Банк ісі | Әлем елдерінде және Қазақстанда лизингтік қатынастар

Кіріспе
Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылық салаларындағы кәсіпорындардың қаржылары болып табылады. Міне осы буында нақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түсуінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселелерінің бірі, экономиканың базалық және басыңқылы салаларындағы негізгі құралдардың физикалық және моральды тозуы. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басыңқы шаралардың бірі инвестицияларды пайдалану деп айтқан. Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржаландыру түріне айналады.
Осы курс жұмысында Қазақстанның лизинг арқылы инвестицияларды тартудың тәжірибесін; лизингтің пайда болуы, табиғаты және түрлерін; Республикамыздағы лизингтік нарықтың қалыптасуы мен дамуындағы қолдаушы және кедергі факторларға талдау жүргізілген.
Бұл тақырыпты таңдауымның негізгі себептері, біріншіден Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілген жоқ; екіншіден лизинг арқылы экономиканы инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп есептеймін.....
Курстық жұмыстар
Толық