Балалардың ай сайынғы даму көрсеткіштері

✅ 1 ай. Ашық түсті заттарға көзін тоқтатаып қарайды, жымия бастайды.

✅ 2 ай. Ояу кезінде тыныш жатады, ілулі ойыншықтарды қызықтайды. Ересек адамдар сөйлегенде ұзақ жымияды, басын жақсы көтереді.

✅ 3 ай. Қатты күледі қуанғанын күлімдеп білдіеді. Басын жақсы ұстайды, қолына сүйеніп, етбетінен жатады.

✅ 4 ай. Арқасынан қырына аунап түседі, ілулі тұрған ойыншықтармен ұзақ ойнайды. Ұстап көреді.

✅ 5 ай. Өзінің жақын адамдарын таниды. Ұзақ гүілдеп өлеңдетеді. Қолына ұзақ шылдырмақты ұстайды, арқасынан етбетіне аунап түседі, қолтығынан демегенде бойын тіке ұстап тұрады. ......
Кеңестер
Толық

Сайын Мұратбеков | Таңғы шық


Селолық дүкеннің сатушысы Тұраш қамаудан үш ай дегенде босады. Қоңыр сырмен боялған зілдей ауыр ағаш қақпа қарсы алдынан ешбір сықырсыз жайымен сырғи ашылды. Тұраш сыртқа шықты.

Осыдан үш ай бұрын қамауға айдап әкелгенде қыстың күні еді. Көше омбы қар болатын. Үскірік жел суыра соғып тұрған. Арықтағы су көкпеңбек боп безеріп қатып жатқан еді. Содан бері: шалқар аспан жүзіне сақинадай ғана тор көз терезеден қарап, кең дүниені қоршауы биік, тар аулаға күніне бір ауық шығарғанда ғана сезетін. Сонан бері жабырқап, әбден титығып басылған көңіл дәл қазіргі сәтте мың сан құс боп сайрап қоя берді. Көкірегі қуанышқа толып, жарылардай боп кетті.

Буындары сәл діріл қаққан Тұраш көше бойлап келеді. Асықпай басып, жай серуендеген адамша жүруге тырысады. Есіл-дерті сырт көзге қамаудан шыққанын танытпау. Әлсіреген халін сездірмеу.

Автобус станциясына келді. Мұның аулына жүретін автобус жарты сағаттай бұрын соңғы рейспен кетіпті. Енді тек ертең таңертең жүреді екен. Не істерін білмей ойланып қалған Тұраш қалтасында көк тиыны жоқ екенін есіне алды. Қарыз сұрайтын таныс біреу кездеспес пе екен деп біраз қарайлады. Бірақ автостанцияға жан адам бас сұққан жоқ. Тек анадай шетте, көшенің бұрышына ине-жіптен жаңа шыққандай тап-таза киінген қара костюмді жас жігіт тұр. Тықыршып, сағатына қарай береді. .....
Әңгімелер
Толық

Сайын Мұратбеков | Жусан иісі

1

Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан: жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық ақсақ қара бала бір кетпейді. Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, ес қалмай далбақтай жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын»,- деген жалынышты үнін естимін.

Әуелде біз, балалар, оның ертегі айтатынын білгеміз жоқ. Ол әжесі екеуі біздің ауылға қырық екінші жылдың жазында көшіп келген. Мал дегеннен, тек бұзаулы қоңыр сиыры бар еді. Аянның әкесі майданға аттанып, туған анасы содан екі ай бұрын қайтыс болыпты. Біздің ауылда әжесінің жамағайын төркіндері бар екен, соларды сағалап келсе керек.

...Біз, балалар, көшеде екіге жарылып ап, қағазға топырақ орап, бұрқылдата лақтырып, атысып ойнап жүргенбіз. Ары өтіп, бері өткен кемпір-шал: «Желкең қиылғырлар-ай, соғыс аздай, бұл атысып ойнады дегенді қайдан шығарды осылар, басқа ойын аз ба-ей!..» -деп ұрсып-ұрсып қуып тастайды. Бірақ олар кетісімен қайта жиналамыз. Қайта атысамыз. Желсіз тымырсық күнде бұрқылдаған май топырақ тұманша қалқып, шаңытып тұрып алады. Жуық арада сейіле қоймайды. Соның арасында тұншыға жүріп, көзіміз ғана жылтырап, бір-бірімізге «уралап» ұмтыламыз. Ойынның осындай бір қызу шағында біздің «атаман» - Садық кілт тоқтай қап: .....
Әңгімелер
Толық

Сайын Мұратбеков | Жеңеше


Біздің колхоздың бойдақ малы Аяққұмды қыстайды. Бұл - ауыл орталығынан жүз елу километрдей қашықта жатқан құмды өңір. Бірақ құм дегенге тақырайған шағыл құмдар емес, сексеуіл, жүзген, еркек шөп өскен біркелкі құба жалдар. Жазға салым қоңыр бұйра мүк басқанда осы жалдар,- күншуақтап бұйыққан жас қозыларға ұқсайды. Ертелі-кеш үстінен сағым аққанда білдірмей, ақырын ғана нәзік дем шығарып, қозғалып жатқандай болады. Ал қысқа қарай жалдар үстін аттың шашасынан ғана келер жұқа қар жапқан кезде, биікке шығып, төңірекке көз жіберсең; қаздың жұмыртқасын сығылыстыра тізіп қойғандай көрінеді. Осы жалдардың арқасына біздің колхоздың бойдақ мал отарлары шашырай қоныстайды, қаһарлы қысты у-шусыз қалтарыста өткереді.

Құм арасында жолаушылар адасқақ келеді. Сондықтан әр қыстаудың іргесіндегі биігірек жалдың үстіне, ескі киім кигізілген ұзын сырықтан қарауыл қойылады. Жер жайын, жол жайын білетіндер алыстын-ақ әрбір қарауылды нұсқап тұрып: «Анау пәленше қыстау, анау түгенше қыстау...» деп шұбырта соғады. Әр қыстаудың белгілі бір аты бар. Мысалы, біздің қыстау Жылыбұлақ деп аталады.....
Әңгімелер
Толық

Сайын Мұратбеков | Ескек жел


Тұқым сақталатын тас қойманың алдында ала қыстай көк ВИМ селкілдейді де тұрады. Бес-алты әйел ертеден кешке дейін көктемде себілетін тұқымдық астықты тазалайды. Жұмысы ауыр да емес, жеңіл де емес. Трактор шанамен басқа қоймадан әкелінген қызылды екі әйел ВИМ-ге бір шетінен шелектеп құйып тұрады да, екінші жақтан сұрыпталып шыққан таза тұқымды қалған үшеуі қаптап ішке апарып төгеді. Әбден шегедей болып кепкен тұқымнан шикіл дәннің иісі, ал бұрқылдап ұшқан ескірген шаңнан тышқанның иісі аңқиды. Әйелдер бет-ауыздарын тұмшалап орап алған. Бірақ сонда да орамалдарын шешкенде шаңнан көздері ғана жылтырап, сөйлеп, күлгендерінде аппақ тістері ғана жарқырайды. Кірпіктерінде кіреукелеп шаң қырауы тұрады.

Осы әйелдердің ортасында еркек кіндіктен жаман Жанбай ғана жүреді. Ол — қоймашы, жасы қырықтар шамасында, қалың сырмалы күпәйке-шалбар киіп жүретін тайпақ адам. Қолында бір уыс кілті бар — колхоздағы қойма атаулының кілттері. Қалтасына сыймайды да, үнемі қолына ұстап жүреді. Осы кілттер үшін әйелдерден көрмейтін қорлығы да жоқ. Өзі де тиыш жүрмейді, осы ауылға күйеу болып келеді де, әлгі келіншектердің бәрімен жездемсіп ойнап, қылжақтап тиісіп алады. Тілімен шағып, мықындарына қол жүгіртіп түртпектеп жүргені. Жаман Жанбай атануы да сол мінезінен. Сонысына қарай әйелдердің де кейде бұған бас салып жабылып істемейтіндері жоқ. Қойманың ішіне кіргізіп, сырт киімдерін сыпырып ап, өзін байлап бидайға көміп тастайды, болмаса қолындағы кілттерін тартып aп, тамаққа барарларында мұны ішке қамап кетеді. Я, кілттерін тығып қойып зар қақсатады. Әйтеуір өздерімен-өздері, ойын-күлкілері басылмайтын топ. Тұқым да тазаланады, әзіл-оспақ та толастамайды. Таңның атуы, күннің батуы — күндегі тірліктері сол... .....
Әңгімелер
Толық

Төреғали Төреәлінің анасы "тентек" ұлының даулы оқиғалары туралы айтты

Күні кеше Алматыда отандық әнші Төреғалидің "Ұлы дала комедиясы" атты фильмінің тұсаукесері өтті. «Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысады» демекші, тұңғыш ұлының тырнақалды туындысын көруге келген әртістің анасы қатты қобалжып, қорыққанын жасырмады. Ол өзінің "ерке әрі тентек" ұлының қылықтары мен даулы оқиғалары туралы NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.
Жаңалықтар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов

Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов (8.5.1924, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылы - 5.5.1986, Орал қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, минометші, қатардағы жауынгер. Қазақ. 1943 жылдан 4-Украина майданы 51-армия 116-қорғаныс полкі 167-жеке пулемет-артиллериялық батальон құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан. Мелитополь қаласын (Украина) азат етуде .....
Рефераттар
Толық

Алматыда жолсеріктер өздерін құл ретінде "ұстаған" басшыларының былығын ашты

Алматыда құл болудан шаршаған жолсеріктер үлкен шу шығарды. Басшылықтың өздерін құл сияқты ұстайтынын айтқан олар жанайқайын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ, КТК арнасына сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық