Құқық | Қазақстан Республикасы Конституциясының жалпы сипаттамасы

Қазан төңкерісінен күні бүгінге дейін тарихымызда бес Конституция қабылданған екен. Үшеуі – қазақ Кеңес Социалистік Республикасының 1924 жылғы Конституциясы, 1937-1978 жылдары қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциялары.
Бір сөзбен айтқанда, тәуелсіздік жағдайында өміріміздің он екі жылы ішінде біз екі Конституция қабылдадық. Соңғы Конституция бүкіл халық қабылданған заң болғандықтан, оның қағидаларын міндетті түрде ақиқат өмір талаптарына сәйкес орындау мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың сондай-ақ республикасының барша азаматтарының бұлжымас борышы болып табылады.
Сондықтан да біздің Заң алдында есеп беруіміз, бақылауында болуымыз керек. Мемлекет алдында, Заңға бағынуымыз шарт.
1990-1991 жылдардың саяси оқиғаларға толы болғаны белгілі. Олардың қатарында «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның жариялануын, КСРО – ның ыдырауын, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының» қабылдануын жатқызуға болады. Қазір біз тәуелсіздік атты бүкілхалықтық игі мұратқа қол жеткізген сол жылдарды еске түсірудеміз. Содан бергі дөңгелетіп айтатын он екі жыл уақыт өтіпті. Бұл тарих дамуы тұрғысынан қарағанда қас қағым сәт қана болса да, өткенімізді саралап, алдағымызды болжау үшін белгілі бір қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін мерзім.
Саяси оқиғаның екінші сатысы – 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының» қабылдануы.
Ол егемендіктің халықаралық деңгейі заңдандырылуын, мемлекеттік дүниежүзілік интеграцияға төте араласуын, халықаралық ұйымдарға тікелей мүше болып, халықаралық субъект ретінде әрекет ете алуын дәйектейді. Егемендіктің жариялануы мен тәуелсіздік туралы Заңның қабылдану күндері Қазақстанның өз ішіндегі жағдайларға сәйкестендіріліп белгіленеді. Демек, егемендік пен тәуелсіздік тиісінше 1990 жылдың 25 қазаны мен 1991 жылдың 16 желтоқсаны күндерінің ғана оқиғалары емес. Аталаған даталар шартты, қабылдануы да әбден мүмкін еді. Осыған қатысты бір ескерте кететін жай – аталған даталардың шарттылығы егемендіктің де, тәуелсіздіктің де, олар аталатын күндердің де мәртебесіне нұқсан келтіре алмайды. Бұл жерде мәселе тек оқиға тұтастығын, демек, Егемендік пен Тәуелсіздіктің, сонау 1985 жылдың көктемімен 1991 жылдың аяғына дейін созылған қоғамдық даму үрдісінің нәтижесі екендігін тұшынып, сезінуде деп білу керек.
Тәуелсіздік – Қазақстаннның еркіндік пен теңдік аңсаған әр азаматтың тарихи арманы. Тәуелсіздік – біздің әрқайсымыздың өмірлік мұратымыз, рухани қуатымыз, ойымызбен жан дүниеміздің аңсары. Тәуелсіздік – баға жетпес рухани құндылық. Біздің бәріміздің тағдырымыз Отанымыздың тәуелсіздігімен тікелей байланысты. Сондықтан Тәуелсіздік әр ақынды шабытқа жетелейді, әр сазгерді сиқырлы әуеннің тұңғиығына шомылдырады, әр ғалымды зерттеулердің теріне батырады, әр мұғалімнің сезімін желпінтеді, әр шәкірттің көзіне ұшқын ұялатады. ....
Курстық жұмыстар
Толық