Мұғалім портфолиосы: Математика пәні | А есебі

І-бөлім:Іс-әрекетті зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу
Жеті модуль арасынан бұл тақырыпты таңдаған себебім, көпшілік әріптестерімнің ұйғарымы топтық жұмыстың математика сабағына келе бермейтіні, тіпті мүлде келтіре алмадық дегендер де табылды. Әлем мойындап жатқан бұл жүйенің математикаға келгенде қандай құпиясы бар екеніне көз жеткізу тұрғысынан және оқушылардың күрделі ғылымға деген шынайы қызығушылығын ояту мақсатында мен зерттеу тақырыбымды есептерді топта талқылау арқылы шығару....
kz
Толық

Педагогика | XXI ғасыр мұғалімі

Қазақстан Республикасы Президентінің халқына Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» дегені мәлім.
Шынында, оқушылардың жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі еліміздегі ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындаунда. Жастарды оқытуға, оларға кәсиби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан.
Кәзіргі уақытта мемлекетке қажетті мамандықтар туралы кең ауқымды мәселе айтылып жүр. Сол істер қалай жүзеге асуда? Қаншалықты деңгейде? Бұл мәселенің шешімін табу үшін біздер, болашақ мұғалімдер атсалысуымыз керек.Яғни, әрбір студент үшін білікті маман және менеджер болуы басты мақсатына айналуы тиіс.
Мамандардың сапасыздығы дегенде біз біріншіден олардың дайындаған білім ордаларына тоқталамыз. Көкейімізде мынадай сұрақтар туындайды: сол білім орнына келген уақытта ол дұрыс жолын тауып келді ме? Осы мамандықты ол бар ынтамен беріліп атқара ма? Оның сапасыз маман болып шығуына кімдер жауапты болмақ?
Міне, осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін әрбір оқушыға мамандықтық таңдау жауапты міндет екені, оған немқұрайлы қарамау қажеттігін түсіндіру керек. Оны әрбір оқушыға жеткізу сіз бен біздің міндетіміз. Кәсіптік бағдар жұмысының нәтижелі орындалуы кәзіргі экономикалық даму кезінде өте қажет.
Кәзіргі кезең-ғылыми-техникалық прогрестің өте қарқынды дамыған кезі. Сондықтан заман талабына сай мамандықты сапалы меңгеру қажеттігі туындайды. Ал кәзіргі кездегі мамандыққа сұраныстың өзіндік талаптарының құндылығының артуы, яғни еңбек нарығындағы сұранысты қамти алатын жұмысшы болуы шарт. Сонымен қатар қажет болған жағдайда сұраныспен бірге ондағы талаптарға толыққанды сай болуы керек.
Жоғарыда айтылғандай, кадрлардың кәсіптік дайындығына қойылатын талаптардың артуымен қатар оқушылардың кәсіптік бағдар алуы көкейкесті мәселеге айналды. Өйткені, оқушылардың басым көпшілігінің кәсіптік мүмкіндігі белгілі бір біліктілік деңгейімен және еңбек нарығының сұранысымен сай келмейді.
Кәсіптік бағдар көптеген сұрақтарды қамтиды, соның ішінде: әлеуметтік, құқықтық, психологиялық-педагогикалық, медициналық-физиологиялық, т.б. ....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Педагогикалық институттарда бастауыш сынып мұғалімін дайындау процесі

Егемен еліміздің қай заңын алсақ та, білім беру барысында жасөспірімдердің жеке бас қасиетін, тұлға ретінде қалыптасуын және оның танымдық әрекетімен, ой-санасын дамытуға баса көңіл бөледі. Себебі, жасөспірім – бұл болашақ маман. Осы тұрыдан алғанда, бастауыш сыныптарда білім беретін маман дайындау мәселесі қай кезде де өзекті істің бірі болып табылады.
Адамның жекебас болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының ұйтқысы, мәйегі осы бастауышта құрылатыны педагоктердің де, психологтардың да еңбектерінде атап айтылып келеді. Оқушы бойында білім негізін қалайтын, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға – мұғалім.
Педагогикалық үрдіде орын алып отырған өзекті мәселелерді тиімді жолмен шеше алатын, өз ісінің шебері деуге болатын, мұғалім дайындау жоғары оқу орындарының міндеті. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгіліктендіру, демократияландыру бағыттарының енуімен байланысты болашақ ұстаздың психологиялық, педагогикалық тұрғыдағы дайындықтарын, яғни оқушымен дұрыс қатынасқа түсу икемдігін қалыптастыру, оны әдістемелік және теорилық жағынан дайындаумен қатар орындайтын мақсаттардың негізгілерінің біріне айналып отыр.
Педагогикалық институттарда териялық білім берумен қатар педагогикалық практиканы қазіргі заман талабына сай, мемлекеттік құжаттар негізінде, педагогикалық, психологиялық зерттеу жетістіктермен, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелермен сабақтастыра отырып жүргізудің мүмкіндігі мол.
Қазақстан Республикасының білім стандарттары мен тұжырымдамаларының жарық көруі, осыған орай мектеп бағдарламалары мен оқулықтар мазмұнының түбегейлі өзгеруі, бастауыш сыныптарға жаңа буын оқулықтарының енуі, білім мазмұнын меңгертуге байланысты кіріктіре отырып оқытуды, оқушыларды дамыту мен шығармашылыққа жетелеуді міндеттеуі, болашақ маман дайындау ісіне өте жауапкершілікпен, ұқыптылықпен, зерттеушілікпен қарауды талап етіп отыр.
Білім мен тәрбиенің байланысын диалектикалық тұрғыдан үнемі дамуда және бір-бірімен байланыста түсініп, осы үрдістегі күрделі мәселелерді дидактикалық бағдарда шеше білетін маманның тұлғасы педагогикалық практика кезінде қалыптасады.
Орыстың белгілі ғалымдары, тіпті сонау Крупская Н.К. [1], К.Д.Ушинскийден [2] бастап, кеңестік дәуірде Сухамлинский В.А. [3], Каменский Я.А. [4]. А.С.Макаренка [5] т.б. атақты педагог классиктердің бәрі де жоғары оқу орынында білім мен біліктілікті жетілдірудің және мұғалім кадрлердің болашақтағы өз ісіне дайын болуының негізі педагогикалық практиканың дұрыс ұйымдастырылуына байланысты екенін атап айтқан. Солай бола тұрғанмен, әрбір мамандықты дайындауға арналған педагогикалық практиканың өзіндік ерекшелігі, мазмұны, жүйесі бар. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру

Кіріспе
Білім мен тәрбе берудің ең басты міндеті – мектептің іс-әрекетіне психологиялық тұрғыда ықпал ету. Мұның дәлелі – қазіргі кезде мектепте жүргізіліп жатқан психологиялық-педагогикалық жұмыстар. Психологияда алға қойылған мақсат әр оқушының жеке адамдық қасиеттерін жан-жақты жүйелі зерттей отырып, оларды дамуына қолайлы жағдай туғызу. Бұған тек психологтар ғана емес, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің және ата-аналарды ықпалы зор. Жеткінектерді жай-күйін, ынтасын, ықыласын, қызығушылығын есерсек олар жалаң теориямен оқуға ынталы емес. Сол себепті олардың білім алуға белсенділігі мұғалімнің талабына, оқушымен қарым-қатынас орната алу шеберлігіне байланысты. Бұл үшін мұғалім психолог болу қажет.
Шығармашылық адамын тәрбелеу мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бұл процесті жаңа технологиямен ұйымдастырудың маңызы зор. Оқушы ұстаз жетекшілігімен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Сол себепті қабілетті дер езінде байқап, оның дамуына түрткі бола білу керек. ....

Курстық жұмыстар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Кітап және әдебиет пәнінің мұғалімі

- Он бірінші сыныбыңа мұқият бол, - деді мектепке енді келген бұған ағайы. - Оқулыққа сенбей-ақ қой. Қазір өтпелі кезең. Ендігі жерде кеңестік әдебиетке бұрынғы көзқараспен қарай алмайсың. Ал оқулық бұрынғы ізбен жазылған. Сондықтан, мүмкіндігі келгенше, балаларға өзің дәріс оқы.

Ұстаздың айтқаны дұрыс. Кеңестік әдебиет - әдебиет тарихындағы өте бір күрделі кезең. Ал мектептің он бірінші сыныбы нақ осы кезеңге келіп тірелетін.

Бір кезде өзіне де әдебиеттен сабақ берген байырғы әдебиет пәнінің мұғалімі бұл ақыл-кеңесін зейнет демалысына шығып бара жатқанда айтқан еді. Жоқ, бұл кісі зейнет демалысына бұдан бұрын шыққан болатын. Өткенде ғана ұстаздар күні мерекесінде осы кісінің зейнет демалысына шығуына байланысты құрмет көрсетілді емес пе. Аудандық білім бөлімінен адам келіп қатысты. Бірақ бұл кісінің әдебиет пәнінің маманы ретіндегі бай тәжірибесін мектеп басшылығы әлі де пайдалана беруге қарсы емес еді. Дегенмен ұстаздың өзі екі тоқсан сабақ бергеннен кейін, мектеп .....
Әңгімелер
Толық

Жаңа формация мұғалімі – шығармашыл тұлға

Жаңа формация мұғалімі дегеніміз – қолына уақыт пен кеңістіктің
байланысын ұстаған АЛЫП, кіршіксіз балалық әлеміндегі күш-қуат пен
ақылды, талантты ашқан КОЛУМБ, барлық күрделі нәрсені қарапайым
тілмен жеткізе білетін ДАНАГӨЙ, жалынды сөздері мен жастарды ерлікке
жетелейтін ШЕШЕН, дүниенің жанды .......
Баяндамалар
Толық