Психология | Кіші мектеп жасындағы психодиагностика

Мектепке келген бастап , баланың психологиялық даму деңгейі жекелік ерекшеліктерінің дамуы ұлғая бастайды. Бұл ерекшеліктер ең алдымен олардың ақыл-ой, моральдық даму деңгейлерінің көріністерінен байқалады. Олар ортақ нұсқаулар және психодиагностикалық жағдайларға түрліше әсерлене алады. Кейбір балалардың көзқарастары өз деңгейінде қалыптасқан, психодиагностика тапсырмаларын қиналмастан орындайды, ал кейбір 4-6 жастағы әлсіз дамып келе жатқан балалар мектепке дейінгі тапсырмаларды ғана орындайды.
Сондықтан да кіші мектеп жасындағы балаларға қандай да бір психодиагностикалық әдістемені пайдаланбас бұрын, психологиялық даму деңгейін шынайы бағалау үшін, баланың ақыл-ой деңгейіне сәйкестігін, тіпті жеңіл болып кетпеуін қадағалау қажет.
6-7 жастағы балалардың мектепте оқуға даярлығын қарастыратын болсақ, орта есеппен алғанда олардың 50-80% қандай да бір ерекшелігі және кіші мектеп бағдарламасы бойынша материалдарды толық игеруге, жалпы мектепте оқуға әлі дайын болмайды. Көпшілігі дене бітімі бойынша оқуға дайын болса, психологиялық даму деңгейі бойынша мектепке дейінгі баланың (5-6 жас) деңгейіне сәйкес болып тұрады. Егер мұндай балаға жеткілікті күрделі, жас ерекшелігіне сәйкес ырықты, ырықсыз зейін, есте сақтау және қиялға арналған психологиялық тест ұсынсақ, бала оны орындай алмайды.
Мұндай қиындық ақыл-ой қабілетінің жетіспеуінен емес, тұлғалық-психологиялық даму деңгейінің жетіспеушілігі себебінен туындайды. Егер, керісінше, тура сол тест тапсырмаларын ойын түрінде ұсынатын болсақ, тестілеу нәтижелері жоғары болуы ықтимал.
Бұл жағдайды мектепке келген, әсіресе бірінші және екінші сынып балаларын диагностикалауда міндетті түрде ескеру қажет.
Үшінші және төртінші сынып оқушыларына қатысты айтатын болса, оларды психодиагностикалау үшін ересек адамдарға арналған тесттерді қолдануға болады, бірақ тест тапсырмалары оларға түсінікті болуы керек. Түсінікті дегеніміз ол тапсырмалардың бала қабілеттеріне сәйкес болуы. Ескеретін жайт, күшті мотивация, қызығушылық, тестілеуге белсенді ұмтылыс болса, оның нәтижелері жоғары болады ....
Рефераттар
Толық

Психология | Кіші мектеп жасындағы балалардың мидың функционалдық жағдайының ерекшеліктері

Мектепте жүйелі оқытудың бастамасы баланың алдына жаңа тапсырмаларды сонымен қатар стрессогендік фактор болып табылады.Оқу процесінде баланың функционалды мүмкіндіктерін және психикалық процестердің мүмкіндіктерін анықтайтын физиологиялық механизмдерін мәні мектепке бейімделудің маңызды шарты болып табылады.
Кіші мектеп жасындағы балалардың миының функционалды ерекшеліктерінің жағдайы.
Бала миының функционалды мүмкіндіктерін сипаттайтын ақпараттық көрсеткіштері болып ЭЭГ-де белсенділік формасын доминанттайтын альфа-ритм құрылуы болып табылады.ЭЭГ анализінің құрылымды әдісі қалыпты дамыған және 7-8 жастағы үлгерімі жақсы оқушылардың көбінде альфа-ритм жүргізу жиілігі 9 Гц болатын регулярлы сипатқа ие екенін көрсетті.Альфа –ритмнің регулярлы сипаты мидың құрылымдық – функционалды ұйымдастырушылық торшаның нейрондық аппаратының торша -торша асты өзара әсерге рөлінің күшеюіне бағытталған сапалы қайта құрылуын бейнелейді.Кіші мектеп оқушыларының маңызды ерекшелігі -осы жас этапының 1-1,5 жыл ішінде қол жеткізген жетістігінің үлкен индивидуалды темп дамуының шашыраңқылығы болып табылады.Балалардың көбінде альфа-ритм құрылуындағы мәнді қозғалыстар 5-7 жаста болады,кейбірінде оның құрылуының белгілері 7 жаста көрінбейді,мұндай ритмнің сипаттамасы 5-6 жастағымен сәйкес келеді.Үлкен жарты шарларда торшаның дамуында кемшілігі бар балалар оқу процесінде қиындыққа тап болады.Құрылымды-функционалды кезең қиылысы жасандылығымен,ішкі әсерлерге жоғарғы сезімталдығымен сипатталады және бейімделудегі гомеостатикалық механизмге салмақ түсуге әкелетін үлкен энергетикалық күш талап етеді.Мұның көрсеткіші ретінде 1 сынып оқушыларының 1 жыл ішінде үлкен жарты шарлары торшасының құрылуы көрсеткішіндегі тұрақсыздықты айтуға болады,әсіресе жетілмеген балардағы көріністе байқалады.Кіші мектеп жасының соңына қарай 9-10 жаста функционалды жағдай тұрақталады,альфа-ритмнің негізгі сипаттамасы бүкіл оқу жылында тұрақты болып қалады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | КЕҢЕС ҮКІМЕТІ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. Ол Еуропа мен орыстың классикалық әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классикалық әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қазақ әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Онда айтыс ақындары (Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Бақтыбай, Кемпiрбай, Сабырбай, Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, Сегiз Серi, Мұхит, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, т.б.), қиссашыл ақындар (Жүсiпбек Шайхисламов, Ақылбек Сабалов, Шәдi Жәңгiров, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин Шахмарданұлы, т.б.) жыршы-жыраулар дәстүрiн жалғастырып, халықтық әдебиет үлгiлерiн сақтап жеткiзушiлер (Марабай, Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.) қатар өмiр сүрдi. Бұлардың барлығы өз мүмкiндiктерiнше әдеби арнаны толықтырды, өмiрдi өзiнше танып жырлады. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды («Өсиет наме» — 1880, «Бала зар» — 1890, «Диуани хикмет» — 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре бастады. Қазақ әдебиетінiң көршi халықтар әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа аудармалар пайда болды; қараңыз: Әдеби байланыс.
20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса» боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» атты романдары, «Адасқан өмiр», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын, сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирик. өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты роман жазды. «Айқап» журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда «Исатай-Махамбет» дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын дамытқан әншi-ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай) атап айтуға болады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демокр.-халықтық бағытын толықтырып, оны жаңа мазмұнмен байытты; қараңыз: Қазақ халық поэзиясы. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Әйелдер құқықтарының Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында реттелуі

БҰҰ құрылғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Бүгінгі таңда бұл ұйым өз өміршеңдігін танытып, зор халықаралық авторитетке ие болып отыр. Қазіргі күнде бейбітшілікті қамтамасыз етуде БҰҰ бiрқатар шараларды жүзеге асыруда. Бұл ұйым осы күнге дейін келіссөздер процестерін басқарып, аймақтық дауларды тыйып келеді. Сонымен қатар, адамдарды оқыту, олардың потенциалдарын ашуға үлкен зейін қойып, оған орасан зор ресурстар жұмсап келеді. БҰҰ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі және планетаны ядролық қарудан қорғау жөніндегі ғаламдық бағдарламаны қалыптастыруда. Адам құқықтары саласында маңызды істер атқарылып келеді. Өйткені, БҰҰ Жарғысы ұстанған негізгі қағидалар экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық саладағы халықаралық мәселелерді шешуде көпжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру, нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді мадақтау боп табылады. Осы негізгі қағидалар БҰҰ-ның адам құқықтары үшін күресiнде басшылыққа алынады.
БҰҰ-ның ең ұзақ мерзімді мақсаттары әйелдер өмірі жағдайын жақсарту мен өз өмірін тиімді бақылау мақсатында мүмкіндіктер беру боп табылады. Бұл мақсатта Әйел құқықтарын қорғайтын авторитетті халықаралық институттар құрылған. Олар: Әйелдер мүдделерін дамыту жөніндегі БҰҰ қоры – ЮНИФЕМ, Әйелдер жағдайын жақсарту жөніндегі халықаралық білім беру және ғылыми-зерттеу институты – МУНИУЖ және т.б. Әйелдер білімін арттыруға және жағдайларын жақсартуға арналған бағдарламалар олардың арасындағы сауаттылық деңгейін дамушы елдерде 1970 ж. 36%-дан 1990 жылы 56%-ға арттырды. БҰҰ-ң құрылымында әйелдер мәселелерін шешу үшін экономикалық және әлеуметтік кеңес жанында әйелдер жағдайы жөніндегі Комиссия құрылған. Ол 1946 жылдан бастап, осы күнге дейін қызметін тоқтатпай келеді. Оған әр түрлі мемлекеттердің өкілдері мүше болып табылады. 1980 жылдан бастап, әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі Сарапшылар Комитеті жұмыс істеуде. БҰҰ-ның әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер жөніндегі Вена орталығында әйелдер жағдайын жақсарту жөнінде Бөлім орналасқан. 1993ж. басында БҰҰ құрылымында тұрақты даму және саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі Департамент жұмысын бастады.
БҰҰ-ның басқа да мамандандырылған мекемелері – ЮНЕСКО (ғылым, білім және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым), Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ВОЗ), Халықаралық Еңбек Ұйымы (МОТ) және т.б. өз құзыреті шегінде әйелдер мәселесімен айналысады. Әйелдер жағдайын жақсартуды зор үлес қосқан – БҰҰ-ның Дамыту Бағдарламасы (ПРООН). Оның бүкіл әлемде өкілдері бар да стратегиялық мақсаттарды орындауда тез қызмет атқаруымен ерекшеленеді.....
Рефераттар
Толық

экономика | Ел экономикасындағы шет елдiк инвестициялар мен компаниялар

Бiздiң елiмiзде “Қазақстан -2030” атты ұзақ мерзiмдi стратегиялық экономикалық даму бағдарламасы бар және де орта мерзiмдiк, он жылдық даму жоспары сәттi жүзеге асырылып ол ойдағыдай жақсы қарқынмен iлгерi дамып келедi. Әсiресе осы соңғы жылдары Қазақстанда нарықтық қатнастар жақсы дамып мемлекет тарапынан жүргiзiлiп отырған ұтымды инвестициялық саясаттың нәтижесiнде елiмiз жақсы экономикалық жетiстiктерге қол жеткiзiп, экономикалық өрлеуi мен халықтың тұрмыс деңгейi нақты көтерiле түскендiгi жалпыға мәлiм, әрi әлемдiк қоғамдастыққа да танылып отыр.
Үстiмiздегi онжылдықта әлеуметтiк –экономикалық салада жалпы iшкi өнiмдi екi есе ұлғайтып кедейшiлiк пен жұмысыздық проблемасын шешу басты мақсат етiп белгiленiп отыр. Осыған орай экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрленудiң барынша жоғары қарқынына жету осы бағыттағы басты мiндеттер болып белгiленуде. Осыған орай экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрлеудiң барынша жоғары қарқынына жету осы бағыттағы басты мiндеттер болып белгiленуде. Әрине, сөзсiз бұл Қазақстанда инвестициялардың тез өсуiне және жалпы iшкi өнiмдегi жинақтау нормасының артуына тiкелей байланысты екендiгi рас.
Мен өз жұмысымда ел экономикасындағы шет елдiк инвестициялар мен компаниялар мен Қазақстан Республикасына инвестиция тарту мәселелерi мен оларды ұтымды пайдалануға қатысты экономикалық және теориялық проблемаларға талдау жасауды жұмысымның басты мақсаты етiп белгiлеп отырмын.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы

Республикамызда нарықтың қарым – қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Оның сан алуан, тәуелсіз және тең құқықты субъектілерінің болуы – нарықты қалыптастыру ен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты . Бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың негізгі бөлігін мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып, оларды акционерлік, кооперативтік және тағы басқа кәсіпорындарға айналдыруда қажет етеді.
Қазақстан Республикасының “Меншік туралы заңының” біршама ерекшеліктері бар. Сөз болып отырған заң – алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап берді. Сөйтіп біздің республикамызда да меншіктік алуан түрлілігіне тұңғыш рет заң жүзінде рұқсат берілді. Сондай-ақ осы құжатта меншіктің бір түрін екінші бір түріне өзгерту мүмкіндігі және оның аралас түрлерінің болатындығы да ескерілген. Сол себепті бұл Заңда отбасы мен шаруа қожалығына, кооперативке, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерге, қоғамдық ұйымдар мен қорларға, діни ұйымдардың меншіктеріне аранлған арнайы баптар бар.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Жастар ортасындағы нашақорлық мәні түрлері

Осыдан бірер жыл бұрын есірткілер экзотика сияқты естілген,егер баспасөз бетінде ол туралы жазылса, ол буржуазиялық қоғамның « шіруінің » белгісі ретінде қабылданды. Қазір бұл қасірет қазақ жеріне де келіп жетті. Батыс елдерінде есірткімен күрес бағдарламалары үшін мол қаржы бөлінеді де , олардағы жағдай біршама тұрақтанған, кейбір жерлерде нашақорлардың « қартаюы » байқалып та қалады. Ал Қазақстанда, басқа да ТМД елдерінде керісінше сияқты, нашақорлыққа жастарды тарту, соның ішінде жасөспірімдерді тарту процесі өріс алып келеді.
Нашақорлық XXI ғасырдың қатерлі дертіне айналып отыр. Ол кәрі, жас демейді. Қоғамды іштен ірітіп, дамуына тұсау салады, қылмысты, зорлық пен жемқорлықты тудырады. Мұның бәрі мемлекеттің болашағы – жастардың өміріне сызат түсіреді, елдің өсіп-өркендеуін тежейді. Сондықтан мұндай кеселдің алдын алу және оған қарсы күрес мемлекеттік іс болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Жастар арасындағы құқық тәртіп бұзу әрекеттерінің алдын алудағы әлеуметтік жұмыс

Біз өзіміз жүргізіліп отырған қайта құруларда, қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік серіктестіктерінің белсенділіктерін дамыту жолында, біздің бозбалалармен бойжеткендеріміздің мүмкіндіктері мен энергиясын жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, жас ұрпақтың рөлін бекітуді қажет етеміз.
Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында көрсетілгендей біздің еліміздің алдына қойған мақсаттарына жетуді қамтасыз ету міндеті мен жауапкершілігі тек сіздерге жүктеледі. Барлық келешек ұрпақтың күшін біріктіру біздің өмірімізді демократияландырудың негізгі факторы, азаматтары, әсіресе жастары өзін, өз отбасын, өзінің ата –аналарын игілікті өмірмен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға болатын гүлденген мемлекетті құрудың басты шарты болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Жасанды интелект дамуындағы кибернетикалық рөлі: білім беру саласында

Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуни-кативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.
Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материялдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Ата ана мен бала арасындагы қүқыкгық қатынас

Ата-аналар мен балалардың арасындагы құқыкгық қатынастардың пайда болуынын негізі балалардың белгіленген заң тәртібімен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындағы болып табылады. "Неке және отбасы туралы" Заңда балалардың туу тегін куәландырудың бірнеше әдістері (түрлері) қарастырылған.
Алғашқы дәстүрлі және неғүрлым кең тараған тәсіл бір-бірімен некеде тұратын ата-аналардан туған балалардың тегін анықтау болып табылады.
"Неке және отбасы туралы" Заңнын 46-бабына сәйкес бір бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата- анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бүл некеден туған бала азаматтық хал актілерін жазу органында әкесі мен шешесінің біреуі неке туралы куәлігін көрсетіп, өтініш беруі бойынша солардың атына жазылады деген сөз. Некелі әйелден туған баланың әкесі сол әйелдің күйеуі болып табылады.
Бала неке бұзылган, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап, немесе бала анасының жұбайы қайтыс болғаннан кейінгі екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады ("Неке және отбасы туралы" Заңның 46-бабы, 2-тармағы).
Некесіз туылған баланың тегін куәландыруды реттейтін бұрынғы қолданылып жүрген заңдар іс жүзінде әкелікті белгілеуге қатысты мәселелерді ғана шешіп келген еді.
Жаңа заң, сонымен бірге, баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) белгілеу тәртібін де негіздеп берді. "Неке және отбасы туралы" Заңның 46-бабының 1-тармағына сәйкес баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда - медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзгі де айғақтардың, негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы белгілейді. Баланың анасы жағынан тегін белгілеу бала некеде тұрғаң адамдардан туылған жағдайда да, немесе ол некесіз туылған жағдайда да қолданылады. ....
Рефераттар
Толық