Әдебиет | Арыстанды Қарабас желінің шаруашылыққа тигізетін әсері

ОҚО – ның Бәйдібек, Ордабасы аудандары аумағында байқалатын жел. Қаратаудан бастау алатын Арыстанды өзенінің аңғарын бойлай соғады. Қаратаудың батыс және шығыс биік жоталары аралығындағы тар асудың әсерінен үдеп, атмосфераның өзімен бағыттас ауа ағынымен қосылған кезде күшейе түседі. Жылдамдығы 35 м/с –ге жетеді. Жел солтүстіктегі құмды өңірден соққан кезде қара құйынды болып басталады. «Қарабас желі» деп аталуы да осы құбылысқа байланысты. Жел Арыстанды өзенінің алабының климатына әсерін тигізеді: қыста ауа –райы күрт суиды, жазда аңызақты қуаңшылық қалыптасып, жел апталап соғады.
Қаратауға барған сайын қара жел ұйтқып соғады да тұрады.
Тау аңғарындағы өзен арнасын жиектей қос аттылы келе жатырмыз. Ертемен шықтық дегенмен жол өнбеді. Қарсы алдымыздан соққан жел қарыс адам жүруге мүмкіндік берер емес. Алға қарай созылған сайын үдей түсетіндей екілене соғады. Көзіңді білегіңмен көлегейлей еңкіштене қозғалған сәтте екі иығыңнан әлдебіреу жібермей итеретіндей. Сосын, қолыңды түсіріп көзіңді ашқан боласың, жоқ, уілдей соққан желдің адуынды екпіні шыдытпайды. Бір қызығы, осы жел тұрса болды, үш күнсіз басылмайды, одан асса жеті күн, ал үдеді бар ғой, он төрт күнге ұласады. Көзін көлегейлей айналаға қара шал «е...е» - деп бір қояды, - шіркін, кейде осы жел тұрмаса, осы өңірдің жұрты елегзи іздейді, мені сынағандай сыңай білдірді. Бүгін жел жарықтық екіленіп тұр екен. Қолаттан құм суыра уілдейді. әншейінде тым – тырыс даланы әдемі әуенге бөлеп, демін ішіне тарта соғады. Кейде тыныс ала алмай, жүзімді кеудеме жасырамын.
«Білесің бе, қара шал сөйлеп келе жатыр, жел уілдеген сәт енді басталған әңгімені үзіп алып жоғалтады, содан мен ат басын бұрып ықтасын жағына шығып қайта қатарласамын, соны түсіне ме, сәл кідіріп басынан бастайды. – Білесің бе, Қаратаудың алып аждаһа бар деседі...» Мен селт ете түстім, бір қолыммен ердің басынан ұстаған күйі еңкіштей қозғалған кеудемді қайта тіктедім, асьымдағы жарау аттың аяғы сүрінді ме, жоқ қара шалдың тосындау басталған әңгімесі ме бағамдай алмадым, үзеңгідегі аяғымды нығырлай дұрыстап алдым, жүгенді жолға бұра жолсерік болып, даусымен тауды жаңғырықтыра желдің уілін көміп – көміп тастайтын ақсақалға тақым қаға жақымдадым. Қара жел дамылсыз соғады. Менің шалт қимылымды, абдырай қозғалғанымды айтпай – ақ біліп келе жатқан ол, бұл әңгімем сенімсіздеу болды ма дгендей нақтылай түседі: «Бұны балам мен кішкене кезімде үлкендерден еститінмін», - деп бір тоқтады. Артқа кеудесін бұрып қарап қояды. ....
Рефераттар
Толық