«Қазақ тілі» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс. Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын оқулыққа сай таңдап құрастырады және таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады. Жылдық жүктеме 68 сағат, аптасына 2 сағат.
Мен 2 сыныпта оқимын. Ұлтым қазақ. Танымдық дүнием әлі де толмағанымен, айналадағы болмыста орын алып жатқан оқиғаларға басымды бұрып отырамын. Отбасымда үлкендердің әңгімесіне жиі құлақ салып отырамын. Одан сомдағаным, біршама елдерде тыныштық күйі жоғалып, халықтың тыныштығы бұзылды. Бір-біріне қол көтерген бауырластар, басшының сөзін далаға тастап, елдің шырқын шығаруда. Себептері қандай? Менің ойымша, ең алдымен адамдардың бірін-бірі тыңдамауы, жеке ойларын құрметтемеуі. Былайша айтқанда ауыз бірлігінің болмауы... Осы орайда, біз үшін маңызды міндет - ел тұрғындарының бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін сіңдіру, Қазақстан халықтарының өзара татулық, түсіністік, ынтымақтастық рухта өмір сүруге.....
Тәуелсіз қазақ елінің жері кең екені бәрімізге мәлім. Осындай байтақ жердің әр мекенінің топырағы киелі. Солардың бірі қазақ халқы үшін қасиетті болып саналатын Қарасаз ауылы. Қасиетті Қарасаз аталу себебі бұл жерде ақиық ақын, қазақ әдебиетінің өр тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың кіндік қаны тамған жер.......
Табиғаттың жаңарып, қайта түлеу мезгілі-көктеммен бірге келетін Наурыз мерекесі тек қазақ халқына емес, сонымен қатар күллі түркі жұртына ортақ мұра, ортақ мереке. Наурыз мерекесі - жер ана мен адамзат арасындағы үндестікті көрсетеді. Парсы тілінен аударғанда «Наурыз» сөзі - «жаңа күн» деген мағына береді. Осынау ұлы мерекенің тойлануы осыдан 3000 жыл бұрын бастау алған. Наурыз ежелден жаңарудың, бейбітшіліктің, пәктіктің мерекесі ретінде тойланып келеді. Сондықтан наурыз айын түркі тілдес халықтар жыл басы деп біледі. ......
1945 жылы мамырдың 9-ында Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды. Бұл нағыз Ұлы Жеңіс болды. Сондықтан да осы күнді халықтар жыл сайын мейрамдап келеді. Біздің қазақтар соғысқа қатысып, ерлік көрсетті.......