыратын, жылжудың белсенді тәсілдерін пайдаланатын сапары. Бұған қоса, туристік бизнестің өзінің ерекше терминологиясы бар: • турист – уақытша 24 сағаттан 6 айға дейін қатар келетін немесе бір түнеп қана қайтатын, денсаулығын түзеуге, ел көріп, жер тануға, кәсіби іссапармен, спорттық, діни немес ешқандай мақсатсыз, бірақ ақысы төленетіндіктен елге келетін азамат; • туристік ресурстар – табиғат, тарихи орындар, туристерге көрсетуге арналған әлеуметтік-мәдени объектілер, мондай-ақ туристердің рухани қажетін өтейтін, олардың күш-жігерін молайтуға ықпал ететін басқа объектілер; • туристік индустрия – қонақүйлер мен басқа да орналастыру құралдарының, көлік құралдарының, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық құралдары мен объектілерінің, танымдық, іскер, емдеу, спорт және басқа тағайындаудағы объектілердің және туроператорлық мен турагенттікқызметті жүзеге асыратын субъектілердің, сондай-ақ экскурсиялық қызмет көрсету мен жолбасшы-аудармашылардың қызмет көрсету субъектілердің жиынтығы; • тур – туристердің орналастыру, жүктерін тасу, тамақтандыру бойынша қызмет көрсетудің, экскурсиялық қызмет көрсетудің, сондай-ақ жолбасшы-аудармашылардың қызмет көрсету мен сапардың мақсатына қарай болатын басқа да қызмет көрсетудің кешені; • туристік азық-түлік – туристерге өткізуге арналған турға құқық; • туристік азық-түліктің жылжуы – туристік азық-түлікті өткізуге бағытталған шаралар кешені (жарнама, мамандандырылған көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысутуристік жобаларды сату, каталог, буклет шығару және т.б. бойынша туристік ақпарат орталығын ұйымдастыру); • туроператорлық қызмет – заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің (туроператордың) лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын туристік азық-түлікті қалыптастыру, жылжыту және өткізу қызметі; • турагенттік қызмет – заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің (турагенттің) лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын туристік азық-түлікті жылжыту және өткізу қызметі; • туристік жолдама – туристік азық-түлікті тапсыру фактісін растайтын құжат; • туристік кепілхат (ваучер) – тур құрамына кіретін қызмет көрсетуге туристің құқын белгілейтін және оны көрсету фактісін растайтын құжат; • туристік кәсіпорын – туристік азық-түлікті өндіру және өткізу бойынша бір немесе бірнеше қызметті орындайтын заңды тұлға, ерекшеленген шаруашылық бірлігі. ....
Бәсеке - өндіріс құрал-жабдығы жеке меншікке негізделген қоғамда тауар өндірушілердің тауар өндіруде және өткізуде неғұрлым қолайлы жағдай туғызу жолындағы өзара күресі, капиталистердің немесе капиталистік бірлестіктердің барынша көп пайда алу жолындағы күресі. Өндіріс анархиясына байланысты жоспарсыз, бет – бетімен, бей – берекет. Өз тәуекелімен тауар өндіріп жатқан жеке тауар өндірушілер бір – бірімен бөліспей – біріспейтін рақымсыз күрес жүргізу арқылы ғана өзіне жол ашады тауарды өндіруге, оны сатып өткізуге өзіне қолайлы жағдай туғызады. Стихиялық түрде әрекет ететін бәсеке тартыстың нәтижесінде ұсақ өндірушілер жіктеліп шығып, ат төбеліндей біразы ғана капиталистер қатарына ауысады, ал басым көпшілігі өндіріс құрал – жабдығынан айырылып, күйзеліске ұшырайды да, пролетарлар қатарына келіп қосылады. Капиталистік тауар өндірісінде тереңдей бәсеке, оның ажырамас серігіне айналады. Капитализмнің негізгі экономикалық заңды – қосымша құн заңы бәсеке тартыс арқылы тауар өндірушілерін өндіргіш күштерді дамытуға итермелейді. Капиталистік бәсеке тартыс арқылы тауар өндіріс пен капиталдың шоғырлануына және орталықтануына әкеліп соғады. Ірі – ірі капиталистер өздеріне керекті шикізаттарды арзан бағаға сатып алып, өндірген тауарларын қымбат бағаға сату мақсатымен дара монополияларға ұйымдасады. Еркін бәсекенің орнын монополия басады. Монополия еркін бәсекенің қарама – қарсысы. Бірақ монополия бәсекені құртып жібере алмайды, ол неғұрлым жойқын, қатал, апатты түрге енеді. Бәсеке – капитализмнің барлық сатылары үшін, оның ішінде империализмге де тән құбылыс. Монополиялық капитализмге дейін бәсеке тартыс ірі капиталистермен ұсақ капиталистер арасында жүргізілген болса, империализм тұсында бұл монополиялық капитал мен монополияланбаған капиталдың арасына ауысады. Бұл бәсеке тартыстың мәні бір жағынан монополияланбаған фирмалардың кәсіпорындарда жасалған қосымша құнның басым бөлігін монополиялардың басып алуға ұмытылуы болса, екінші жағынан, монополияланбаған фирмалардың өз кәсіпорындарында жасалған қосымша құнды түгелінен өздеріне қалдыруға күш салуы. Әдетте бәсеке күресте күші басым монополиялар жеңіске жетіп отырады. Сондықтан, ірі монополиялардың бақылайтын капиталының мөлшеріне қарай алатын пайда нормасы да жоғары болады. Олардың монополиялық баға жүйесі арқылы жиынтық қосымша құнның, жұмыс күші құнының басым бөлігін барған сайын монополиялық пайдаға айналдыру жолындағы күресіне әкеліп тірейді. Олардың әрқайсысы пайданың жалпы мөлшерінен алатын өз үлесіне көбейте түсуге ұмтылады. ....
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялы эканомикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат саласының мамандары ақпараттың қоғамда алатын орнының өсіп, ұлғайғанын бір ауыздан мақұлдайды. Бұған Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасын ақпараттандыру заңын» қабылдауы да дәлел бола алады. Соңға уақытта ақпараттың статусы өзгеріп, ол қоғамның қазіргі кездегі жақсы тұрмысын анықтайтан шешуші факторға және эканомиканың стратегиялық қорына айналды. Әлемдік бірлестіктегі, дәлірек айтқанда әлемдік нарықтағы Қазақстан Республикасының интеграциялау мәселелерінің жинағында қоғамды ақпаратпен жабдықтау басты мәселелердің біріне жатады. Қазақстан Республикасының жабдықтау бағдарламасы нарықтық мүдделерге және нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеулерге бағытталған. Ол жақын болашақта іске асырылатын шаралар жинағын және ақпараттың инфра –құрылымын тұрғызуға боғытталған. Ақпаратпен жабдықтау концепциясының басты идеясы қоғамның әлеуметтік –эканомикалық дамуына ақпараттың және ақпарат техналогиясының үдемелі әсер етуінін жете түсіндіру болып табылады. Осыған байланысты екі түсінікті –ақпаратты жетік білу мен компътерлендіру сауаттылықты анықтап айыру мәселесі туындайды. Бұл түсініктер бір –бірімен жиі ауыстырылады. Дегенмен, бірінші түсінік әлде қайда кеңірек. Ол тек ақпаратты қайда және қандай түрде сақталғанын біліп, тауып қана қоймай, одан да маңыздырақ түрде қандай ақпарат бар екендігін, оның қалай жіктеліп өңделгенін, әрі оны қалай пайдалануға болатынын және ең бастысы нақты жағдайдағы байлықты тұрғызуға оның қандай үлес қосуы мүмкін екендігі туралы айқын түсінікті қажет етеді. Ал бұл жалпы білімді ғана емес, арнаулы дайындақты да талап етіп болжайтын ақыл –ой жұмысы. Бір жағынан кез –келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондықтан, ғылымның әр саласындағы білімнің бүтіндей жиынтығын игере білетін және оған сәкес ақпараттық техналогиядан сауаттылығы бар мамандарды кеңірек және терең оқытып үйрететін шұғыл қажеттілік пісіп жетілді. ....
Тақырыптың өзектілігі: ХХ ғасырдың 90 жылдардың басы адамзаттың даму тарихында үлкен зор дүбірлі өзгеріспен басталады. Тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасы алдында өзінің барлық экономикалық әлеуметтік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы саясатта дұрыс бағыт белгілеп, бүкіл әлемдік даму үрдісіне тез арада қосылу міндетті тұрды. Осы кезде еліміздің саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша өзгерістерге ұшырады. Оның басты көрінісі топтың әкімшілік басқару жүйесінен, нарықтық қатынас даму моделіне өту болды. Бұл жүйелік өзгерістер 1993 ж. және 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясында және 1994 ж. Азаматтық кодексінде орын тапты. Сонымен Қазақстан қоғамының үш секторы құрылым заңдастырды. Нәтижесінде біздің елде заңды түрде үш сектор айқындалды. Олар мемлекеттік, коммерциялық және коммерциялық емес сектор. Соңғы коммерциялық емес сектордан Үкіметтік Емес Ұйымдар саяси беделін көтеріп аяғына нық тұра бастады. Демократияның негізгі көрінісі ретінде Үкiметтiк Емес Ұйымдар қоғамда маңызды орын ала бастады. Қазіргі таңда бұл сектордың дамуы белсенді түрде жүріп жатыр. Азаматтық қоғамның негізгі элементі, еліміздің тұрақты саяси дамудың кепілі болып саналады. Халықтың негізгі әлеуметтік мәселелерімен айналысатын бұл сектор өз жұмысында мемлекеттен гөрі, жаңа методпен қатар мәселені шешілуде иновациялық технологияны пайдаланады. Мықты азаматтық қоғам құру тікелей Үкiметтiк Емес Ұйымдармен байланысты. Саяси даму динамикасы мен саяси процеске ықпалын тигізетін бұл қоғамның негізгі құрылымын бөлшектеп зерттеуді қажет етеді. Өйткені қазіргі таңда мықты азаматтық қоғам құру басты ахуалдың бірі. Біздің еліміздегі олардың пайда болу тарихы, қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметін орын анықтаумен бұл сектордың жүйелі түрде зерттелуі өзекті мәселенің бірі болып табылады. Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бұл тақырып отандық және шетелдік зерттеушiлермен қатар ерте грек қоғамының ойшылдармен зерттелген болатын. Сонымен қоса әлемдік саясаттану ғылымының атақты өкілдері өз үлесін қосты. Азаматтық қоғамның зертелуі қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселенің бірі болып табылады. Азаматтық қоғам туралы жалпытеориялық пен методологиялық дамуын қарастырғандар ішінен атап кететін зерттеушілер Друкер П. (1), Казаков О. (2), Либоракина М., Якимец В. (3) Қазақстанның зерттеушілері «үшінші сектор» мәселелерін, қоғамдағы алатын орны мен әлеуметтік, саяси ықпалын анықтауға үлкен үлес қосқандар ішінен, Абишев К.А. (4), Аяған Б.Г. (5), Байдельдинов Л.А. (6), Машан М.С. (7), Джунусов А.М. (8), Мухамедов М.Б. (9), Кушалиев Г.А. (10), Жусупова А.Д. (11) және т.с.с. Үкіметтік емес сектор туралы ҮЕҰ-дардың белсенді жетекшілерінің еңбектері құнды болып келеді. Оларды атайтын болсақ олар В.Сиврюкова (12), қазіргі таңда Үкіметтік емес ұйымдардың Алматы қаласы бойынша басшысы, Думбаев А. (13), Франц И. ҮЕҰ-дардың пайда болуың, оның тарихы жөнінде «Спектор развития» мерзімді басылымының редакторы И.Франц еңбегі мол. Бұл мерзімді басылым түгелімен азаматтық қоғам құру мәжілісі мен ҮЕҰ-дарға қатысты болып келеді. Азаматтық қоғам мәжілісі бойынша алғашқы ойларын грек қоғамының өкілдері бiлдiрген болатын. Олар Платон (14), Аристотель (15), Антика әлемінің зерттеушiлері сол тұжырымдарды зерттеп, өз зерттеулер жазған ішінен Утченко С.Л. (16), Кнабе П.С. (17) жатады. Азаматтық қоғам теориясын қалыптастырудағы айырықша орын алатын кезең Европаның жаңа заман мектебінің өкілдері Дж Локк (18), Гоббс Т. (19), Г. Гегель (20) жатады. Қазақстандағы азаматтық қоғам методологиялық пен теориялық жағынан зерттеулер де аз емес. Олар, ең біріншінің ел басшысы Н.А.Назарбаевтың еңбектері жататынын айтып кетуіміз жөн (21). Сонымен қоса Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының зерттеушілері азаматтық қоғам мәселесіне байланысты «ANALITIC» деп аталатын мерзімді басылымда көптеген мақалалар жариялаған. Деректік базасына келетін болсақ, олардың ішінен ел басының халыққа әр жыл сайын жолдаулары, заңды актілер, Үкіметтік Емес Ұйымдардың бағдарламалары, азаматтық формуда сөйлеген баяндамалары ғылыми жұмыс жазылу барысында дерек көзі ретінде пайдаланды. Тақырыптың мақсаты мен міндеті: осы ғылыми зерттеу жұмысты жазу барысында алдыма қойған мақсаттарым: 1. Азаматтық қоғам түсінігі мен даму эвалюциясы 2. Азаматтық қоғамдағы еріктілік 3. Үкіметтік Емес Ұйымдардың үшінші сектор ретінде дамуы Ғылыми жұмыстың міндетіне осы алдыма қойған мақсаттарымды жан-жақты зерттеп, толығымен жүзеге асыру. ....
Ел Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді бағдарламасына және он жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес Қазақстан ілгері дамып келеді, көзделген шаралардың бәрі рет-ретімен жүзеге асырылуда. Экономика қарышты дамып, тұрақтылық орнауда. Қай салада болмасын рыноктық қатынастардың алғы шарттары қалыптастырып, оның даму жолы айқындалуда. Соңғы он екі жылда Қазақстан өзінің тарихи дамуында посттоталитарлық кезендегі өтпелі дәуірдің міндеттерін шешуде. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізілуімен қатар экономиканың күйреуі, шаруашылықтың кері кетуі, инфляция, жұмыссыздық, кедейшілік, әлеуметтік көмектің төмен болғаны белгілі. Еліміздің саяси-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік-потенциалдық, демографиялық жағдайларына сәйкес қабылданған бағдарламалары халық орындап, рыноктық қатынастарды жетілдіріп, алдыңғы қатарлы ел болуымызға барлық жағдай бар, материалдық рухани байлығымыз жеткілікті. Экономиканы дамытып, рыноктық қатынастардың қалыптасуындағы тұрған ең басты міндет – халқымыздың тұрмыс деңгейін көтеру. Бұған Президенттің: «Адамдардың әл-ауқатының өсуі біздің күллі күнделікті жұмыссыздың күре тамыры болуға тиіс» деген сөзі дәлел. Сондықтан әлеуметтік сала қазіргі таңда ең жауапты, күн тәртібінен түспей отырған мәселе болып табылады. Президентіміздің жыл сайынғы жолдауларының қайсысын алып қарамайық, «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы көрсетілген жолдан ауытқымай, ілгерілеумен келе жатқанымыз белгілі. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты – экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу. Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады: қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басыңқы (негізгі) бағыттарын анықтау; жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу; материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын (қорларын) орынды пайдалану арқылы ғылыми – техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау; жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен пропорцияларын (өзара сандық өатынастарын) анықтау т.с.с.....
Солтүстік Америка – солтүстік жарты шардың Евразиядан кейінгі екінші материгі, оған Кариб алабының аралдары, Багам аралдары және Гренландия аралы кіреді. Батысында Тынық мұхитымен, ал шығысында Атлант мұхитымен, солтүстігінде Солтүстік мұзды мұхитының теңіздерімен ұласып жатыр. Жер материктері ішінен ол жер көлемі бойынша (20,4 млн. км2) үшінші орын алады. Континент Оңтүстік Америкамен Орталық Америка таулы аймағының мойнағы арқылы байланысқан, ал Еуразиямен Чукотка-Аляска ауданында Беринг бұғазы арқылы шекараласады. Нәтижесінде Орталық Америка табиғат жағдайлары бойынша Оңтүстік Америка материгінің солтүстік аудандарына, ал Солтүстік Американың тундрасы Еуразияға жақын келеді. Чукотка мен Аляска арқылы Солтүстік Америкаға адамдар өткен деген жорамал бар. Құрлықтың табиғат жағдайларының ерекшеліктерін қалыптастыруда Гренландиямен көршілес жатуының да үлкен маңызы зор. Оның мұздықтық қалқаны өте үлкен тоңазтқыш ретінде рөл ойнайды. Материктің жағалық сызығы күшті тілімденген: түбектері де көп, шығанақтары құрлыққа қарай тереңдеп кірген. Солтүстік Америка материгінің негізінде ежелгі платформа жатыр. Солтүстік-шығыста Канада қалқаны аймағында оның қатпарлы фундаменті жер бетіне жақын жатыр. Территорияның басқа бөліктерінде-Мидконтинент плиталарының шегінде палеозой шөгінділерімен және Ұлы жазықтар ауданының шеткі майысуларында мезазой шөгінділерімен жабылған. Платформаға негізінен жазықты жер бедер түрлері-цокольді және қабатты ойпаттар, қытарттар мен үстірттер сәйкес келеді. Платформаның шет жақтарына әр түрлі жастағы қатпарлы құрылымдар жалғасады. Эпигерциндік платформа фундаменті материктің оңтүстік-батыс Галф-Кост плитасы шегінде мезо-кайназой шөгінділерінің қалың қабатымен жабылған. Басқа аудандарда жер бедері қатпарлы құрылымы негізнен таулы болып келген. Пайдалы қазындылар тектоникалық құрылымдарына байланысты таралады. ....
Солтүстік Америка – өзіміз тұратын Еуразиямен бірге солтүстік жарты шарда орналасқан материк. Үлкендігі жөнінен Еразиядан мен Африкадан кейінгі екінші орынды алады, жерінің ауданы 24,2 млн, км². Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар: • Дүние жүзіндегі аса ұзын, әрі енді тау жүйесі – Кордильера, оның ұзындығы 9000км–ге жуық, ең енді бөлігі 1600 км–ге тең. • Дүние жүзіндегі ең үлкен, әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600 м, ұзындығы 446 км, ені 25км – ге дейін жетеді; • Дүние жүзіндегіең ұзын жер асты үңгірі – Флинт–Мамонт Аппалач тауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы 500км; • Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы – Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұзындығы 500 км; • Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – биіктігі 100 м–ден асатын мәңгі жасыл секвойя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі; • Материктегі ең ыстық жер – Өлім аңғары ( +57°C), бұл – солтүстік жарты шар материктерінде байқалатын ең жоғары температура. • Солтүстік Америкадағы ең суық жер – Гренландия аралының орталығы, мұнда –70°C тіркелген. • Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңғары, ол теңіз деңгеййінен 86 м төмен жатыр.....
Салық жүйесінің мазмұнын айқындау үшін салық жүйелерінің қалыптасу мәселелерін қарастырудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру қажет. Көптеген авторлар салық салудың функционалды құрамын салық жүйелерінің концептуалды модельдерінде ашады. Салық жүйелерінің концептуалды модельдерінің маңызды сипаттамалар салық салудың мәселелерін шешудегі үш әртүрлі бағыттарын бөлуге мүмкіндік беріп отыр. Нарық экономикасына мемлекеттік араласуына қатынасын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық процесстерін реттеу критериясына сәйкес бірігей тәсіл ретінде неоклассикалық бағыттағы өкілдері ұсынатын салық жүйесін құрудағы нарықтық өзін-өзі реттеу принциптерін біріктіруге болады. Екінші тәсіл нарық экономикасының қызмет етуінің негізгі параметрлерін мемлекеттік реттеу приоритетіне негізделеді. Дәстүрлі тәсілдерінің негізгі кемшілігі мемлекеттің рөлін біржақты талдауына бағытталуы болып табылады. Жиырмасыншы жүзжылдығының 90-жылдарының басынан бастап экономикалық және әкімшілік ықпал ету механизмінің бірігуіне негізделген тұрақты дамуының теориясы дами бастады. Мұндай ұтымды өзарақатынасын іздеуі салықтық аясын реттеудің жетілдірудің негізгі міндеттерінінің бірі болып табылады. Бұл міндет техникалық және ұйымдастыру жағынан да өте күрделі болып келеді, себебі бір жағынан, әлеуметтік және экономикалық бағдармалар мен жобаларды мемлекеттік қаржыландыру мен инвестициялауды ұлғайтудың объективті қажеттілігі бар, ал екінші жағынан- табыстарының көздерінің шектеулігі орын табады. Салық салудың мәселелерін шешудегі дамуының бағыттарын бөлу критериясына сәйкес салық жүйелерінің функционалдық көлемділігін анықтауына маңызды мән берілген. Тауар-ақша қатынастарының дамыған сайын салық жүйесінің функцияларының құрылымы мен олардың өзара қатынасы өзгерді. Неоклассикалық өкілдерінің көзқарастарының негізінде салықтардың роліне мемлекеттік бюджеттің табыс көзі ретіндегі мәні жатады. Яғни мемлекеттік қазынаның қажеттіліктерін қанағаттандыру немесе фискалдық функцияның орындалуы қарастырылады. Ал неокейнсиандық бағытының өкілдерімемлекеттік реттеудің макроэкономикалық бағытын негіздеді және ұдайы өндіріс процессінде салықтардың рөлі мен функциялары туралы ойларды дамытты.....