«Түскі асыңа жұмса» деп ақша беру «есепсіз ақша беру» тәрізді пайдасыз. Екі жағдайда да бала ақшаны өздігінен жұмсай алмайды. Бірінші жағдайда «самсадан басқа ештеңеге жетпейді» деген....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Бұрынғы уақытта бір хан болыпты. Ол ханның ақшасын Бекжан деген ұрлапты. Оны кім ұрлағанын ешкім біле алмайды. Кім ұрлағанын білуге хан үй тігіп, той қылып, барша халықтарын шақыртты. – Әр қонақтардың алдарына он тиын күмістен қой, – деді. Ханның бұйрығын орнына келтірді. – Кімде-кім ол он тиын күмісті алса, сол ханның ақшасын алған, – деді. Амалшыл Бекжан мұны білді. Етігінің өкшесіне желім жақты. Тамақ жегеннен кейін қонақтардың қолына су құя бастады. Барлық қонақтардың алдындағы күмістер Бекжанның өкшесіне жабысты. Онан кейін далаға шығып кетті. Оның мұндай істегенін ешкім білген жоқ. * * * Ханның бір түйесі бар еді, түйені іздетуге хан ойланды. Хан түйені бос қоя берді. Түйе барды да, Бекжанның үйінің қасына барып жатты. Бекжан оны білген соң түйені сойып алды. Мұны хан білген жоқ. Бір уақытта Бекжанның үйіне бір қатын келді де, Бекжаннан бір жапырақ түйенің етін сұрады. Ол бір жапырақ етті алды да, көрсетуге ханға қарай жүрді. Қатын ханға келе жатқанда Бекжан жолықты......
Бір күні бір жаққа барам деп, атқа мініп, ен далада жалғыз өзім келе жатыр едім, бір мезгілде бір нәрсе, «Бақ» еткендей дыбыс естілді. Жан-жағыма қарадым, еш нәрсе көрінбеді. Тағы жүріп келем, тағы «Бақ» етті. Қарадым, дәнеме жоқ. Және жүріп келем, тағы «Бақ» етті. Тоқтап тұрып, бұл немене, анықтап байқайын деп, жан-жағыма айнала қарадым. Еш нәрсе көрінбеді, сонан соң ойладым – құстың дауысы ма деп жоғары, аспанға қарасам, жүк артып, тізілген түйе көшкен ел, үй, Алла-ай, аспанмен ел көшеді екен-ау, – деп ойлап, ауған жүкті әлді өңкей бозбалалар түзетем деп, басқанына «Бақ» еткен түйенің дауысы екен. Сонда білдім – тағы ойладым: әкем айтып отырушы еді-ау, әуеде өзіміздей ел болады деп. Сонда әкеме осы кәрі кісі не боса, соны айтады, басып жүретін жері жоқ, қалай жүре алады деп, нанбаушы едім. Ел болатыны шын екен ғой деп келемін.......
Ығай, Сығай деген екі ағайынды туысқан суайт, өтірікші болыпты. Осы екеуін өтірік айтыстыруға ел екі ен-жар болып, жиында өтірік бәсекесіне түсіпті. Сөзді Ығайға беріпті. Ығай: – Қой жылы қостап, жылқымен отарға шықтық. Айына алты саптыаяқ тары, алпыс мысқал талқан азық, көже қатыққа екі сүбе қабырға, бір миқы омыртқа, бір құрт, екі малта беруші еді. Бұл азықты ай сайын алты атан түйемен түсіріп тұрушы еді. Бір күні ауылдан келген азығымды түсіріп алып жатсам, айғыр шаппай, шығып кеткен алты бием желіндеп жүруші еді, бәрі де бошалап кетісіпті. Тоқпақ жалды торы айғырды жайдақ күйінде жүгенсіз, қақпалап мініп, жүгіртіп келе жатсам, шықпаған шыларжында қорықпайтын қоян жатыр екен. Торы айғырдың үзеңгісіне шіреніп тұрып, тұмағымды алып жіберіп, ұрып ем, күл-топырақ болып, аспанға ұшып кетті. Ұрған жеріме келсем, тұмағымның милығынан келіп, отыз үйрек балапандап, қырық қаз жұмыртқалап қалыпты. Сол күйі басыма кие салдым да, биелерімнің ізімен соғып келе жатсам, тумаған ту серкенің терісінен істеген местегі қымыз көштен түсіп қалыпты. Биелерім аман-түгел табылады екен деп ырым қылдым да, торы айғыр үзеңгі баулап алып, тағы соғып, келе жатырмын. Бір айдын шалқар дарияның жағасына келсем, үрлей, от жанып, сор май шығып, топырақ жанып жатыр екен. .......
Күндерде бір күні Алдар көсе деген алдауыш бар, ешкім оны жеңе алмайды деген хабарды естіп, сол кезде аты шыққан Қу бала деген бала іздеп шығады. Қу бала, ақырында, Алдар көсені іздеп табады. Екеуі амандасып, көріседі. Алдар көсе баланың жөнін сұрайды. Қу бала: – Алдар көсе деген сіз боласыз ба, мен жолдас болайын деп келдім, – дейді. Алдар көсе: – Маған жолдас болсаң, әуелі бастан бір сомға бір қой алып кел, – деп, Қу балаға бір сом береді. Бала бір сомды алып, жүгірумен қыр астындағы қойшы қартқа келеді. Қартқа амандасқан соң, қарт баланың жұмысын сұрайды. Қу бала: – Ата, маған бір лағыңды сат, – дейді. Қарт: – Бір сомға ал, – дейді. Қу бала лақты алып шығып, аз жүреді де, кері барып, қартқа: – Ата, лағым да саған кетсін, бір сомым да саған кетсін, маған бір тоқты бер, – дейді.......