Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Азаматтық қоғамның орнығуының басты шарттарының бірі-мемлекеттің құқықтық сипат алып, әлеуметтік мазмұнға ие болуы.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ - құқықтық үстемдігімен, заңның жоғары құдіретімен, барлық азаматтардың құқығы мен бостандығын мойындап құрметтеумен, оған мемлекет тарапынан кепілдік берумен сипатталады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері мыналар:
1. Қоғамда құқықтың үстемдігі, оның мемлекеттен де биіктігі. Құқық-қоғам өмірінің түп негізі, анықтаушысы. Ол мемлекет конституциясында бекітіледі де, басқа барлық заңдар мен нормалардың, жарлықтардың өзегіне айналады.
2. Мемлекет, оның органдары, лауазымды қызметтегі адамдар, түрлі ұйымдар және барлық азаматтар тегістей заңға бас иеді, заңға бағынады. Заң алдында барлығы да жауапты, барлығы да бірдей. Заңды сыйламайтын ел-берекесіз ел. Сүлеймен пайғамбар аитыпты деген мынадай сөз бар: «Заңға бағынбайтын елде бастық көп болады». Әрине, құқықтық мемлекеттегі кез келген заң-өмір шындығымен қабысып жатқан, іске асыру, орындау тетіктері анық нақтыланған әділ де ізгілікті, көпшілік қауымның көңілінен шығып, қолдау табатындай, оның өмір-тіршілігін, түпкілікті мүддесін бейнелейтіндей сапалы болуға тиіс. Әйтпесе заңнан әрі бедел кетеді, әрі орындалмай қағаз бетінде қалады, содан келіп берекесіздікке жол ашылады.
3. Құқықтық мемлекет жағдайында адамның құқығы мен ар-ожданы құрметтеледі, мемлекет тарапынан қорғалып, кепілдік беріледі. 1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған бүкіл дүниежүзілік мәні бар «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» деп аталатын құжатта былай деп жазылған: «Барлық адамдар жаратылысында азат, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Олардың басында-ақыл, бойында-ар болғандықтан бір-біріне туысқандық ықыласы болуға тиіс» (1-бап). Одан әрі: «Әрбір адам өмір сүруге, еркін болуға және жеке басына ешкімнің қол сұқпауына құқылы»,-деп (3-бап) атап көрсетілген. ....
Рефераттар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы