ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ КІШІГЕ ІЗЕТ

Көктем келіп, ызғарлы қыстың дәурені өткен жаймашуақ наурыздың бір күні болатын. Санжар апасы екеуі әкесінің інісінің үйіне мейрамдатып, әрі наурыз көже ішіп келуге шыққан еді. Көктемгі күн бар жылуын төгіп тұр. Жол жиегіне шаңдата тоқтаған көлікке апасы екеуі міне салды. Іші лық тола екен. Аялдама кішкене ұзақтау болған соң орта шеніне барып тұрды, кәрі-жасы да, өзімен қатар балалар да, біреуі орын босатып берейін демейді.
Кеңес үкіметі тұсында белсене жұмыс істеген апасының екі аяғы кеш батса сыздайтын. Санжар осыны ойлап, жақсы көретін апасына жаны ашып, жан-жағындағыларға ызасы келіп те тұр. Әйтеуір түсетін аялдамаға таяғанда жасы қырықтар шамасындағы ер кісі орын ұсынды.
Өткен жолы Санжар дәл осы көріністі басынан өткізген-ді. Оқиға былай болып еді: Бірде автобусқа қолына таяқ ұстаған қария мінеді. Санжар орын берудің орнына көзін өтірік жұмып отыра берді. Төртінші сынып оқушысы бола тұра әлгі қарияға орын берместен ақыры өз аялдамасынан түсіп қалады.
Міне, енді өз қателігінен іштей ұялып та тұр. Біржағынан тап сол әрекеті өз басына келгенін қарасайшы. Немересін ерткен қарт әжей баласының үйіне жетіп, шаршағанын басып, жайылған дастархан басында отырып, Санжар мен өзге де немерелеріне сабақ болсын деп мына хадисті айтып түсіндірді:
«Мұсылман баласының Мұхаммед (с.а.у.) есімді пайғамбары өмірден өткен. Сол кісінің мына бір өсиет сөздері, хадисі десе де болады тіліме оралып отыр: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген мұсылмандардан емес», тағы былай дегені бар еді: «Жастарымызға мейірімді болмаған және үлкендерімізді сыйламаған біздің үмметтен емес».
Санжар апасының осы әңгімесінен кейін, ешкімге білдірмесе де іштей қысылып жүрді. «Сәл болмағанда мен мұсылман қатарынан шығып қала жаздаппын ғой» - деп, өз-өзіне бұдан былай мұндай әдепсіздікке жол бермеуге уәде берді. Кейін түнде жатар алдында өткен қателіктерін кешіруін және өзіне әрбір істе жәрдем беруін Аллаһтан сұрап дұға етті де, Санжар ұйқыға кетті.....
Рефераттар
Толық