Топырақ ресурстары

Литосфера(грекше lithos – тас ,sphair шар) – жердің қабығы,құрамы силикатты,қалыңдығы
30-80км болтын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы.Литосферада тірі организмдер 3км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.
Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымы атмосфера циркуляциясында
Байқалатын үлкен немесе геологиялық заттардың топырақ өсімдіктер,микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы – немесе биологиялық айналымды туғызады.Екі айналым д а бір-бірімен тығыз байланысты.
Топырақтың табиғи ландшафтар мен экожүйелердегі маңызы зор оны жекеленген экожүй деп қарастыруға болады.
Топырақтану ғылымның негізін салушылардың бірі В.В Докучаев 20 ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары,тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады,топырақтың планетаның тарихымен,тау жыныстарымен,климатымен,өсімдіктеріменжәне ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.
Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды.Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады.Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама берді,ол:топырақ түзілу процесі құнрлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсетті.
Топырақ ресурстары – Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады.Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмаймыз.топырақ биосфераның компаненттерінің бірі ретінде адам,жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе- теңдікте сақтап тұра алатын өзіндегі тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады.адамдарға азық- түлік пен жануарларға қщректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады.топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы – атмосфералық жауын – шашынды жинақтау мен субалансын реттеу, өсімдіктерге қажеттік қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзу мен тазалығын қамтамасыз ету,ластаушы заттарды тасымалдау. ....
Рефераттар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы