Мағзом Бижанұлы Сүндетов (29.1.1936, Атырау облысы Доссор мұнай кәсіпшілігі - 7.2.1999, Алматы) - жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. ҚазҰУ-ды бітірген (1959). 1958 - 1959 ж. Қазақстан көркем әдебиет баспасының проза редакциясының кіші редакторы, 1959 - 1990 ж. сол баспада редактор, бөлім меңгерушісі, 1990 - 1996 ж. .....
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. Мазмұны 1 Өмірбаяны 2 Мағжан шығармашылығы 3 Мағжантану ғылымы 3.1 Мағжан поэзиясы 3.2 Мағжан поэмалары 3.3 Мағжан публицистикасы 3.4 Мағжан прозасы 3.5 Шығармалар 4 Қайтыс болғаннан кейін 4.1 Мағжан Жұмабайұлының мемориалдық мұражайы 4.2 Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлының ескерткiшi 4.3 Киношежіре 5 Сыртқы сілтемелер 6 Дереккөздер Өмірбаяны
Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, "Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы "Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында "Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. "Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. "Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, "Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, "Қазақ” газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. "Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. "Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті. 1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық "Бостандық туы” газетінде, "Шолпан”, "Сана” журналдарында, "Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы "Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады. 1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады. 1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы "Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын "Сәлем хат” деген өлең жазды. Ол "Тілші” газетінде жарияланды. "Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың "Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен "Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, "уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды. Жұмабайұлы 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 жылы Жұмабайұлы "Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласыннда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді. Мағжан шығармашылығы
Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны "хакім” деп атады, ұлы ақынның "мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді ("Шын сорлы”), халқын өнер-білімге шақырды ("Ләззат қайда?”, "Жазғы таң”, "Өнер-білім қайтсе табылар”, "Балалық шақ”, "Қазағым”, "Қарағым”, "Осы күнгі күй”, "Мен сорлы”). Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады ("Жас келін], "Зарлы сұлу”, "Сүйгеніме”, "Алданған сұлу”). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Жұмабайұлы ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі – отаршылдық деген шешімге келді. Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара .....
Марфуға Айтхожина-"Жыр аққуы" атанған, қазақтың белгілі ақыны Мазмұны 1 Өмірбаяны 2 Шығармашылығы 3 Жетістіктері 4 Шығармалары 5 Өлеңдер жинағы 6 Орыс тіліндегі шығармашылығы 7 Пайдаланған әдебиет Өмірбаяны
Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Қүлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Атасы Айтхожа топжарған шешен, суырыпсалма ақын, ел сыйлаған би кісі болған. Қазақ елінің басына қаралы күн туған кезде бұл кісі алғашқы қүрбандардың бірі болған екен. Ол кісіні "Итжеккенге" айдаған. Ал өз әкесі Ғали арабша, орысша сауаты бар білімді, .....
Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Алыстан Алаш десе аттанамын, Қазақты қазақ десе мақтанамын. Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ - Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?! Мазмұны 1 Өмірбаяны 2 Шығармалық мұрасы 3 Өлеңдері 4 "Бақытсыз Жамал" романы 5 Міржақып Дулатұлының Абай шығармашылығын зерттеуі 6 Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер 7 Пайдаланған әдебиет 8 Сыртқы сілтемелер Өмірбаяны
Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын .....
Күлиман Жүнісова - 1924 жылы 20 қазанда Семей өңіріндегі Абай ауданы, Қайнар селосында туған. Орта мектепті бітірген соң, сол ауданда қаржы мекемесінде, аудандық комитет хатшысы, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, аудандық газет редакциясының жауапты хатшы болып қызмет атқарды. Абыралы ауданы қаржы мекемесінде, аудандық комитет хатшысы, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, аудандық газет редакциясының жауапты хатшысы қызметтерін .....
Нәжімеденов, Жұмекен Сабырұлы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері. Мазмұны 1 Өмірбаяны 2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны 3 Шығармалары 4 Пайдаланған әдебиет Өмірбаяны
1935 жылдың 28 қарашасында Гурьев (Атырау) облысы, Теңіз (қазір Құрманғазы) ауданындағы Қошалақ деген жерде дүниеге келген. Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған. Сөз бен тарих және туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында қалыптастырған сол кісі. Немересіне өзінің атақты бабалары Қартпанбет жырау (алтыншы ата) мен оның әпкесі Қосуан (Махамбет Өтемісұлының туған шешесі) туралы .....
Жұмағали Сәрсеков - 1899 жылы Орал облысының Жәнібек ауданында туған. Азамат соғысы жылдарында Батыс Қазақстанда жасақталған атты әскен полкының құрамында ақ гвардияшылар мен интервенттерге қарсы күрескееді. 20-жылдарда басшы комсомол қызметінде, сонан соң бірқатар уездік, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, хатшысы, Ақтөбе округтік аткомы төрағасының орынбасары, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің нұсқаушысы болады. 1932 жылы бүкілодақтық 17 партия коференциясына делегет болып қатысады. 1937 жылдың 4 мамырынан газет ҚК (б)П Қарағанды облыстық, қалалық комитеттерінің және облыстық .....
КЕНЕБАЙ Жұмаш Айтжұманұлы (Жұмаш Көкбөрі) – Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері. Өлеңмен жазылған «Аягөз» атты тарихи романның, «Аққу-жүрек», «Бастау», «Қарлығаш», т.б. жыр жинақтарының, 1990 жылы Алманияның Мүнхен қаласындағы «Азаттық» радиосынан бір сағаттық радиоинсценировка ретінде эфирден таратылған 1986 жылғы әйгілі Желтоқсан көтерілісі туралы елімізде тұңғыш рет жазылған (Хасен Оралтай басқарып тұрған жылдары «Азаттық» радиосынан жыл сайын эфирге беріліп тұрды) «Зобалаң» дастанының авторы, дарынды ақын. Барша түріктілдестердің ортақ ұлы тұлғалары туралы, .....
Жұбан Молдағалиев (5.09.1920 жылы туған, Орал облысы, Тайпақ ауданы, Сайқұдық ауылы) — қазақ ақыны, жауынгер,Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, "Мен Қазақпын" поэмасының авторы. Мазмұны 1 Өмірбаяны 2 Мен - қазақпын 3 Жұбан Молдағалиев шығармашылығы 4 Сыртқы сілтемелер 5 Дереккөздер Өмірбаяны
Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты. Одан кейінгі жылдары: "Лениншіл жас" (1948-52), "Қазақ әдебиеті" (1955-56) газеттері мен "Жұлдыз" журналы (1958-63) редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағында (1953-54; 1963-71; 1 секретары) қызмет іетеді. Алғашқы өлеңі ("Ленин тірі") Орал "Комсомол ұрпағы" газетінде (1939) басылды. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен .....
Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, .....