География | Қорғалжын қорығының физикалық географиялық жағдайы

Қорғалжын мемлекеттік қорығы 1958 жылы құрылған. Қорықта дала зонасы ландшафты табиғи күйінде сақталған. Қорықтың жер көлемі 237 мың гектар. Ол Ақмола, Қарағанды облыстарының аумағына кіретін Қорғалжын, Теңіз көлдері мен Қоғалжын ойпатының жазық далалы аймағын қамтиды. Қорықта ағаш жоқ дерлік. Теңіз көлінің айналасындағы батпақта кішкене аралдар көп, олар құстардың ұя салып, балапан басуына өте қолайлы. Теңіз көлі дүние жүзінде қызғылт қоқиқаздың қиыр солтүстікте ұя салатын бірден бір жері.
Теңіз көлі тайыз, суы ащы. Ал Қорғалжын көлінің суы тұщы, оның жағалауында қамыс қалың өседі. Қорықта өсімдіктің 235 түрі, аңның – 35, құстың -265, бауырымен жорғалаушылардың -5, қосмекенділердің -2,балықтың -10 түрі бар.
Жұмыстың мақсаты –Қорғалжын мемлекеттік қорығына жалпы сипаттама бере отырып, оның физикалық – географиялық ерекшеліктеріне талдау жасау.
Жұмыстың міндеті – Қорғалжын мемлекеттік қорығының рельефі, климат жағдайларына, фаунасы мен флорасына сипаттама жасау.
Жұмыстың өзектілігі – Қорғалжын мемлекеттік қорығының маңызын, Қорғалжын–Теңіз көл бассейндерін, ондағы аудандарды тиімді пайдалану мүмкіншіліктері мен жолдарын қарастыру.
Жұмысты орындау барысында В.Хроков «Кургальджино », Ә.Жумадилов; А.Бекенова; Х.Қыдырбаев «Қазақстан қорықтары» кітабы негізгі әдебиет көзі болып табылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық