«Абақты»

- Тілдесуге небәрі 20 минут уақытыңыз бар.
- Рахмет.. Конвой, сөзімнен сөкеттік көрмесеңіз, бізді оңаша қалдыра тұрсаңыз екен ,- деп кезекшінің жүзіне бақұл әрекетті күткендей телмірді. Түрме ішіндегі шендінің шығысымен бөлме іші аздап есеңгіреп қалғандай үнсіздікке көмілді.
- Хәлің қалай, досым?
- Аллаға шүкір, жақсымын..
- О тоба, мынаны қара! Төрт қабырғаға тұншығып отырған жайың мынау, Тәңіріңді ұмытпапсың ғой,- деді де жымысқы күлкісімен жымиып алды. Мұндай тоқ күлкінің астарына үңіле қоймаған Мансұр , елемеген күйі әңгімесін ауыстыруды жөн көріп ед.
- Иә, бауырым, өз хәлің қалай? Бүтінбісің? Әке-шешең, екі қарындасың қалай?
- Эһһ, досым, олардан не сұрайсың.....
kz
Толық

Емтихандағы студент

Студент емтиханда жауап бере алмай қалады да, профессор оған:
- Амал не, сізге екілік қоюыма тура келеді,-дейді. Сонда студент:
- Онда маған асылып өлуден басқа амал жоқ,- деп, қалтасынан арқан шығара бастайды. Профессор сәл жұмсарады.
- Жарайды, тапсырмасаңыз да, үштік кояйын.
Студент жайлап арқаннан тұзак жасай бастайды. Профессор қоркып кетеді.
- Жақсы, жақсы! Торт қояйын!
Студент оған назар аудармастан өз iсiн жалғастыра береді. Профессор дың мүлде есi кетеді.
- Болды, болды! Мiне, саған бестік баға қойдым!- деп, сынақ....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Тойда оқылған хат

— Сәлем Жандос! Қалайсың? бүгін тойың болады дегесін қолыма қалам алып саған хат жазбасқа болмады. өйткені сен бұрын тек мендік болған едің. Екеуміз талай жаздың шырайлы кештерінде бірге жүрген едік. Сен ең алғаш Гитара үйреніп бастағанда мен сенің қасыңда болған едім және екеуміз алғаш ән айтқан едік. ( Осы жерге келгенде Үйленіп жатырған Жандостың маңдайынан тер бұрқ ете қалды, сірә кім екенін есіне түсіре алмай отырған болу керек. Ал қалыңдық болса бұлқан-талқан бола бастады, ол жүзінен байқалған болатын). Есіңде ма Айбек үйленгенде де тойға екеуміз барған едік? Сол тойдан кейін еуеуміздің арамыз алшақтай.....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Жанқиярлық пен жанкүйерлік немесе қазақ елін "кіші жүзсіз" елестетіп көр..

Оу Қазеке, ашуыңды бас! - дегім-ақ келді сол уақта.. Дегенмен,жағдайды ушықтырмай, мәселенің саябырлауын тостым. Енді ғана көзім жеткендей болды. Сіздер де құлақ түре отырыңыздар.

Ары-бері жаңалық ақтарып, әлем елдерінен титықтап жиған саясатымыз ұшты-күйлі мансұқ етіліп, төбелі төңкеріс беретін түрі бар сықылды. Оны мен сәл бұрынырақ сезіп ем. Белгілі саясаткер Айдос Сарым ағамыздың сөзімен айтқанда : "Әліптің артын бағу керек пе, әлде кеңесарылыққа дайындалуымыз тиіс пе?" Түсінген адам - түсінді. Мұнымен не айтпақпын? Бастарыңызды....
kz
Толық

Студенттік өмір

Студент аудиториядан шығады. Жолдастары тықыршып:

— Қалай, тапсырдың ба?-дейді.
— Тапсырған сияқтымын...
— Ол не сұрады?
— Қайдан білейін, ол ағылшын.....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Жетім баланың ойы

Ана деген бір керемет жан ғой. Сірә, ана сияқты еш адам саған қамқор бола алмас,- деп Мейірім өз әңгімесін бастады. Менің достарым өте көп. Олардың барлығының да анасы бар. Бірақ, жалғыз мен ғана ана мейірімі не екенін білмей өстім. Мен туған кезде, анам қайтыс болған еді. Солай мен әкем қолында тәрбиеленіп өстім. Әкем өте қатал , бірақ сабырлы жан еді. Алайда бала кезімнен бері, әкеммен сырласып көрген емеспін.

Менің есімім – Мейірім,- деп бар денесімен күрсінді. Мен осы жылғы мектеп түлегімін. Иә, мен болашақ студентпін. Оны мен мақтанышпен айтамын!

Бүгін соңғы қоңырау. Мектеппен қоштасу күні. Менің сыныбымдағы.....
Шығармалар
Толық

Күлше

Сұрықсыз кейіптегі затқа толы сөмкесін ары да, бері де сүйреп әуежай ішінде әуреленгені сол еді - бойжеткен күткен рейсінің тағы да бір сағатқа шегерілгені турасында хабар алды. Тосын хабарламаға өкпелі түрде шекесін тыржитты да, бос көрінген орындықтың біріне жайғаса кетті.

Күйбең тіршілік күрмеуінен ағытылып, қам-қайғысыз демалысқа ағылғалы тұрған бұл арудың тежелгеніне 2 сағат өтті. Шыдамсыз мінезін әлденеше рет сынап бергендей одағай жағдайға айтар наласы зор. Мейлінше....
kz
Толық

Жақсы иттің атын - "Маймақ" деп қояды

КТК телеарнасының кезекті жаңалықтар легінен хабардар бола отырып төмендегі көріністен аттап өте алмадым. Атауын - "Ақмола облысында 2 жасар бөбек итті құшақтап ұйықтап жатқан жерінен табылды" деп қойған екен. Кішкентайымнан ит атаулысына құмар өскенімнен болар, мен үшін бұл уақиға - интригага толы болды. Бір сәт аялдамастан ішіне жүгінгенім сол - жүрек тебірентер жауапқа кезіге кеттім..

● Ақмола облысының Бурабай ауданына қарасты елдімекендердің бірінде үй шаруасымен айналшықтап қалған анасы - 2 жасар Мәдина есімді қызынан көз жазып қалған көрінеді. Аталмыш жағдайда аянып қалмай....
kz
Толық