Тарих | Алдыңғы Азиядағы мамлюктер

Мәмлүк сөзі ислам тарихында үлкен рөл ойнаған "ақ құлдарға" - қатысты айтылатын сөз болып табылады. Мәмлүк сөзі араб тілінде "мамлук" - иеліктегі деген мағынаны білдіреді. Бастапқы кезде бұл-сөз "абд мамлук" деген тіркестегі "иеліктегі құл" деген мағынаны білдірсе, уақыт өте келе "мәмлук" сөзі субстантивтеніп, "абд" - құл сөзіне қарама-қарсы тек әскери мақсаттарға пайдаланылатын құлдарға қатысты айтылатын терминге, одан соң осы мәмлүктердің мемлекеттік құрылымдағы әлеуметтік орындарының жоғарылауына байланысты ресми титулға айналған. Мысалы, сұлтан Бейбарыстың хатшысы Ибн Абдузахир шығармаларында өзін "кіші мәмлүк" деп көрсетеді. Құлдан туған ғана құл саналған, ал мәмлүк азат жанұяда өмірге келіп, кейіннен тұтқынға түскен немесе жастай құл базарында сатылған адам. Мәмлүк сөзін сұлтандар да өздерінің титулдарына қосып жазатын болған. "Малака" иелену, билеу деген етістіктің есімше формасы. Мәлік, мүлк, мемлекет деген сөздер де осы түбірден өрбиді. (1)....
Курстық жұмыстар
Толық