Экономика | Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несие қатынастарындағы рөлі

Егеменді Қазақстан Республикасы басынан шиленістер мен аңғалдықтарды аз кешірген жоқ. Ендігі таңда еліміз тұрақталып, шаруашылық белсенділікке түсуде. әрбір мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізіде қажетті рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады.
Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін несие мекемелері құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады.
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі оның аумағында КСРО несиелік жүйесінің филиалдары мен бөлімдері жұмыс жасады. Жетпіс жыл бойы республикадағы несиелік - банктік қызметте қатаң орталықтандыру және шоғырландыру, әкімшілдік ұсақ регламенттік әдістері орын алып, бір деңгейлі банктік жүйе қызмет етті. Банктер нарықтық экононмикада делдал болып табылады және қоғамның барлық капиталын иеленетін монополистерге айналды.
Банктердің нарықтық экононмикадығы рөлі мемлекеттік меншікті реформалаудағы, инфляцияны төмендетудегі және тағы басқа байланысты экономиканы басқару орган ретінде көрінеді.
Қазақстанда банктік реформаны жүргізу нәтижесінде екі деңгейлі банктік жүйе құрылды. Ұлттық банк (жоғары деңгей) және коммерциялық банктер (төменгі деңгей).
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер тарабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
Қоғамның барлық даму деңгейінде оның белсенділігі коммерциялық банктердің іс-әрекетімен сабақтасып, байланысып отырады. Көптеген несиелеу, жинақтау, ақша қаражатын шоғырландырып, есеп жұмыстарын жүргізетін бірден-бір ор ....
Курстық жұмыстар
Толық