Әйелі көзіне шөп салған ер адам іштегі күйінішін айтып, жан сырын ақтарды. Ол балаларын тастап, ауылдан қалаға нәпақаға табуға келгенде осындай жағдайға тап боламын деп тіпті ойламаған көрінеді.
Көз айналасында мимикалық әжімдер ерте пайда болады. Жастайынан көз айналасындағы теріні күтіп, әжімдердің алдын ала білу ләзім. Қолдан жасалған маскалардың бір ерекшелігі, құрамына қосылатын ингредиенттердің сапасына сенімді бола аласыз. Сіздерге бірнеше маскалардың жасалуымен таныстырмақпыз:
✅ Ақжелкен (Петрушка) маскасы. 1 кішігірім ақжелкен шоғырын ұсақтап турап, 1 ас қасық қаймақпен араластырасыз. Түзелген қоспаны көз айналасындағы теріге жағып, 20 минуттан кейін жылы сумен жуып тастайсыз. Ақжелкен маскасы теріні құнарландырып, ұсақ әжімдерді жазады.......
Алматының еңсесі биік ғимараттары басыңды айналдырардай, иін тіресе орналасқан. Сол ғимараттардың бірінің жарығы, күндегісінен ерте жанды. Бұл Қарагөз атты қыздың пәтері еді. Қарагөз әншейінде күн көтерілгенде бір ақ оянатын. Қарагөз бетін жуа бастап еді, айнаға көзі түсті. Көзі түсті де, бір сәт ойланып тұрып қалды. Ойына түнде көрген түсі оралды. Бұл не ғажап! Расында,бұл не болғаны?
Ну орманның арасында адасып келеді екен. Айналасы көк тұман. Басы зеңіп, ауырып тұр. Ол сол жерде айналшақтап біраз тұрды. Кенет, о ғажап, күн жарқырап ашылып, басы ауырғаны да қойды. Алдынан үлкен бір үй көрінді. Не де болса көріп, өлейін деп үйдің есігін ашты. Үй қаңырап бос тұр. Қыбыр еткен жан жоқ. Ақырын басып екінші қабатқа көтерілді. Түпкі бөлменің есігін ақырын ашқаны сол еді қатты да қалды. Тіпті айқайлауға шамасы келмей қалды. Қарагөз тап алдында, асылып өлген жас жігітті көрген еді.....
Киелі Ертіс-Баян өңірінің табиғаты қаншалықты сұлу болса, осы елде өсіп-өнген ақындары да соншалықты сырлы болып келеді. Баянтау баурайындағы қарапайым малшылар отбасында өмірге келіп, туа біткен табиғи талантымен әдебиет әлемінен өзінің орнын тапқан ақын, журналист, сатирик Сүлеймен Баязитовтің есімі жұртшылыққа жақсы таныс. Оның журналистік жолдағы еңбегі алғаш Баянауыл аудандық «Баянтау» газетінде басталды.
Одан соң облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде қызмет істеп, кейін ұстаздық жолға түскен. «Жасыбай батыр», «Хан ием», «Құдіреті күшті бір Алла» сынды он шақты кітаптың авторы. Сонымен қоса, үстіміздегі жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен «Қазақмыс» корпорациясының бірлескен жобасы – республикалық «Балауса» жыр мүшәйрасының үшінші орын иегері. Ақын ағамыз биыл асқаралы 70 жасқа толып, ұрпағының қызығын көріп отыр. Осыған орай жерлес жазушымен жүздесіп, сұхбаттасып қайтқан едік.
- Ассалаумағалейкум, Сүлеймен аға! Алдымен балалық шағыңызға бір сәт саяхат жасасақ?
- Мен 1944 жылы Баянауыл ауданына қарасты Ж.Шанин атындағы елді мекенде колхоздың малшысы Баязит ақсақалдың отбасында өмірге келіппін. Мен туғанда қар аралас жаңбыр жауып, тас балағанның төбесінен су ағып тұрыпты. Ол кезде қойшылар қандай жөні дұрыс үйде тұрды дейсің? Әйтеуір баспана деген аты болмаса...
Ал балалық шағың қалай өтті дейтін болсаң, өмірдің соқпағына ерте түстім, кішкентайымнан қара шаруаға жегіліп өстім. Өзім өмірге келген жердегі жеті жылдық мектепті тәмамдадым. Мектеп бітірген соң біраз уақыт қой бағып, сиыр өсіріп, малшыларға көмекші болдым. Бұл сол тұстағы кез келген баланың өмірінен өтетін үлкен сындардың бірі еді. Сол арқылы көндігіп, өмірдің сырын ұқтық, қиындыққа төзуді үйрендік. .....
Әрбір мектеп бітіруші жанның шәкірттік бейнесін ешбір фотосуретшінің көмегінсіз-ақ сана түкпірінде сақтап қала алатын бір жан бар болса, ол - оның ұстазы. Ұстаз - өзінің есейген шәкіртімен жүздесіп тұрып-ақ осы бір ересек жанның сол кездегі балаң бейнесін, оның сыныптың қай бөлігінде, қай партада отырғанына дейін көз алдына елестете алатын бірден-бір жан. Себебі шәкірт ұстаздың өзінің мектепке жас маман болып кіріп, зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейінгі саналы да мағыналы ғұмырының еріксіз бір ажырамас бөлшегі. Осы бір балаң бейне ұстазға ерекше түрде жақын. Ұстаз бүгінгі алдында отырған шәкірттерімен ғана емес, өткен шақтағы шәкірттерінің осы бір бейнесімен де үнемі бетпе-бет келе алар еді. Нақ осыны шәкірттің өзі де сезер, мүмкін ұстаздың шәкірт жанына жақын болуының да бір себебі - ұстаздың тек өзіне білім беруші жан ғана емес, балаң күнінің қастерлі куәгері екендігінде де болуы мүмкін. Себебі түлек болып кеткен жан да еріксіз бала күніне оралып отырады.
Бүгінгі түлектер - кешегі шәкірттер. Ол күні кеше ғана өз мектебінің үздігі, өнерлісі, білім немесе басқа да саладағы жарыстар мен сайыстардың жеңімпаздары атанды. Ол осы сәттерде өз ата-анасының мәртебелі мақтанышы болды. Осының барлығында да оның жанында ұстаз жүрді. Осының бәрінде де ұстаздың қажыр-қайраты, білімі мен білігі, еңбегі мен шәкірт көкірегіне сенім мен жігер тудырушы күш-қуаты жатты. Шәкірт пен ұстаздың бірігіп мақсатты жолға жауапты дайындықтарының басталуы мен нақты нәтижелерге қол жетулерінің арасында ұзақ жол жатады. Бұл жол шәкірттің ұстазға деген сенімі мен ұстаздың өлшеусіз еңбегінен құралады. .....
XX ғасырдың анасы өткен ғасыр Аналарына қарата сөйлейді:
Уа, Ана!
Сендер өз ұлттарыңның мақтанышына айнала алған ұл-қыздарды дүниеге әкелдіңдер. Оларды бесік әлдиімен өсірдіңдер. Түн ұйқыларыңды солар үшін төрт бөлдіңдер.
Қазақ ұлты өткен ғасырында аласапыран шайқастарды басынан өткерді. Сонда сендер дүниеге әкелген ұлдар өз ұлтының Азаттығы мен Тәуелсіздігі үшін жан аямай күресті. Сендер үшін көздің қарашығындай болып көрінетін ұлдарыңның денесіне жаудың өткір жебесі келіп қадалды, улы найзасы түйрелді. Бірақ сендер ел қорғар оғлан ұлдарды өсірген едіңдер. Оларға үнемі бесігінен батырлық пен ерлік туралы жырларды айттыңдар. Олардың жаны мен жүрегі ана әлдиімен бесігінде-ақ шыңдалған еді. Сонан соң оларға әкелері қылыш ұстауды үйретті. Осы себептен де сендер өсірген ұлдардың рухы әманда үстем тұрды. Олардың ерліктері жау әскерінің құтын қашырды, мысын басты. Сендердің өсірген ұлдарың өз халқының Азаттығын сан мәрте қорғап қалды. Сондықтан да ұлттың рухы кейінгіге сақталып жетсе, осы жолда сендер өсірген батыр ұлдармен бірге, олардың Аналары - сендердің де үлестерің басым, Ана! .....
Адам өліміне әкеліп соғатын кез келген билер шешіміне мен қарсымын. Ол адамдыққа, адамгершілікке жатпайды.
Автор
Адал махаббаттың құрбаны болған ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкеліп соққан билер шешімінің нүктесі - Еңлік пен Кебектің мойнына арқан салып, екі аттың құйрығына байлап алып, сүйреп, "Матайлап" ұрандатып шауып-шауып төбеге төмпешік жасап тынды. Тіпті адам түгілі, жыртқыш аңда өз баласына өлім тілемейді. Бұл жаза өте қате шешім еді.
Қай заман, қай ғасырда болмасын екі жастың бақытты болғанын қаласа жүрегінде мейірімі, басында тауықтың миындай ақылы болса шешім шығарған билер өлімге кеспес еді. Осындай өлімге әкеліп соғатын билердің ауыр шешіміне себеп - ауылда қалған билердiң сұңғыла Қараменде дәл басып айтқан “менмендiгiнде” және бозбалалардың (матай жағы) жалған намысшыл кеудемсөқтығында. Терең ойсыздықпен, асығыс ақылсыздық арқасында ғашық жандардың өмірі қыршыннан қиылды. .....
Қызғану сезімі барлық адамның жаратылысында бар, одан ешкім толығымен бас тарта алмайды. Бұл сезімнің адам өміріне қосар үлесі көп. Дегенмен де, қызғаныш шектен тыс болған жағдайда өмірді қиындатып жібереді. Ал, егер қызғанушы кішкентай бала болса, өмір одан ары қиындай түседі... Балаларда қызғану сезімі, шамамен, 2 жасында басталады.
Негізінде, ата-ананың ұстанымдары мен баланың сыртта көрген көріністері баланы қызғанышқа итермелейді. Яғни, баланың өз бауырын қызғануына үлкендер өзіміз себеп болып жатамыз. Қазір сол себептерді тізбектеп, санап көрсек:
1. Әке-шешенің балалары арасында теңдік орнатуға тырысуы бауырлар арасында қызғаныштың басталуына себеп болады. Негізінде, әке-шеше балалар арасында теңдік орнатуға емес, әділдік орнатуға тырысуы қажет. Өйткені, әрбір баланың жаратылысы әртүрлі болуымен қатар, дүниеге келу уақыты да әртүрлі. Осы өзгешеліктерге мән бермей, екеуіне де тең қарау, екеуінің біреуіне әділетсіздік жасау болып табылады.
2. Әке-шешесінің өзіне әділетсіз әрекет еткенін сезген бала оларға деген сенімін жоғалтса, бұл сенімсіздігі оның қызғанышына себеп болады.
3. Тұңғыш балаға бұрыннан бері ие болған мәртебесін жоғалтпағанын көрсету керек. Әйтпесе, кішкентай бауыры дүниеге келген кезде тұңғышы алаңдайды және «анасы кішкентай бауырына көбірек көңіл бөліп, өзін бұрынғыдан аз жақсы көре бастады» деп қайғырады. Бұл жағдай баланың қызғанышын туындатып, бауырына күш қолдануға дейін апаруы мүмкін. .....
Кішентай сәби шыр етіп, дүние есігін қаққан кезде оның келгеніне қуанбайтын – оның үлкен бауыры. Өйткені, ол бастапқыда «мені бұрынғыдай жақсы көрмейді» деп алаңдауы мүмкін. Алайда, әке-шешесі өз қалпын бұзбай, үлкен баласымен бұрынғыша қарым-қатынасын жалғастырса, тұтанып келе жатқан қызғаныш шоғы жанбай жатып сөнеді.
Әке-шешесі баласының алаңдаулы әрекеттерінен шошымай, сабырмен тыңдаса және табиғи әрекеттерін жалғастырса, бала өзінің алаңдауының орынсыз екенін түсінеді. Яғни, бала өз өмірінде де, ата-анасының махаббаты мен әрекеттерінде де ешқандай өзгеріс жоқ екенін байқаса, қызғаныш сезімі басталмай жатып бітеді. Мысалы, бауыры дүниеге келген бала «әке-шешем мені бұрынғыдай жақсы көрмейді» деп ойлай бастаса, бұл ой қызғаныш сезімінің оянуы үшін жеткілікті. Бірақ, әке-шешесі еш өзгеріс байқатпай, нәрестеге де, қызғаныш сезімі оянып келе жатқан баласына да махаббатын сездіріп, баласының қызғанышқа толы әрекеттерінен әсерленбей, жақсы көруін жалғастырса, бала өз қалпына келеді. .....