Қазақ әдебиеті | Марфуға Айтхожина

Қазақ әдебиеті | Марфуға Айтхожина

Марфуға Айтхожина-"Жыр аққуы" атанған, қазақтың белгілі ақыны
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Шығармашылығы
3 Жетістіктері
4 Шығармалары
5 Өлеңдер жинағы
6 Орыс тіліндегі шығармашылығы
7 Пайдаланған әдебиет
Өмірбаяны

Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Қүлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Атасы Айтхожа топжарған шешен, суырыпсалма ақын, ел сыйлаған би кісі болған. Қазақ елінің басына қаралы күн туған кезде бұл кісі алғашқы қүрбандардың бірі болған екен. Ол кісіні "Итжеккенге" айдаған. Ал өз әкесі Ғали арабша, орысша сауаты бар білімді, жан-жақты зиялы адам болған. Ол кісіні де сол жылдары "Қарағаш" мектебінен (сол кездегі Қапал уезі) Алматыға сексен адаммен бірге айдап әкелген екен. Бес баласы аштан өліп, түрмеден қашып, зайыбы Бифатима "Иіруден" қашып, Қытай жерінде табысып, қыздары Марфуға дүниеге келеді. Ақынның балалық шағы қаймағы бүзылмаған, түнығы шайқалмаған, халқымыздың салт-санасын қаз-қалпында сақтаған ортада өтеді. 1956 жылы Қүлжадағы қыздар гимназиясын бітіреді. 1958 жылы атамекенге оралган. 1965 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1971 жылы Мәскеудегі жоғары әдеби курсты бітірген. 1961-1969 жылдары "Қазақ өдебиеті", "Қазақстан мүғалімі" газеттерінде өдеби қызметкер болып істеген. Акынның поэзиясында ерекше бөлек әуен еседі. Коңіл-күй лирикасында адам жанын тебірентетін, ойын толқытатын ерекше бір күш бар. Әсіресе туған жер тақырыбына келгенде сөзден ғажайып суреттер бояуын тогеді.

Шығармашылығы

Аймағымен сырласқан көд бір ақын, Жоңғарды асып күн де ерте болдыратын. Ай таудың оқалаған тақиясы, Кеш бата шекесіне қондыратын. Марфуға Айтхожина "Аңсауң", "Ақку жүрекң", Алатаудың Ақ батасың" туындыларында Тәуелсіз Казақстанның жетістіктерін эпикалық кең тыныспен жырлайды. 60-жылдардан бері бүгінгі күнге дейін жиырма бес жыр жинағы шыққан. Алғашқы өлеңдер жинағы "Балқұрақ" деген атпен 1962 жылы жарияланған. Кейіннен өр жылдары "Шыңдағы жазу", "Жастық шақ", "Аққуым менің", "Қаракөз айым", "Баянжүрек", "Көзімнің қарасы", "Ақ бесігім", "Жарқыра, менің жүлдызым", "Қыран жеткен", "Таңдамалы", "Сағыныш сазы", "Жапырақ сілкінген кеш", "Аңсау", "Аққу жүрек", орыс тілінде "Утверждение", "Голубые голуби", "Струна степей", "Горсть земли", "Украшение коня", "Летние росы" өлеңдер жинақтары жарық көрді. Бірқатар шығармалары болгар, поляк, венгр, чех, парсы т.б. тілдерге аударылған.
Жетістіктері

2002 жылы "Аңсау" атты жыр жинагына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді.
"Қүрмет белгісі"
"Парасат" ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Болгарияның "Достық" медалімен марапатталған.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»медалімен марапатталған.
Шығармалары

Аңсаун
Аққу жүрек
Өлеңдер жинағы

"Балқұрақ"
"Шыңдағы жазу"
"Жастық шақ"
"Аққуым менің"
"Қаракөз айым"
"Баянжүрек"
"Көзімнің қарасы"
"Ақ бесігім"
"Жарқыра, менің жүлдызым"
"Қыран жеткен"
"Таңдамалы"
"Сағыныш сазы"
"Жапырақ сілкінген кеш"
"Аңсау"
"Аққу жүрек",
Орыс тіліндегі шығармашылығы

"Утверждение"
"Голубые голуби"
"Струна степей"
"Горсть земли"
"Украшение коня"
"Летние росы"


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!