Мысал ертегі: Шымшық пен көгершін

Құламерген айдалада, жапан түзде аң аулап, сейіл құрады екен. Оның баласы Жоямерген әкесінің таяғын ұстап жастай-ақ аңсақ болған екен. Ол түрлі құстарға тор, тұзақ құрып ұстап алады екен. Бір күні құрып қойған торына кішкене шымшық оралып қалыпты. Ол сорлы тордан шыға алмайды, оралып жата береді, бір мезгілде оның қасына көгершін келеді. Бұның торға оралып жатқанын көреді. Ол анадай тұрып шымшыққа ұрсып табалайды:

– Әй, ақымақ, есалаң, қазір күн талтүс емес пе? Түн болса бір шарт. Күндіз торды көрмей оралып екі көзіңді шел қаптады ма? Аяғыңның астына қарап, ана сығырайған көздеріңді ашып жүрсең етті. Енді сен күшікті кім шығарып алады. Бәрібір бүгін мен сені әуреленіп шығарсам да сен есалаң ертең тағы шоқақтап, ебелектеп жүріп торға түсесің ғой.....
Ертегілер
Толық

Мысал ертегі: Көгершін

Ілгері кезде бірнеше көк кептер, ішінде патшасымен бір жерде мекен қылып жатыпты. Күндерде бір күн араларынан бір топ кептерлер бір жаққа жолаушы барып келіп, мұндағы кептерлерге көрісіп, есендік сұрасып болғаннан кейін, барып келген жерлерінен хабар айтып, сөз арасында айтыпты:

– Бір керуен сарай бар екен, сол сарайдағы керуендер көшіп, сарайын қалдырып басқа жаққа кетіпті. Ол сарай иесіз қалыпты. Қанша заманнан бері халық мекен қылған жер сарайларында есепсіз дәндер төгіліп қалыпты. Енді бізге ұқсас құстар мекен қылуға тиісті болыпты, – деп, мұндағы кептерлерге айтып өтініпті. – Көптерің мақұл десеңдер, патшаға айтып, енді сол сарайға көшсек, үш-төрт күнде жетіп барып рахатта болар едік, – дейді. Оған баршасы барғандарын мақұл көріп, патшасына арыз қылыпты: «Сыйлы біздің патшамыз, бізден бірнеше кептерлер жолаушы барып келген еді, сол жолаушылар бір жақсы хош хабар айтып келді. Бір керуен сарай бар екен, сол сарайдың адамдары кетіп, сарайы босқа қалыпты. Қанша төгілген астықтары бар дейді. Мына көп жұртыңыз өтінеді, сізден рұхсат болса, сол сарайға көшіп барып, сол сарайда мекен қылсақ, үш-төрт күндік жол екен деп, сізден тілек қыламыз. Ендігі әмір өзіңізден», – деп сөздерін бітіріпті. Ол кезде патшасы жауап қылады....
Ертегілер
Толық