Психология | Бастауыш сынын жасындағы балалардағы ақыл-ес дамуының қайнар көздері

1.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясындағы мақсат,эмоция және қызығушылықтардың рөлі.
Балада өзінің оқу жұмысының жекелеген кезеңдеріне мақсат қою ептілігі болмаса, мотивтің қатысуы жеткіліксіз болады. Әсіресе бастауыш мектепте балада оқу еңбегінің жекелеген жақтарына бағыттылық қалыптасқанымен, ол осы оқу мотивтерін жүзеге асыра алмайды: мақсат қоюды, оларды негіздеуді, басты және қосымша мақсатын анықтауды білмейді, т.б. Мұғалім балаларды өздерінің мотивтерін мақсаттың жүйелілігі, бірізділігі арқылы іске асыруга үйретуі тиіс.
Мақсат қою — бұл баланың ерекше мінез-құлқының сипаттамасы бала өмірде белгілі бір мақсат қоюды практика жүзінде үйренеді. Бірақ мақсаттар бір-біріне ұқсамайды. Мотив сияқты мақсат та өзінің мазмұны бойынша ажыратылады, бала өз бетінше мақсат қоюы және жүзеге асыруы мүмкін, бірақ осы мақсаттар біздің тұлғалық адамгершілік туралы түсінігімізбен сәйкес келмеуі де мүмкін.
Мақсат қою процесінің нақты қай жағы оқудың мотивациялық сферасында көрінуі тиіс және қандай ептілікке сәйкес баланы оқытуға болады?
1. Мақсатты әлеуметтік қоғамдағы баланың өзін-өзі тәрбиелеу міндеттеріне сәйкес таңдау.
2. Мұғалім қойған мақсатты қабылдау және түсіну; мұғалім мақсатын ұзақ уақыт бойы ұстау, сақтау, оған өзінің мінез-құлқын бағындыру.
3. Мақсатты өз бетінше қою (білім беру), осыған байланысты әрекеттің басталуына дейінгі мақсатты ойша елестетуді, мақсатты сезінуді, оны қалыптастыруды үйрену. ....
Курстық жұмыстар
Толық