География | Қазақстан өзендері

Өзен және олардың маңызы. Өзендер – табиғи су ағыны салынған арнамен үнемі ағып отырады және жер беті, жер асты суларымен қоректенеді.
Ішкі суларға республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері,яғни өзендер,көлдер,жер асты суы мен мұздықтар жатады.Жер бедері мен климат жағдайларына байланысты еліміздің өзендері әр түрлі.Климаты құрғақ шөл және шөлейт аймақта су тапшы,ал жауын-шашын мол жауатын орманды дала аймағы мен биік таулы аймақтар ағын суларға бай.Өзен суы егістікті суаруға,шаруашылықтың басқа да салаларына қолданылумен қатар,арзан энергия көзі де болып табылады.
Су – құрлықтағы сұйық,қатты және газ күйінде болатын,бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын минерал.Республика аумағында ішкі суды төрт түрге бөлеміз: 1) өзен; 2) көлдер; 3) жер асты суы; 4) мұздық суы.

Қазақстан өзендері: Қазақстан Республикасындағы ең ірі өзендердің жалпы саны 85022, оның ішінде 84694 шағын өзендер (ұзындығы 100 км-ге дейін), 305 орташа (500 км-ге дейін), 23 ірі өзендер (500 мың км-ден жоғары).Суға толы өзендер Алтай, оңтүстік-шығыста Жетісу, Іле-Алатауында (өзен торының жиілігі 0,4-1,8 км), Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі 0,03 км-ге дейін барады. Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер: Сырдария өзені, Шу өзені, Іле өзені, Ертіс өзені, Жайық өзені, Есіл өзені, Тобыл өзені.

Қазақстандағы ең ірі өзендер.


Өзен аты Ұзындығы, км Алабының ауданы, км²
Ертіс (Қара Ертіспен бірге) 4331 (1698)* 1592000
Сырдария (Нарынмен бірге) 3078 (1682)* 462000
Жайық 2534 (1082)* 220000
Есіл 1900 (1400)* 144000
Тобыл 1678 (668)* 394600
Іле (Тегеспен бірге) 1384 (802)* 1538200
Нұра 911 53147
Елек 605 42000

* Қазақтан жеріндегі ұзындығы

Өзен жүйелері мен алаптары.Өзен алабы дегеніміз – жер бетімен әрі жер асты өзенге су жиналатын аймақ.
Жер беті өзен алабы – жер бетінің осы өзен желісіне немесе жеке өзенге су жиналатын кеңістігі.
Жер асты жинау алабы – осы өзен желісіне су жиналатын топырақ қабаты.
Қазақстан барлық өзендері негізінен екі алапқа бөлінеді:
1) Солтүстік Мұзды мұхит алабы
2) Ішкі тұйық көлдер алабы....
Рефераттар
Толық