Экономика | Жеңіл және тоқыма өнеркәсіп бұйымдары кәсіпорындарының ресурстары

Кіріспе
Тоқыма материалдарының технологиясы - талшықтар мен жіптерден иірім жіп, ширатпа жіп, мата, беймата материалдар мен басқа тоқыма бұйымдар өндірісінде қолданылатын жабдықтар мен процестер туралы.
Тоқыма өнеркәсібінің барлық саласы бірнеше өндірістен тұрады.
Мақта – мата өнеркәсібінің құрамына кіретін өндірістерге келесі түрлері ждатады:
1) Тоқыма талшықтарды алғашқы өңдеу өндірісі. Бұл өндіріске шитті мақтаны тазарту және талшықты тұқымынан бөліп алу, оларды будаларға буып – түю, мақта тазарту заводтары жатады.
2) Мақта иіру өндірісі – мақта және химиялық талшықтардан иірімжіп қалыптастыруды қамтамасыз ететін пневматикалық және механикалық технологиялық процестердің жиынтығы.
3) Мақта тоқу өндірісі – негізінен жалаң қабатты немесе ширатпа мақта, мақта және химиялық талшықтардан аралас жіптерден мақта – матасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін механикалық процестердің жиынтығы.
4) Бояу өңдеу өндірісі – матаны бояу арқылы түс, өрнек басу және өңдеуді қамтамасыз ететін механикалық, жылу және химиялық процестердің жиынтығы.
Тоқыма өнеркәсібінде негізінен екі ұғым кең қолданылады: өндірістік процесс және технологиялық процесс.
Өндірістік процесс – бастапқы тоқыма материалдар және жартылай өңделген заттардың белгілі бір бұйымдарға айналдыратын технологиялық процестердің жиынтығы. ....
Курстық жұмыстар
Толық