Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республикамыздың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын айқындап, елу елдің қатарына кіру үшін 7 кластерді дамыту керек екендігін атап көрсетті. Бұл жеті кластердің бірі – туризм кластері. Туризм – әрі экономика, әрі саясат Мемлекет басшысының туризм кластерін дамыту арқылы Қазақстанның халықаралық беделін көтеру, сала жұмысының тиімділігін арттыру арқылы оны табыс көзіне айналдыру жайлы үкімет алдына мәселе қойып отыр. Туризм бүгінгі күнде жай ғана демалыс емес, қай мемлекетте болмасын шағын және орта бизнесті дамытатын қозғаушы күш. Бұл сала сонымен қатар, валюттік түсімдердің қайнар көзі әрі жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етудің де құралы. Әлемдік статистика мәліметтеріне сүйенер болсақ, келген турист қай елге болмасын орта есеппен мың доллар көлемінде қаржы түсіріп, тоғыз адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен. Жер бетінің ұлтарақтай ғана аумағын мекен еткен Андора, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино тәрізді егжейлі мемлекеттерден бастап әлемдік саясатқа ықпал жасап келе жатқан Ұлыбритания, Германия, Испания, Франция, Қытай, Канада тәрізді іргелі державаларға дейін туризмді экономиканың негізгі табыс көзі айналдырған. ....
Жамбыл облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Шу-Іле таулары мен Балқаштың батыс жағалауы, Қаратау жотасы, Қырғыз Алатауы мен Бетпақдала аралығында орналасқан. Облыс – оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен, батысында Оңтүстік Қазақстан, шығысында – Алматы облысымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен шектеседі. Патшалық Ресейдің 1863 – 64 жылдары әскери жаулаушылық әрекетінің нәтижесінде бұрын Қоқан хандығының қол астында болып келген Ұлы жүздің жерлері империяның құрамына енді. Осы өңірде Сырдария және Жетісу облыстары құрылып, олар Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды. Үкіметтің 1867 ж. 11 маусымда қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі «Уақытша Ережеге» сәйкес Әулиеата уезі құрылды. Ол Сырдария облысына қарады. Оның аумағы батыста Түлкібас стансасы, шығысы Шу өзенінің батыс жағалауына, оңтүстігі Сусамыр алабына (қазіргі Қырғыз Республикасының Талас облысы), солтүстігі Шудың төменгі ағысына дейінгі жерді алып жатты. Орталығы Әулиеата шаһары болды. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін уезд 1918 ж. 30 сәуірде құрылған автономиялық Түркістан Кеңестік социалистік республикасының құрамында болды. 1924 ж. Орта Азиядағы Ұлттық-аумақтық межелеуге байланысты уезд Сырдария облысының, кейінірек Алматы округінің құрамына енді. 1927 ж. әкімшілік-аумақтық аудандастыруға сәйкес уезд негізінде 6 аудан құрылды: Жамбыл, Луговой, Меркі, Сарысу, Талас, Свердлов. Олар Оңтүстік Қазақстан облысының құрамына кірді....
Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы – оны сипаттау диплом жұмысының мақсаты болып саналады. Далалы зонада қазіргі заман үлкен қаласының, астанасының пайда болу себептерімен және іздерін анықтау, оның халқын, шаруашылығын және болашақта даму перспективаларын талдап жазу жұмыстың міндетіне жатады. Қазақстан Республикасының астанасы тәуелсіздік және өркендеу символы ретінде экономикамен халықтың молшылығын табысты өсуінің көрсеткіші болғандықтан оны баяндау, анықтау тақырыптың актуалдылығы болып табылады. Астана жаңа тәуелсіз мемлекеттің Астанасы ретінде соңғы уақытқа шейін әлемге мүлдем таныс емес еді. 1997 жылы бұрынғы шағын қала Астаналық мәртебені алғанан кйін көз алдымызда бурқана жаңа қалалық рухани, сипатқа ие болып, есікілік пен жаңалықты үйлестіре өскені сөзсіз. Мұны саясат, мәдениет және тарих үлгісі ретінде біздің қаламызбен танысқысы келетіндерге неге көрсетпеске. Қазақстан саяси картасында 1991 жылы КСРО құлағаннан кейін пайда болады, ал 6 жыл өткен соң призидент Назарбаевтың жарлығымен Республиканың астанасы Аламатыдан Астанаға көшірілді. Астананың ауысуы өте жылдам уақыт аралығында жүзеге асырылды, ол тіпті шығыста ештеңе жылдам салынбайды жақсақ пікірге қарама – қайшылық тудырып еді. 1997 жылы Үкімет шешім қабылдасымен Алматыдан Астанаға мемлекеттік шенеуниктер мінген пойыздар ағыла бастады. Қалаға салтанатты түрде – Мемлекеттік рәміздер - Ту мен Елтаңба әкелді, ал 1998 жылы Қазақстан Астанасының ресми презентациясы болды. Жоғарда айтқандай тоқсаныншы жылдары ортасында Қазақстан Республикасы Призиднет Нұрсылтан Назарбаев көпшілік көптеген алаида шұғыуыл түрде, оңтүстікте орналасқан Астананың Республиканың орталығына ауыстыруды қажет деп тапты. Астана ауыстырудың скбептері аз айтылған жоқ, тек бір нәрсе анық еді ештеңеге қаракмаи қазақстанның жаңа Астанасы қалыптасты. Астана елдің эканомикалық саяси және мәдени өмірінің орталығына аиналды. 1998 жылы 6 – мамырда Ел басы Нұрсылтан Назарбаевтің Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өгертілді.....
Балқаш-Алакөл ойысының аумағындағы табиғаттағы маңызы зор нысандардың бірі табиғи су қоймалары көлдер болып табылады.Олар Балқаш, Алакөл, Сасықкөл Ұялы сыяқты өзіне тән бірегей органикалық дүниесі бар ірі көлдер Жетісу өңіріндегі жылу мен ылғалдың таралуында, ерекше орын алады. Аридті аймақ болып табылатын облыс аумағының халқын балық өнімдерімен қамтамасыз етумен қатар жазғы демалыс орыны болып табылатын көлдерді жан-жақты оқып үйреніп оларды бірегей табиғи нысан ретінде қорғаудың маңызы Бітіру жұмысының өзектілігі: Бітіру жұмысы Алматы облысының аумағындағы көлдердің түзілу жолдарын, қоректену режимдерін, табиғаттағы маңымен оларды қорғаудың маңызын ашып көрсетуімен өзекті. Бітіру жұмысының мақсаты: • Алматы облсының аумағындағы көл қазаншұңқырларының түзілу жолдарын; • -гидрологиялық режимдерін, динамикасы мен су балансын; • -қоректену ерекшеліктері мен физикалық-химиялық қасиеттерін • -органикалық дүниесімен табиғаттағы маңызын ашып көрсетіу. ....
Диплом жұмысының өзекті мәселелері. Бүгінгі таңда Түркіменстан — экономикасы жақсы қарқынмеи дамып келе жатқан ел. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан-ақ өзге даму жолына түскен Түркіменстан өз бетімен әлемдік экономикалық кеңістікке шығудың мүмкіндіктерін қарастырған ТМД елдері ішіндегі ерекше мемлекет. Шекаралық жағдайы және экономикасының басты салалары мұнай мен газ өнеркәсібінде тоғысын табатын Қазақстан мен арадағы қатынас, экономикалық байланыстар актуалды тақырыпқа өзек болып тұр. ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы жылдық өсімі мұнда 20 пайыз. Мемлекеттің қатаң бақылауының астында дамып келе жатқан елде ұрлық-қарлық жоқ. Рыноктық катынастар да дамып келеді. Мемлекеттік бюджет кірісінің қомақты бөлігін мұнай мен газды сыртқа шығарудан басқа мақта иіру кәсіпорындарының тізбесінен басқа салық та құрайды. Жоғары технологияға негізделген ондай кәсіпорындар саны қазір 63-ке жеткен. Жыл сайын бұл елде 158 млн. шаршы метр мақта-мата бұйымдары мен 82 мың тонна жіп иіріледі. Осы өнімдерін Түркіменстан әлемнің жоғары дамыған 30-дан артық еліне шығарып тұрады. Жалпы, бұл ел әлемнің 80-нен артық елімен белсенді сауда-экономикалық байланыстар жасайды. Соның ішінде біздің елімізбен байланыс жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Былтырғы жылдың өзінде төрт рет жоғары деңгейдегі кездесулер болды. Каспий бойы газ құбырын салудан басқа екі елдің аумағына темір жөне тас жолдар салу туралы келісімдерге қол жеткізілді. Түркіменстанға тиесілі Каспий кайраңын бірлесе игеру туралы да жоғары деңгейде пікірлер айтылды. ....
Қазақстан Республикасы – егеменді, демократиялық және біртұтас мемлекет. Оның экономикасының жетекші салалары болып табылатын түсті және қара металлургияның мемлекетаралық зор маңызы бар. Берілген "Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру (қара және түсті)" атты жұмыс еліміздің экономикасына зор үлесін қосады. Қазақстанда бұл саланың айтарлықтай орны ерекше. Жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасының металлургиясын жаңа ГАЖ-функцияларды, картографиялық бегілерді пайдаланып картографиялау. Зерттеліп отырған аймақтың физикалық-географиялық орны айтарлықтай республика өнеркәсібінің дамуына әсер етеді. Алғашқы тарауда жалпы металлургияға, Қазақстанда дамыған кен орындарына басты назар аударылады. Қазақстанның түсті металлургиясының әр саласына жеке тоқталып, орналасу ерекшеліктеріне, түсті металдардың түпкілікті қай жерден табылғандығы, олардың құрамы және қазіргі таңда дамып келе жатқан, сонымен қатар шет ел компанияларымен бірігіп жұмыс істеп жатқан кен орындары туралы сөз етіледі.....
Алматы облысының масштабы 1:1000000 гипсометриялық және геоморфологиялық карталарын құрастыру. Топографиялық карталармен қатар гипсометриялық карталар және геоморфологиялық карталар құрастырылады, олар ең алдымен нақты анықталған геоморфологиялық және гипсометриялық мәні бар морфометриялық көрсеткіштері бойынша жер бедерін көрсетеді. Геоморфологиялық және гипсометриялық карталарды топограф және картограф мамандары геоморфологтармен бірлесе отырып құрастырады. Гипсометриялық және геоморфологиялық карталар жер бедерін зерттеу мақсатында, практикалық, ғылыми-зерттеу мақсатында, сонымен қатар инженерлік және халық шарушылығындағы барлық салаларындағы қажеттіліктерді шешу үшін құрастырылады. Геоморфологиялық карталардың басты ерекшеліктерінің бірі-бедер элементтерінің морфологиясын, жасын және қалыптасу тарихын бейнелеу. Олар ең бірінші жер бедерінің сыртқы көрінісіне көңіл аударады, ал жер бедерінің қалыптасуы екінші орында тұрады. Геоморфологиялық картографиялау жүргізу кезінде зерттеушінің алдында бедер түзу процесінің қайтуы басымдау екен деген сұрақтар пайда болады. Бұны шешу үшін мына тәртіпті нұсқау етіп қолдану қажет: топографиялық картаның масштабына және жүргізіліп жатқан геоморфологиялық түсірім масштабына сәйкес картаға арнайы қосымша геоморфологиялық мәліметтерді енгізу қажет ....
Кіріспе Бүгінгі өз алдына тәуелсіздік алған егенменді елміздің мәдениеті мен әдебиеті ұлттық сипатын айқындай түсуде. Бұл мақсаттың алғашқы қадам алаштың ардақты ұлдарын ақтаудан басталғаны баршамызға мәлім. Алаш азаматтары яғни қазақ зиялылары қазақ ұлтын жеке автономиялық мемлекет етіп құруды мақсат етті.Олардың осы өмірлік мұраттары шығармашылық идеяларын айналды. Бұл ұлт – азаттық идеяның әдебиетте алғаш көрініс беру еді. Бірақ ұлт – азаттық идея ұстанған ағым өкілдірі саяи айыппен қоғамнан аластатылды да, оларды тану, зерттеу соңғы жылдары қолға алынды. Басқа сөзбен айтсақ алаш азаматтары аңсаған екріндікті, егемендікті ұрпақтары біз көріп отырмыз. Бүгінгі таңда жарты ғасырдан астам өз оқырманын күткен Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығы қазақ халқының асыл мұрасына айналды. Осы уақыт ішінде Мағжан Жұмабайұлы шығармашылығы жан-жақты зерттелді.Ақынның қаламынан туған классиқалық шығармалар ұлт әдебиетін белгілі бір көркемдік дәрежеге көтерді. Ал ақын көркем туындыларындағы естетикалық таным өз бастауын ұлт тарихынан, халық ауыз әдебиетінен халықтық мәдениеттен алып жатады. Ақынның осы негізде қалыптасқан азаматтық ұстанымын тануда патриоттық рухта жазылған поэмаларының рөлі зор. Поэмаларының ішіндегі ең көлемдісі және алдымен ауызға ілігері - "Батыр Баян". Өйткені поэма идеясы ұлт тағдыры идеясынан туындаған. Алғаш "Шолпан" журналының 1923 жылы №4–8 сандарында жарияланған "Батыр Баян" поэмасы тарихи деректерге қарағанда Мұқтар Әуезовтың үйінде бір таңда жазылған. Осы помасына негіз болған деректерді ақын Шоқан Уәлиханов еңбегінен алғаны баршамызға мәлім. Поэманың кейіпкері болып отырған Абылай хан да, Батыр Баян да өмірде болған адамдар. Және Баянның Абылай ханның сүйікті батыры болғаны да рас. Сондықтан Мағжан қазақ халқының тәуелсіздігі, бірлігі, бостандығы үшін күрескен – Абылай хан батыр Баян есімдерінің ел назарынан тыс қалып, ұмытыла бастауы бір кездегі, батыр халықтың рухының жойылуына апарып соғарын түсінгендіктен, "Батыр Баян" поэмасын жазған. "Батыр Баян" поэмасында қазақтың хандық дәуірі, оның ішінде Абылай тұсындағы жаугершілік заман психологиясы көрініс тапқан. Ақын шығарма мазмұнына реалистік оқөиғаларды мәселен, Абылай дәуірі, XVIII ғасырдағы қазақ батырлары, соның ішінде Баянның ерен ерлігі, қайсарлығы мен батыр мінезі, қалмақ пен жауласқан майдан даласы, Абылай мен Баян арасындағы сөз бәсеке, Сары батырұлы Қыстаубайдың қалмақ қызына ғашықтық оқиғасы, Жанатай өлімін таңдап ала отырып, тарихи шындыққа романтикалық қуат берген. Яғни негізгі мазмұнын тарихи оқиғалар құрып тұрған поэмаға ақын романтикалық махаббат, асқақ өлім ырғағын үстемелеу арқылы бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған батыр Баян Қасаболатұлының образын сомдауға, характерін ашуға пайдаланды. Яғни ер Баянды Мағжаннан асып, ашын тарихқа қалдырып, танытып, бейнесін әдеби көркемдеген ешкім болмады. Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасы екі тараудан тұрады. Бірінші тараудың бас шенінде ақын басқа поэмалар сияқты өз күй-сезімін толғап бастайды. Ақын өткен күн тақырыбына неліктен оралып отырғанын, қалам ұстаған кездегі жағдайын түсіндіруге бейім. Ары қарай Мағжан XVIII ғасыр Абылай заманын, қанша уақытқа созылған қазақ-қалмақ арасындағы айқасты суреттейді. Және поэманың драмалық тартысын күшейту үшін Баян-Ноян-қалмақ қызының арасындағы шиеленісті, ақыры Ноян мен қалмақ қызының өлімін жырлайды. Ал екінші тарауда ақын басшы кейіпкер Баянның жүз жігітпен қалмақ қолына шабуын, асқақ өлімін суреттейді. Дерек көздерін және тақырыптың бұған зерттеулер деңгейіне келер болсақ, Шоқан Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бірінші томын айтамыз. (Алматы I том, 1961). Ал, "Батыр Баян" туралы алғашқы пікір Ж. Аймауытовтың " Мағжанның ақындығы туралы ( Ташкенттегі қазақ студенттеріне етілген баяндама "Лениншіл жас" журналы №5, 1923 жыл) мақаласында жарық көрді. Сонымен қатар Сәбит Мұқановтың "XX ғасырдағ,ы қазақ әдебиеті" еңбегінде біршама қаралады.....
Диплом жұмысы – жоғарғы оқу орнындағы соңғы әрі қорытынды жұмысыңыз, сіздің жылдар бойында алған біліміңіздің нәтижесі. Сол себептен де, бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты іздеу жұмыстарын жүргізу керек. Ал біз өз тарапымыздан диплом жұмысының жазылу ережесін шама-шарқымызша түсіндіріп өтпекшіміз.
✅ Тіс пастасын тек тіс жуу үшін қолданасыз ба? Оның басқа да қолданысымен таныс болыңыздар.
Тіс пастасы жәндіктердің шаққан, тіліп, кесіп алған жердің қабынун басады. Тіс пастасы күйіп қалған жерді тыныштандырады. Терідегі қызарған жараларды жасырып, безеулерді кетіреді. Тырнақтарды жылтырлатып тазарта алады. Гель тіс пастасын кішкентай көлемде шашқа арналған гельдің орнына қолданса болады. Қолға сіңіп кеткен балық, сарымсақ, пияз иісінен арылуға көмектеседі. Киім мен кілемдерге сіңіп кеткен, кетпейтін дақтарды тазарта алады. Тым қатты кірленген аяқ киімді тазартады. Әктелген қабырғалардан қарындаш пен фломастер іздерін кетіреді. Тіс пастасы көмегімен күміс әшекей бұйымдарын жылтырлатып тазартса болады. Компьютер дискілерінің тырналған іздерін кетіреді. Балаларға арналған шөлмектерді жаман иістен тазартады. Күйіп қалған таба мен қазандағы дақтарды тазалайды. ......