Халқын сүйген – салтын да сүйедi.


Әр халықтың өзінің салт-дәстүрі, сенім-нанымы болады. Ол – халықтың көне тарихымен бірге жасасып, озығы қалып, тозығы ескіріп ұмытылып жатады. Салт-дәстүрі жоқ ел болмайды. Қандай ел болмасын өз халқының салт-дәстүрін сыйлайды, құрметтейді. Халық арасында мынадай аңыз бар: Ертеде, біздің дәуірімізге дейінгі заманда біздің ата-бабаларымызды жау шауып ала алмапты. Әскери дағдылары дамығаны сонша жау әскері ортаға келгенше тиіспей тұрады екен де, олар ортаға келгенде жан-жағынан шабуылдайтын көрінеді. Сонда түріктердің салт-дәстүрін жақсы білетін бір азғын, жаудың әскер басына: «Түріктер ата-бабаларының аруақтарын қатты қадірлейді, егер ата-бабаларының бейітін талқандасаңыз, бүкіл түрік сонда жиналады. Сол кезде соғыса аласыз» депті.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Асыл сөз арнап берген сыйдан артық.

  1. Қазіргі кезде адамдарды берген сыйлығымен бағалап, құрметтеп жатады. Ол дұрыс емес. Себебі материалдық дүние барлық адам да
    бірдей емес. Сондықтан ізгілігі, адамгершілігі, кісілігі жоғары адамдар көлеңкеде қала береді. Егер сіздің тарапыңыздан осы бір мәселені шешу қолдан келсе, онда сіз шын мәнінде биік адамсыз. 
    Сіз құрметтеген адам жағдайын айтып, сізге сыйлық жасай алмадым деп жатса, сіз «Асыл сөз арнап берген сыйдан артық» деп айтпайсыз ба?
  2. Өзіңіздің қанатты сөздеріңізді, ой толғамдарыңызды жазып көріңіз.
Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Сиқырды емдеу жолдары

 Сиқыр – Алла тағаланың үмбеттерін тексерудің ең күрделі сынағының жоғарғы формасы. Ғұламалар өз уағында жеке тәжірибелік тұжырымдамаларына сүйеніп айтқан:
    «Сиқырды емдеудің екі түрі болады: біріншісі – емдеуші мен сыйқырланған адам қайтадан шайтанға жүгінеді, дуаны бұлайша қайтаруда мағына жоқ. Екіншісі – дұға оқу, Аллаға жалбарыну және басқа да рұқсат етілген тәсілдермен емдеу.»

Дұғалар
Толық

Сандар туралы санамақтар

Бір- таңертең тұр.

Екі- шынығып бекі.

Үш- тазала тіс.

Төрт- сабындап жу бет.

Бес- сүртін тез

Алты – үйді жина жалпы.

Жеті- киін енді.

Сегіз- асыңды жеп, іш.

Тоғыз- ыдысты жу тегіс.

Он- сабақ оқы.

Осыдан соң, бұл санамақ жаңа

Күнде өстіп сана.

Санамақтар
Толық

4 жасқа тілектер

Сені құттықтаймыз! Өсіп, күшейіп, ауырма, көңілді бол, осы әлемді білебер, жаңа қадамдар жаса және әрқашан осындай періште болып қалабер. Саған үлкен, тілалғыш, мықты және дені сау болып өсуіңе тілектеспіз. Туған күніңмен!

Құттықтау, тілектер
Толық

Балаларға арналған дастархан батасы

Дастарханың тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Жарды болсаң жасыма,
Бай болсаң, тасыма!
Бақ-дәулет берсін басыңа,
Ғұмыр берсін жасыңа.
Бәле-жала, жын-шайтан,
Жоламасын қасыңа!
Иманның байлығын берсін,
Құт-берекенің бәрі келсін!

Баталар
Толық