Шілдехана - бесік той

Қайта оралды қазағымның бүгін дәстүрлері ай
Көптен күткен халқымыздың асыл арманы еді ай
Берекелі қазақ жері ол мерекелі
Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі

Қайырмасы:
Шілдехана бесік той, тұсау кесу сүндет той ай шіркін ай
Құда түсу сырға салу беташарың ай
Алты бақан аясында.....
Өлеңдер
Толық

Қасым Аманжолов (Өзім туралы)

Қасым Аманжолов — (1911-1955) қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны.

Қасым Аманжолов– қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.

Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды.

Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын.


ТАҚПАҚТАРы ӨЛЕҢДЕРі ӘҢГІМЕЛЕРі ПОЭМАЛАРы

Өлеңдер
Толық

Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру [Қазақ осы] - Қадыр Мырза Әли (+ видео)

Е-е-ей!
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,
Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы....

Өлеңдер
Толық

Оян, қазақ!

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.
Алашағың аз ба мына дүниеден,
Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!
Ауырыңды арқала....
Өлеңдер
Толық

Педагогика | Қазақ сөзінің шығу тегі тарихы

Бір ұлттың ұлттық этнонимінің шығуы, оның мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе. Тарихта ол талай ой-пікірді туғызып, айтыстар көтеретін, сан-алуан жорамал – жоруларды жорыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Сол сияқты, ''қазақ'' атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселелер талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жоруларды, дәлел-деректерді тудырады. Менің бұл тақырыпты алған себебім тарих ғылымында әлі күнге дейін, бұл мәселеге дәл, тұжырымды, тоқ етер жауаптың жоқтығы. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құрылу, қалыптасу тарихы мен уақыты ''қазақ'' атауының деректемелер де жарыққа шығуынан ажырата білу қажет.Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының бір уақытта бола бермей, ол ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселенің бірі.
''Қазақ'' сөзінің пайда болуына байланысты, ғалымдар әлі бір пікірге келген жоқ. Осы сөздің мағынасын түсіндіретін бізге көптеген ертегілер, аңыздар, мифтер, ғалымдардың еңбектері жетті. Кейбір ғалымдар, ''қазақ'' сөзі тайпалардың ыдырау нәтижесінде пайда болып, бұл сөз әлеуметтік мағынаға ие деп жорамал жасайды.
Ал, басқа ғалымдардың пікірлері бойынша ''қазақ'' сөзі XV ғ 50-60 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандары басқарған тайпалардың жалпы атауы болып келеді. “ҚазССР тарихының” бес томдығында: “қазақ ұлты – XIV- XV ғ.ғ аралығында қалыптасты”, - деп жазылған. ....
Рефераттар
Толық

Сөзіңнің мәнділігі- мәңгілігі...

Осы, менің бір байқағаным, әдеби шығармаларды немесе шешендік кітаптарды оқып не естісем құлағымның құрышы қанғандай болады. Ондай әңгімелерді естісең қызыға,сүйсіне тыңдайсың. Ал, қазіргі таңда әдеби кітап, шешендік сөздерді оқитын жастар қайда!? Кейбіреулерінің аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұрады.т Барынша кедей сөйлейді. Егін арасына шыққан арам шөп секілді, үиреншікті, бұралқы сөздермен сөйлейтін жастарымыз да аз емес, оны күнделікті өмірде де байқап жүрміз.......
Шығармалар
Толық

Әдебиет | Қазақ баспасөзінің пайда болуы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Енді ғана өз билігі өзіне тиіп, ұлттық мемлекетінің іргетасын қалай бастаған қазақ халқы үшін өзінің жүріп өткен жолының ғылыми шынайы тарихын жазу қажеттілігі күннен - күнге айқын сезілуде. Өйткені ұлттың бүгінге дейінгі тарихы – оның ертеңгі тағдыры.
Біз қазақ баспасөзінің дәлірек айтсақ, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ баспасөзінің сипатына, ондағы қарастырылған басты мәселелерге тарихи тұрғыдан тоқталып өттік. Бұл кезең қазақ баспасөзінің енді - енді ғана дүниеге келіп, халықтың арасына тарай бастаған кезеңі, әрі халықтың тар жол тайғақты кезеңі. Осындай аласапыран кезеңде халық тағдыры мен қоғам өмірінің шындығын бүкпесіз батыл жариялаған қазақтың баспасөзінің қызметі де орасан зор болды. .....
Ғылыми жобалар
Толық