Ертеде, бір байдың жалғыз баласы болыпты. Байдың қадірлі ұлы да, қызы да сол екен. Күндерде бір күн әлгі байдың баласы ұйықтап жатып, түс көреді. Түсінде бір қара қасқыр жейін деп баланың аяғына аузын сала бергенде, бала шошып оянады. Ертеңіне осы түсті тағы да көреді. Сөйтіп, бала осы түсті күн сайын көретін болады. Қасқыр баланың аяғынан тістей бергенде, бала шошып ояна беретін болады. Бала түнде ұйқы, күндіз күлкі көре алмайтын болады.......
Бір Мысық қаңғырып жүріп өліп жатқан арыстанға тап болады да оның жетім қалған күшігін бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы аң болады, өз тамағын өзі тауып жейтін халге жетеді.
Бір күні ашыққан Арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып кетеді. Сонда Арыстан тұрып:
— О, менің ақ сүтін емізген асыраушым! Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бар ақылыңды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? – дейді.
— О, қайырымды балам! Сені мен кішкентайыңнан бауырыма басып өсірдім, білген ақыл-айламның бәрін үйреттім. Бірақ құлқыныңнан қорқып, бір өнерімді айтпай, бүгіп қалып едім, оным ақыл болған екен! – дейді.......
Бір жолаушы ұзақ сапар шегіп, әлден уақытта иен далаға шығыпты. Күн төбеден ауып, бесін шамасы болған кезде, соңынан бір қасқыр ілесіпті. Кеш батып, күн ұясына тақай бастағанда, әлгі қасқыр бір-екі рет боздай ұлып, дыбыс берген екен, әп-сәтте жан-жақтан бір үйір қасқыр жиналып қалыпты. Жолаушы қатердің төнгенін сезеді де айналасына көз тастайды. Қараса, көз ұшынан қарайған ағаштың сұлбасы ......
Баққа бөленген әдемі қаланың ортасына салынған емхана бір көшені бір-ақ алып тұрады. Оның көше жағына қараған беті дәрігерлер науқас адамдарды қабылдайтын бөлмелер де, аула жақ беті ұзын зал. Ұзын залдың бойына қойылған отырғыштардың босы көп болғанымен қабылдау кабинеттерінің бәрінің алдында адам баршылық. Адамның ең көп отырған жерлері құлақ, мұрын, тамақ ауруларын, көзді, тісті қарайтын кабинеттер алды. Ұзын залдың ашпалы терезелерінің барлығы ашық. Осы ашық терезелерден таңертең соққан самалмен бір хош иіс келеді де, адам мейірін қандырмай жоқ болады. Сусап отырғандарға зор сабадан бір-бір тостағаннан қымыз беріп бір жайқар келіншек ізінше қайтып шығып кеткендей болып тұр. Жанға сая көктемнің лебі отырған науқастарға табылмас шипадай сезіледі. Самал тағы да, ессе игі еді деседі, отырғандар;
Залдың. кіре беріс есігі кең ашылды да, денесіне жабыстыра тіккен қалың күрең қызыл көйлегі бар бір әйел көріне кетті. Ол есік жабылар — жабылмастан залдың оң жағына қарай тез басып жүріп берді. Осылай қарай бұрылуымен одан хош иіс бұрқылдап, терезеден келген лепке жарымай отырғандардың мұрнын жарып жібере жаздады. Ол құлақ, мұрын, тамақ ауруларын қарайтын кабинет алдынан аяғындағы өкшесі дірілдеген жылтыр қара туфлиін шажамайын шиқылдата, екі қолын артына лақтыра тастай сыпыртып өте шықты. Құлақ, мұрын, тамақ ауруларын қарайтын кабинет ең түкпірде еді. Бұдан былай кабинет жоқ болса да ол етіп барып бұрыштан кілт бұрылып, қашаған қуып үйренген қысыр биедей өкшесінен қайтты. Туфлиін шиқылдатып бері жүрді. Екі құлағын кезек басып шыдай алмай шеткерірек отырған орта жастағы Ерекеңнің беті тыржың ете түсті. Оған жалғас отырған қартаңдау әйел де татып кеткен айран ұрттан алғандай мұрнын тыжырып, бет-аузын қатпарландырып, аулын ырсита қойды. Көзі әлгі әйелде. .....
Үш кезеңнен тұратын «Кембридж бағдарламасының міндеті – Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 12-бет) деп көрсетілгендей менде өзге мұғалімдер секілді тәжірибемді жетілдіріп, өзгеріс енгізу мақсатында Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының үшінші базалық деңгейлі курсына оқуға келдім. Курстың Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде тренерлер көшбасшылығымен топтасып жұмыс жасауға дағдыландық. Бірлесе жұмыс жасау мақсатымыз топта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырумен қатар, кездескен.......
Ерте заманда Асан деген баланың жеті жасында әкесі өліп, жетім қалыпты. Өздері өте кедей екен. Ішерге асы, киерге киімдері болмаған соң Асанның шешесі Жаңыл, баласын жетелеп жүріп, ел қыдырып күнелтетін болыпты. Күндердің бір күні Жаңыл апа Асанды жетелеп Таһир ханның сарайына келіп, жәрдем сұрап, мұңын айтыпты. Хан жаны ашып, жәрдем берудің орнына Жаңылға қарап былай депті:
– Менің аңға қосатын тазы иттеріме күтуші бол. Иттермен бірге жат, тамағың да солармен бірге болады. Балаң ақсақ-тоқсақ қойларды бақсын. Ерте тұрып, кеш жатасыңдар, тамақты аз ішіп, жұмысты көп істейтін боласыңдар. Қысқасы өзің – күң, балаң – құл болады. Ойымдағыдай жақсы істемесеңдер бастарың......
Зардап шегушінің тек тыныс алуы ғана емес, сонымен қатар жүрек қан тамырлары арқылы қан айналымын қамтамасыз етпеген кезде оның қан айналымы да тоқтауы мүмкін. Мұндай жағдайда көмек көрсету кезінде бір ғана қолмен дем алдыру жеткіліксіз болады. Себебі оттегі өкпеден қан арқылы басқа мүшелер мен ұлпаларға өтпейді, қан айналымын жасанды түрде қалпына келтіреді.
Егер төс сүйекті басса, жүрек көкірек қуысы мен омыртқа ортасында қысылады да оның қуысынан қан тамырларға сығылады. Бұл жасанды түрде қан айналымын қалыпқа келтіретін жүрек сыртына (тікелей, жабық түрде емес) массаж жасау деп аталады. Осылайша қолмен дем алдыруды жүрек сыртына массаж жасаумен үйлестіру кезінде тыныс алу, қан айналу қызметтері жасанды түрде жүргізіледі.
Осы шаралардың жиынтығы реанимация (яғни ағзаны тірілту) деп, ал шараларды – реанимациялық деп атайды .....
Постгеморрагиялық анемиялар тез және созылмалы қансыраудан дамиды. Соған байланысты қауырт және созылмалы посгеморрагиялық анемиялар болып бөлінеді. Қауырт постгеморрагиялық анемия тамыр жарақатынан көп шөлшерде қансыраудан тез қансыраудан дамиды.
Созылмалы постгеморрагиялық анемия кейбір дерттердің нәтижесінде (асқазан жарасы, жатыр фибромасы, дисменоррия, геморрой ж.б) қан тамырлары бүлінуінен және тромбоциттік – тамырлық, коагуляциялық гемостаздың бұзылуынан болатын жиі қансыраулардан дамиды. Жиі қайталанатын қанкетулер кезінде темір жоғалуы гипохромдық және микроциттік теміртапшылықты анемия дамуына әкеледі. .....
Әскери - далалық хирургияда және хирургиялық жарақаттардан кейін кездесетін күрделі асқынуға ұзақ жаншылу сырқаты (ҰЖС) жатады. Бұл жерде ҰЖС - әртүрлі атаумен аталып келгенін айта кету жөн – «жарақаттан улану», «жаншылу сырқаты», «босату сырқаты», «жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт қысылу сырқаты», т.б.
ҰЖС – жарақаттардың аса бір күрделі асқыну түрі. Оны ғалымдардың жеке бөліп қарауына сәйкес табиғи апат кезінде және соғыста алған жарақаттар осы ауыр дағдарыстың дамуына себепкер болады. .....