Математика | Бастауыш мектеп математикасын оқыту

K I P I С П Е
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасымен барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы туралы Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігіне арттыру қажет деп атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі кездс математика негіздерін меңгерту жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің негізі болып табылатындығы туралы Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көңіл аударылған. Көптеген елдерде математикадан жүйелі де сапалы білім беруге аса назар аударылып отырғаны белгілі. Бұл жөнінде дүниежүзілік тәжірибеде үш тенденция байқалады: барлық оқушыларға математикадан бір дәрежеде білім берудің қажеттілігі және оған сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарды кеңінен жүргізу; математиканы негізгі курс ретінде жалпы білім беретін мектептердің барлық сатысының оқу жоспарларына енгізу; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілеттің дамуын зерттеу

Кіріспе
Тәуелсіз мемлекетіміздің саяси – экономикалық, әлеуметтік даму жағдайының ерекшеліктеріне қарай бұл күнде халыққа білім беру саласы және оның әр буыны үлкен өзгерістерге ұшырауда. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамдарда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Сонымен қатар жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін дамыту болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педгогика | Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс - әрекетін ұйымдастыру әдістемесі

1. Ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттің мәні.
Диалектиканың қарма – қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез – келген нәрсені,құбылыс,процесс қарма – қарсы,бірін – бірі жоққа шығару және бір мезгілде өзара қарым – қатынаста болатын қарама – қарсы жақтардың қарама – қайшылықтың бірлігі болып табылады.Оқушылардың танымдық іс - әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама – қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама – қайшылықтарымен сипатталады.Әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу – тәрбие процесінде жүзеге асырылады.Микро жүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама – қайшылықтарында кездесіп отырады.Оқу – тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама – қайшылықтарын оқушыларды оқу – танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды,кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбыларымен қарым – қатынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен,ал оқушылар бір – бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Математика | Бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару арқылы оқушыларды ойлауға үйрету

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз кажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - делінген.
Ал мектеп бағдарламасы анықтайтын математикалық білімін, іскерлік пен машықтың барлық жүйесін оқушылардың терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету; математикалық тілді меңгеруге үйрету; оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындагы қатынастарды өздігінен орнату, іскерліктерін шыңдау, стандарт емес есептерді шығаруға , проблемалық ахуалдарға бағдарлануды үйрету; оқушылардың нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеруіне көмектесу екенін ескерер болсақ, онда оқушыларды ойлауға үйрету маңызды мәселе.
Қазақстан Республикасы білім стандартында анықталғандай математиканы оқыту төмендегідей мақсаттармен анықталады:
1. Ақиқатты танудың математикалық әдістері туралы оқушыларға
мағлұмат беру. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Физика | Бастапқы градиент айнымалы болған кездегі копторлық multigrid сандық әдісі

КІРІСПЕ
Сансыз көп рет есептеулер мен лабораториялық тәжірибелік мәліметтер негізінде жылдамдық фильтрациясы қысым градиенті модулімен индикаторлық қисықты келесі түрде схематикалық бейнелеуге болады. функциясы координат басынын абсцисса өсіне жантайлап барып, асимптоталық түрде монотонды өседі және мынадай қисық көрінісінде болады. (сур. 1.)
1-сурет. Сұйық жылдамдығының қысымға тәуелділігі
Қысым градиенті модулінің аз мәнінде бұл қисық абсцисса өсіне қарай аз ғана жантайып, жылжу градиенті деп аталатын кейбір қысым градиентімодулінің ( мәніне жетіп содан кейін жылдам өсе бастайды. Сондықтан келесі суретті көз алдымызға келтіруге болады. Қысым градиенті аз болғанда, сүзу қабатындағы қысым градиентінің айқын мөлшері байқалады. Ал қысым градиентінің үлкен немесе тең мәнінде, ТПС сүзу қабатында жылдам өзгерісті байқаймыз: сүзу жылдамдығы елеулі түрде өседі және оның қысым градиентіне тәуелділігі асимптоталық түрде сызыққа жақындайды. Жоғарыдағы айтылғандардың нәтижесінде индикаторлық қисыққа [1] әр түлі аппроксимациялау тәсілдерін қолдануға болады.
1953ж. А.Х.Мирзаджанзаде [2] феноменологиялық ТПС сүзу теориясын жылжу градиентімен сүзу пішіні негізінде ұсынды. Бұл пішінмен келісе отырып, тәжірибелік тәуелділік асимптота графигімен сәйкес келетін және абсцисса өсінің оң бөлігіндегі кесіп алынған кесінді шамасы тең болатын жарты түзумен аппроксимацияланады.Қазіргі жағдайда Дарсидің сызықтық емес заңы мыны түрде жазылыды: ....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Басқару стилі мемлекет басқарудың ажырамас бөлігі

КІРІСПЕ
Басшылық – бұл басшының мақсатқа жету бағытында және жеке мақсаттары жалпы мақсатпен ұйымдастыру жолында өзіне бағыныштыларын нақты іс-қызметтерге итермелейтін, сезімдерін оятатын шараларының жиынтығын білдіру.
Басшылық тәсілдері:
Иелік жасау. Басшы өзінің қызметкерлеріне, бағыныштыларына нені жасау, нені жасамау және қандай жағдайда не істеу керек екендігін көрсетеді, тапсырады.
Түсіндіріп тарату – ауыртпашылық ортасы (нүктесі) тікелей кестеден адамдармен өз еріктеріне, ынталарына ауады. Мұнда басшы үлкен белсенділік көрсетеді.
Түсіндіріп беру, ақыл айту (беру) – бұл адамдар, ұжымдар, өз еріктерімен жұмыс жасап, өзін-өзі бақылай алу деңгейіне жетуі.
Кей жағдайларда басшы билік жүргізу, беруден бас тартады, сөйтіп белгілі шешімдерді қабылдауда, шешуде өзінің қызметтеріне өкілеттілік беріп, оларға проблеманы (мәселені) шешуде белгілі дәрежедегі жауапкершілік жүктейді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Ақпараттық жүйе | БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ

КІРІСПЕ
Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, элеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы – кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы –қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды.
Адам шаруашылығының ақпараттық процесстерінің сапалы атқарылуы қазіргі заманғы дербес электронды есептеуіш машиналарын, телекоммуникация жүйелері мен электронды есептеуіш машиналарының желілерін құруға байланысты болып табылады. Осыған байланысты қоғам ақпараттандырудың бірқатар мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуі қажет.
....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктік несиелердің қайтымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен формалары

КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы "Банктік несиелердің қайтымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен формалары"
Несие нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілермен қатар мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасын іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнының қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының түбін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Қазіргі кезде шаруашылықта несие ақша түрінде берілуде. Несие ақшалай қаражаттардың екі жақты қозғалысын , яғни қаражаттың уақытша және уақыт өткен соң қайтарылуын білдірсе, ал қаржы сол қаражаттың бір жақты қозғалысын білдіреді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктердің пассивтік операцияларының құрылымы және жалпы сипаттамасы.Депозиттік және депозиттік емес операциялар

Кіріспе
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды.Қазақстан банктерінің депозиттік операциялары пассивтік операциялардың ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік агенттер есебін қамтиды.Сондықтан Қазақстан банктері депозиттермен айналыспас бұрын депозиттік саясат құрып қалыптсатырып отыруы керек. Депозиттік саясат дегеніміз- коммерциялық банктердің нарықтық ортада сырттан қаржат тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылған іс-әрекеттердің жиынтығы.
Банк жүйесінің капиталдануы дамып отырса да, әлі де көптеген кемшіліктердің бар екндігін атап айтуға болады. Бұл жіберіліп отырған кемшіліктер Қазақстан Республикасының Нарықтық экономика жолына түскеніне онша көп бола қоймағандығымен түсіндіріледі.
Осы тақырыптың ең бір өзекті проблемалы мәселенің бірі - ол банктік жүйенің халық пен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерін, яғни депозиттік салымдарын қайтарып беру бойынша кейбір жағдайларда өз міндеттемелерін мезгілінде орындай алмай қалып отыруында болып тұр. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктерге және банк жүйесіне сипаттама

Кіріспе
Банктерге және банк жүйесіне сипаттама.
Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіпорны, мекеме, дейді; екіншілері - экономикалық басқару орны, -дейді; үшіншілері - делдалдық үйым,- дейді. Төртіншілері — несиелік кәсіпорны деп сипаттайды. Ал, күнделікті тұрмыста банкті ақша қоймасы деп түсінеді. Бірақ осы келтірілген пікірлердің бәрі де банктің не істейтіндігін, оның қандай операциялар жүргізетіндігін ғана анықтайды. Негізінде, банктің мазмүнын түсіну үшін, алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшауланушылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде, осы заманның белгілі экономисі, Ресей Академигі О.И. Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты: "Банк ақшалай, несиелік жоне қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз, есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырған ақша шаруашылығының даму сатысы. Банк, басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығаратын айрықша кәсіпорын. Ол тек тауар емес, ерекше тауар - ақша және есеп айырысудың құралдарың шығарады". ....
Курстық жұмыстар
Толық