Неке және отбасы заңы | Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы

КІРІСПЕ
Отбасы - әлеуметтік институттардың белгілерін бойына сіңірген, әлеуметтік жүйенің маңызды саласы. Отбасы – қоғамдық құрылымның шағын, ерекше үлгісі, сонымен қатар адамдардың өзара қарым-қатынаста болатын тұрақты тобы, қоғамның алғашқы ұясы. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасу қажет.
Неке - әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың табиғи шарты, өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы.
Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі, ерлі-зайыптылардың өзара түсінісуінің, еріктілігінің негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмірінің қажеттілігі. Неке ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншіліктің адамгершілік, эстетикалық қатынастың ұйытқысы [1].
Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы заңының 1-бабында неке деген ұғымға мынадай түсінік берілген:
Неке - ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ [2].
Неке біздің елімізде тіркеуден (ЗАГС) өтеді. ЗАГС арқылы некеге тұру (тіркелу) қазіргі азаматтық заңдардан туындаған. Себебі ажырасқан жағдайда ол негізгі құжат болып саналады. Балаға материалдық кепілдеме алу, дүние-мүлікті бөлісу соның негізінде, сот арқылы шешіледі.
Қалай болғанда да, некенің заң жүзінде немесе дін орындары арқылы тіркелуі жұбайлардың отбасындағы белгілі міндеттерін қалыптастырады, жауапкершілігін арттырады.....
Курстық жұмыстар
Толық