Психология | Тіл дамыту әдістемесінің психологиялық негіздері

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін тәрбиеші топтағы барлық балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білу қажет. Сонда кейбір балаларға ішінара бақылау, тексеру жүргізу арқылы бағдарламалық материалдардың қандай дәрежеде меңгеріліп жатқандығын, сабақ барысында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің, дидактикалық ойын-жаттығулардың тиімді-тиімсіздігін анықтай алады.
Зерттеудің мақсаты: Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасы мен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», — деп көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ушинский.
Зерттеу міндеті: «Тіл» немесе «тіл дамыту» — пән аралық түсінік: ол лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттеуі осы жұмыстың зерттеу міндеті болып табылады.
Зерттеудің теориялық қолданымы: Психиканың бір жастық сатыдан екінші сатыға дамуы танымдық процестердің, сөйлеудің сондай – ақ сезімталдық еріктік сфераның жетілуін көрсетеді. Тілді дер кезінде және сапалы менгеру балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін жақсы дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық