Бірде екі бала футболға келе жатады. Алдарынан бір қабаған ит шығып, бас салады. Біреуі жерден тас алып, итті ұрып өлтіреді. Міне сол кезде *ProSPORT* газетінің тілшісі жүгіріп келіп: - Қаласаңдар мен сендер туралы мақала жазайын? Мақаланың атын да ойлап тауып қойдым: *ҚАЙРАТТЫҢ* айбынды жанкүйері досын қабаған иттен қорғады* - Мақала өте жақсы екен!.... Бірақ біз *ЖЕТІСУ* командасының жанкүйеріміз.... Тілші үндеместен кетіп қалады. Ал келесі күні газетте....
Жігіт көршісінің есігіне келіп қағады. Жауап жоқ. Тағы да қағады. Жауап жоқ. Қараса, ауласының ар жағынан көршісінің иті келіп: - Не болды? Үйде ешкім жоқ екенін көрмей тұрсың ба? Жігіт талып қалады. Көзін ашса манағы ит.....