Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

Біздің еліміздің болашағы –оның интелектуалды қоры, ғылым және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында айтылған болатын. Қазіргі таңда өкілеттілік пен ресурстарды тиімді пайдаланып, жоғарғы сапалы және ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологияларды қолдана отырып экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті - шағын инновациялық кәсіпорындар болып табылады. Сондықтанда, ғылымға , ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Инновация(жаңартпалар) дегеніміз - тауар мен қызметтердегі, технология мен өндіріс факторларындағы қандай болмасын өзгерістер, жаңа өнімдер.
Көптеген экономикалық,әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуге қабілетті болғандықтан шағын инновациялық кәсіпкерліктің экономикадағы маңыздылығы зор. Себебі, өнімнің жаңа сапасы мен түрлеріне жаңашылдық енгізу арқылы инновациялық кәсіпорындар өз бәсекелестеріне қарағанда іскер топтың біріне айналып, екпінді оқшауланады.
Нарықтық экономикада өз алдына жүйелі түрде қызмет ететін шағын инновациялық кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын жоғарғы деңгейге жеткізері анық
Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында Қазақстан ғылыми-техникалық потенциалы қиындықтар мен қақтығысын түбірімен өзгеріске ұшырады. Тек 1999 жылдан бастап қана ғылым жетістіктері мен инновацияларды игеру, ғылыми- өзгеріс тізбегін дамыту маңыздылығын мойындай бастадық. Нарықтық экономика тұсында ғылыми жаңалықтарды инновациялық компаниялар игеріп өндіріске енгізіп отыр. Бұл сатыда шағын инновациялық кәсіпкерлік айтарлықтай үлес қосады.
Шағын кәссіпкерлік кез келген мемлекет экономикасының негізгі саласының бірі. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез келген нарықтық экономикасы дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кіріп отырады. Егер Европа елдерінде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсіпорын болса, онда АҚШ-та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсіпорын ғана құрайды екен. ....
Рефераттар
Толық